Мониторингтi жүргiзу үшiн облигацияларды ұстаушылардың өкілі сол сияқты қарыз және концессиялық жобаның тәуекел шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерiн пайдалануы мүмкiн.
686. Қажет болған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
687. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы ұсынылған көрсеткiштер негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметiнiң ұқсас бейiнiмен және осы коэффициенттердiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзедi.
688. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі тоқсан сайын қарыз алушылардың қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Әлеуетті төлем қабiлетi жоқ қарыз алушы анықталған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне хабарлайды және мемлекет кепiлгерлігімен тартылған сыйақы төлеу және қарызды өтеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшiн шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
75-тарау. ?кіметтiк қарыздарды, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алуды, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi өтеу, оларға қызмет көрсету, жоспарлау тәртібі
689. Осы тарау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (бұдан әрi - үкiметтiк қарыздар), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары) және мемлекеттік кепiлдiктермен (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар), республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттің кепілгерлігімен (бұдан әрі - мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздар) қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдерді, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi жоспарлау, жүзеге асыру рәсiмдерiн белгiлейдi.
690. Үкiметтiк қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдердi жоспарлау, жүзеге асыру рәсiмдерi қарыз шарттарын жасасу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында несие капиталының iшкi және сыртқы нарықтарындағы қарыз алу арқылы тартылған қарыздар үшiн ортақ.
691. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражатының есебiнен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негiзiнде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырады.
692. ?кіметтiк қарыздарды, алдағы өтеу және оларға қызмет көрсету үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi көлемiн жоспарлауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, үкiметтiк қарыздарды өтеу және қызмет көрсету үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді алдағы көлемiнiң болжамдық есептерi негiзiнде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
693. Жүргiзiлетiн есептеулер есептеулерiнiң алдағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша үкiметтiк борыш мониторингiнiң деректерiне, үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражатты игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштер болжамына негiзделедi.
694. Үкiметтiк сыртқы қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражатын игеру болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган инвестициялық жобаларды iске асыру кестесiне, үкiметтiк iшкi қарыздардың түсу болжамын - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемiнің болжамына негiздей отырып анықтайды.
695. Республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер, ұлттық валюта бағамы жоспарланған жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдерімен анықталады.
696. Жоспарланып отырған жылы үкiметтiк iшкi қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету көлемдерiн есептеудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) әрбiр қолданыстағы үкiметтiк қарыз бойынша қарыз қаражатының игерiлмеген көлемдерiн жылдар бойынша болжамдық бөлудi жүргiзедi;
2) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде үкiметтiк қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) үкiметтiк қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiнiң есептеулерi жүргiзiледi;
4) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзіледi. Егер, қаржы шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз беру валютасында жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған үкiметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептелері алдындағы тоқсанның соңында және АҚШ долларының болжамды орташа жылдық бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамдары пайдаланылады;
6) үкiметтiк қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негiзiнде қарыз беру мен сыйақы ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып, үкiметтiк қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептеулерi жүргiзiледi.
697. Жоспарланған жылы үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердiң мерзiмi мен көлемiн есептеудi үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер шарттарының негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
698. Үкіметтік қарыздарды өтеудің және оған қызмет көрсетудің, сондай-ақ жоспарланып отырған жылғы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі төлемдердің жалпы көлемі 696 және 697-тармақтарға сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде анықталады.
699. Жоспарланып отырған жылғы үкiметтiк қарыздарға қызмет көрсетудiң және үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерін жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді. Үкіметтік қарыздарды өтеудің жалпы көлемі «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi бойынша республикалық бюджетте көрсетiледi.
700. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептеулері негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
701. Жүргiзiлетiн есептеулер тоқсанның алдындағы есептеулердi соңындағы жәй-күй бойынша жергiлiктi атқарушы органдар борышы мониторингiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетiн қаражатты игеру болжамының, жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiнiң деректерiне негiзделедi.
702. Алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдерiмен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған кезекті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері ескерiле отырып анықталады.
703. Жоспарланып отырған жылы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерi мынадай түрде жүргiзiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбiр қолданыстағы қарызы бойынша игерiлмеген қарыз қаражатын игеру көлемдерiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемi анықталады;
3) жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулерi жүргiзiледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемі теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) қарыздарды берудiң орташа шарттарын және сыйақы ставкасын пайдалана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тартуға ұйғарылып отырған қаражатты игерудiң көлемінің болжамы негiзiнде тартуға ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмi мен көлемiн есептеу жүргiзiледi.
704. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету мерзiмi және көлемi негiзiнде жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
705. Жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеудiң жалпы көлемi «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi бойынша жергiлiктi бюджеттерде көрсетiледi.
706. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды мемлекет кепілдiк берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн болжамды есептеулер негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
707. Жүргiзiлетiн есептемелер есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторингiнiң, қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң орындалу мүмкiндiгiн бағалау деректерiне негiзделедi.
708. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттердің) әрбiр қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз жөніндегі ақпаратының негiзiнде қарыз қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) қарыз шартының талаптары негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемдерi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыз және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыз бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының талаптары негiзiнде сыйақыны, комиссиялық және өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзiледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
709. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша алынған мiндеттемелердi орындаудың мерзiмi мен көлемiнiң, ықтимал бағалаудың негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарланып отырған жылы өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
710. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi.
711. Республикалық бюджеттен мемлекеттің кепілгерлігімен сыйақы төлеу және қарызды өтеу көлемiн жоспарлауды мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу көлемiн болжамды есептеу негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
712. Жүргiзiлетiн есептеулер есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепілгерлігімен борыш мониторингі деректерінде, қолданыстағы қарыз қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң орындалуы ықтимал бағалауда негiзделедi.
713. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепілгерлігімен сыйақы төлеу мен оны өтеу көлемiнің есептеулерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша әрбiр қолданыстағы облигацияларды ұстаушылардың өкілдері қарыз қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптары негiзiнде анықталады;
3) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру негiзiнде сыйақыны төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзiледi.
714. Мемлекеттік кепiлгерліктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың мерзiмi мен көлемiн, ықтималдылығын бағалау туралы алынған ақпараттың негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепілгерлігімен қарыздарға сыйақы төлеуге және өтеуге республикалық бюджеттен шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
715. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепiлгерлiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi.
76-тарау. Үкiметтiк қарыздарды, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібі
716. Үкiметтiк қарыздарды өтеудi және оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен ҚР ҰБ арқылы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
717. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы айдың жиырма бесіне дейін үкіметтік және Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген борышын, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты, сондай-ақ оларға сәйкес республикалық бюджеттің ақша жұмсауы жүзеге асырылатын, республикалық бюджет қаражатынан хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеу кестесін (бұдан әрі - кесте) алдағы тұрған айға осы Ереженің 108-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді. Кесте үкіметтік қарыздардың, хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеудің нақтыланған мерзімдері мен көлемдеріне сүйеніп жасалады және әрбір қарыз бен хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың бойынша төлемдердің күндері бойынша төлемнің түрін, валютасын және төлемді алушыларды көрсете отырып, болжамын қамтиды.
718. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының тиiстi айында үкiметтiк қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестiгiн тексередi. Жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттің түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзедi.
719. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдi жүзеге асыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлерден, контрагенттерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомісін және төлем жасау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
720. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлер, контрагенттер ұсынған шоттар мен төлем ведомосіндегі көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, валютасының, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарымен төлемдердi алушылардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
721. Төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомісінде көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, валютасының, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнiң сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлермен, контрагенттермен өзара әрекет ете отырып, кредит берушiлердiң төлемге ұсынылған шоттар мен төлем ведомосін нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
722. Қарыз шарттарында және үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердің, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптарында анықталған мерзімдерде үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ресiмдейдi және төлем құжаттарын ҚР ҰБ-ға бередi, онда үкiметтiк қарыздың, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiленiң бiрегейлендiру нөмiрi, бенефициар, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетiледi.
723. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан қарыз берушiнiң, сондай-ақ контрагенттердiң банктiк шотына талап етiлетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға төлем жасалған фактi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
724. Үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептiлiкте ұлттық валютада көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсетуді, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді шетелдiк валютада жүзеге асырған жағдайда, осы операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
725. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсетудi олар кезекті жылға арналған жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырады.
726. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiлерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомосінің және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
727. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады.
728. Ұсынылған шоттар мен төлем ведомосінде көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiлермен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
729. Қарыз шарттарында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiнiң шоттарына талап етiлетiн көлемде ақша аударуды қамтамасыз етедi.
730. Осы операцияларды жергiлiктi атқарушы органдар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiкте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, төлемдердi шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
731. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша жүргiзiлген төлемдердiң есебiн жүргiзедi.
732. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қырыздарды, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеу мен оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған кезде жүзеге асырылады.
733. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қырыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде, инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптарымен қарыз берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде республикалық бюджеттен кезекті қаржы жылының iшiнде жүзеге асырады.
Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) Банк республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыларды осындай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;