Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 Қаулысы
(2012.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларминистрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетiн және оның аумақтық бөлімшелері;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
5. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
8-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 349 Қаулысымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 312 Қаулысымен 8-3) тармақшамен толықтырылды
8-3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
9) ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 9-1-тармақшамен толықтырылды
9-1) ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 589 (бұр.ред.қара); 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 (бұр.ред.қара); 2010.24.11. № 1240 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 10) тармақша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 349 Қаулысымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгі Инвестиция Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау Геология және жер қойнауын пайдалану комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
7. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі» деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «жөніндегі» деген сөз алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;
2) «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «жөніндегі» деген сөз алынып тасталсын.
11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Ереже жаңа редакция (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.18.03 № 354 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.15.07. № 1071 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.22.10. № 1646 Қаулысымен (2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.20.12. № 2138 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 349 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1640 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 312 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергиясын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристік қызмет саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитеті, Туризм индустриясы комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Атом энергиясы комитеті, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1640 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 312 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі, арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде жер қойнауын пайдалану, көмір өнеркәсібі, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару, атом энергиясын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
4) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру;
5) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
6) инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
7) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру;
8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
9) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.07.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.08. № 924 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1640 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.20.12. № 1549 Қаулысымен (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 312 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.04. № 441 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;
4) реттелетін салаларда бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) инновациялық гранттар берудің және зияткерлік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептер ұсынудың қағидаларын әзірлейді;
8) инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекітеді;
9) инновациялық дамытудың шаралар кешенін әзірлейді;
10) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді;
11) технопарктердің жанынан құрылған сараптамалық кеңестердің жұмыс тәртібін айқындайды;
12) инновациялық гранттарды бөледі;
13) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуына, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесