592. Жекелеген жағдайларда бюджеттік кредит бойынша берешектi өтеу есебiне өндiрiп алынған мүлiк Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде мемлекеттік меншiкке айналдыруға жатады.
593. Мүлiктi мемлекеттік меншiкке айналдыру кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган растайтын құжаттардың негiзiнде сенім бiлдiрiлген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, конкурстық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешектi өтеу есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен келісім жасасады.
594. Сенімхат негiзiнде әрекет ететiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның өкiлi осы Ереженiң 593-тармағында анықталған жасасқан келісімге сәйкес қабылдап алу-беру актiсi бойынша мүлiктi қабылдайды және мүлiкке меншiк құқығын тiркейдi.
595. Бюджеттік кредит бойынша берешектi өтеу есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке айналдыру кезiнде кредит берушi талаптарының мөлшерi мүлiк құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешектi өтеу есебiне мемлекеттік меншiкке айналдырылатын мүлiктi бағалау тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 595-1-тармақпен толықтырылды
595-1. Бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 595-2-тармақпен толықтырылды
595-2. Олар бойынша талаптар сот шешімдері негізінде тоқтатылған қарыз алушылардың берешектері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредит берушінің есептен шығаруына жатады.
12-бөлiм. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар
63-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 596-тармақ өзгертілді
596. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Банк - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға, мемлекет кепiлгерлігімен тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге өкiлеттiк берiлген банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
банк-кепiлгер - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi немесе шетелдiк банк. Қазақстан Республикасының кепiлдiк беретiн екiншi деңгейдегi банкiн қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган ұсынатын ақшалай нысанда атқаруды көздейтiн банктiк кепiлдемелер беруге заңды лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктердiң атауын қамтитын тiзбеден бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган анықтайды;
бизнес-жоспар - алдағы қарыз жылындағы төлемдер мен кiрiс көздерiнiң түрлерi туралы кесте қамтылатын алдағы қаржы жылына арналған қарыз алушы әзiрлейтiн құжат;
қарыз алушы - негiзгi борышты өтеу және сыйақыларды, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөніндегі мiндеттемелер жүктелген қарыз қаражатын алған қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан қарыз алушы болып бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган әрекет етедi;
кепiлгерлiк шарты - тараптардың мемлекет кепiлгерлiгiн беру туралы құқық қатынастарын, мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейтiн бюджетті атқару жөнiндегі уәкiлеттi орган мен мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыз бойынша облигациялар ұстаушылардың өкiлi арасындағы жазбаша келісім;
облигациялар ұстаушылардың өкiлi - бағалы қағаздардың қайталама нарығында инфрақұрылымдық облигацияларды айналдыру, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу және оларды өтеу үстiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде қарыз берушiлер мүддесiнде әрекет ететiн ұйым;
жергiлiктi атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органы;
мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша алдағы төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi - қарыз алушының бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша арнайы шарты салым шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу туралы қарыз алушының бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның алдында банктiң кепiлдiгiн беруi;
шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) - қарыз алушының Қазақстанның Даму Банкiнде ашылған және тек қана мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша алдағы төлемдердi өтеудi қамтамасыз етуге ғана арналған арнайы шартты салым шотында ақшаның бөлiгiн мерзiмдi төлеу арқылы мiндеттi жинақтамасы;
шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі отыз бес күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді;
арнайы несие шоты - Банкте тек концессия объектісін құру үшін пайдалана алынатын инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты есепке алу үшін ашылған арнайы несие шотында ақша бөлігінің кезеңді төлемдері арқылы қарыз алушының міндетті жинағы.
мемлекеттік кепiлдiк беру туралы келісім - бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның, сенім білдірілген өкілдің (агенттiң) және қарыз алушының арасындағы мемлекеттік кепiлдiк беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi атқарған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджеттiң қаражатын қайтару бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарыз шартына сәйкес мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі келісім;
концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым - концессия мәселелері бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
түпкi қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын қарыз алушы анықтаған шарттарда қарыз қаражатын түпкi алушы;
Бағдарламалық сыртқы қарыз - саланы, оның ішінде көрсетілген мақсаттарға жұмсалған бюджеттің ағымдағы шығындарын жабу жолымен де реформалау және институционалдық дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға тартылатын сыртқы үкіметтік қарыз түрі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 596-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 596-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
596-1. Бағдарламалық сыртқы қарыздар әкімші іс-шараларды іске асыру басталатын бірінші жылдың алдындағы қаржы жылында бюджеттік өтінімнің құрамында берген және жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіндегі іс-шаралардың тізбесі мен есептеулерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысын ұсына отырып, іс-шаралардың жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын бағдарламалық құжатының іс-шаралары бойынша іске асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 597-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
597. Қабылданған макроэкономикалық көрсеткiштердi негiзге ала отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ-мен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемi мен құрылымының негiзiнде үкiметтiк қарыз алу мен борыштың алдағы орта мерзiмдi кезеңiне арналған жыл сайынғы жай-күйін бағалау және болжауды жүргiзедi.
598. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу көлемдерiн, нысандарын және шарттарын, ағамдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетiн үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету көлемдерiн анықтайды
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 599-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 599-тармақ өзгертілді
599. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын үкіметтік қарыздар бойынша кезекті қаржы жылына арналған болжамды деректер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:
1) қолданыстағы және тартылуы болжанған сыртқы үкіметтік қарыз қаражатын игеру болжамын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейін және халықаралық қаржы ұйымдары мен қарыз беруші елдердің үкіметтерімен, басқа да сыртқы қарыз берушілермен өзара іс-қимылдың перспективаларын ескере отырып, болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздардың тізбесін қалыптастыру жолымен болжанатын үкіметтік қарыздарды;
3) ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, бюджет тапшылығының жоғарыда санамаланған көздер жаппаған бөлігін қаржыландыру үшін өзге де болжанған қарыз алу көздері мен құралдарын анықтауды қамтиды.
64-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
600. Қазақстан Республикасының Үкіметі iшкi және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешiм қабылдайды.
601. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшiн:
1) елдiң кредиттiк рейтингiн жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әрiптестерiн анықтау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
2) осындай мәмiле үшiн белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.
65-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуы
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 602-тармақ жаңа редакцияда
602. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан сыртқы қарыз тартуды болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде жобаны (жобалық құжаттың іс-шараларын) (бұдан әрі - жоба) іске асыруға бағытталған әрбір бюджеттік инвестициялық жоба және/немесе бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Республикалық бюджет комиссиясының шешімінде үкіметтік сыртқы қарыз есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландырудың көздері мен тетігі белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 603-тармақ өзгертілді
603. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде белгілі бір қарызды тарту туралы мүдделі министрліктер мен ұйымдарды тарта отырып:
1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеудi және қарыз алу мүмкiндiгiн бағалауды;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жаңа үкiметтiк қарыздар есебiнен қаржыландыру ұйғарылатын жобаның қаржылық сипаттамасын талдауды;
3) орын алып отырған мүмкiндіктер шеңберiнде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды дайындауды;
4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу жолымен сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар дайындауды;
5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 604-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
604. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мыналарды:
1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтiлетiн қарыз шарттары бойынша кредит берушiлермен келiссөздер ұйымдастыруды және өткізудi;
2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
3) қарыз шарты мен iлеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның түпкiлiктi қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша мiндеттемелерiнiң есебiн жүргiзетiн және қызмет көрсететiн ұйымдармен қатынастарды реттейтiн құжаттарды дайындауды және ресiмдеудi қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
605.Үкiметтiк қарыз бойынша құжаттамаларды келiсудi мүдделi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттамалар негiзiнде әдiлет органының қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргiзуi жүзеге асырылады, нәтижесi тиiстi қорытындымен ресiмделедi.
606. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
607. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 608-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
608. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
609. Халықаралық қаржылық ұйымдар және қарыз беруші елдердің үкіметтері қол қойған Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ратификациялануына жатады.
610. Қол қойылған қарыз шарттары бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда тiркеуге жатады.
611. Сыртқы үкiметтiк қарыздар/байланысқан гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетiледi және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретiне қарай пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 612-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 612-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
612. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 613-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 613-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
613. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ қарыз берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жасауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердің ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-тарау. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 614-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 614-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 614-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
614. Халықаралық қаржы ұйымдарының немесе басқа қарыз берушілердің (бұдан әрі - қарыз берушілер) Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін қарыз шарттары шеңберінде қарыз қаражатын пайдалану мониторингін жүзеге асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоба құрауыштары бөлінісінде, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражатынан жылдар бойынша қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңінде іс-шаралар тізбесін, қаржыландырудың мерзімі мен көлемін қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға және бекітуге шығарады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 615-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 615-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
615. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) белгіленген штат саны шегінде жобаны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшені анықтайды;
2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жобаны қаржыландыру көлемін белгіленген тәртіппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында көзделген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жолымен жобаны іске асыруды жүзеге асырады;
4) қарыз берушімен келісілген конкурстық комиссияның шешімі негізінде тауарларды, жұмыстарды және көрсететін қызметтерді сатып алуға келісім-шарттар жасасады;
5) жасасқан келісімшарттардың мониторингін, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және қазақстандық тарапының бірлесіп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оның ішінде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың қаражатына қол жеткізу мерзімін ұзартуды келіседі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 616-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 616-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
616. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы ретінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) осы Ереженің 59-тарауымен регламенттелетін егер ол қарыз шартында немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны іске асыруға қатысу үшін қазақстандық екінші деңгейдегі банктерді немесе басқа ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады;
2) Банктермен келісім бойынша үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкі қарыз алушымен кредиттік шарт әзірлейді және оған қол қояды;
3) қарыз шартты пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
4) қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келіседі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 67-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67-тарау. Қарыз қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 617-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
617. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезiнде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi:
1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшiн техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердiгерлер үшiн техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшелiктерiн әзiрлейдi және келiседi;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшiн конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемi үш адам болуы тиiс;
3) қарыз берушінің рәсiмдерiн және тәртібін басшылыққа алады;
4) жоба шеңберiнде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
618. Конкурсқа қатысушылардың біліктiлiктерiне, сатып алынатын тауарлардың, мердiгерлер үшiн конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердiң консультанттары үшiн техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшелiктерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушінің алдын ала келісімi бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктерi ескерiлуi тиiс.
619. Белгiленетiн біліктiлiк талаптарының дәрежесi келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауiп төндірмеуі тиiс, өз кезегiнде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкiн негiзсiз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
620. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша қарыз берушінің ережелерiнде отандық мердiгерлерге, тауарлар өндiрушiлерге (берушiлерге) және консультанттарға көзделген жеңiлдiктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңiлдiктердi ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсiмдерi сипатталған тиiстi баптарды көздеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 621-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 621-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
621. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
68-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу және пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 622-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
622. Осы тарау мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебiнен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрi - инвестициялық жобалар) іріктеу тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) беру рәсiмдерiн анықтайды.
623. Мемлекеттік кепiлдiктер беру процесi мынадай негiзгi кезеңдердi:
1) инвестициялық жобаларды iрiктеудi;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тiзбесiн қалыптастыруды, қарау мен бекітудi;
3) мемлекеттік кепiлдiктi берудi қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады.
624. Мемлекеттік (үкiметтiк, тәуелсiз) (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) кепiлдiктер беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек жөніндегі уәкiлеттi орган, әдiлет органы, Республикалық бюджет комиссиясы, Қазақстанның Даму Банкi болып табылады.
625. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын даярлауды жүзеге асырады;
2) осы Тәртiпке және мемлекеттік кепiлдiктер беру процесiне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етедi.
626. Салалық уәкiлеттi органдар:
1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргiзедi;
2) салалық сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 627-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 627-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
627. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізеді;
3) мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады;
4) мемлекеттік кепілдіктер береді.
628. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарларын алдын алу және өндiрiстiк күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
629.Еңбек жөніндегі орталық уәкiлеттi орган iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 630-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 630-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
630. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;
4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
631. Әдiлет органы мемлекеттік кепiлдiктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргiзедi.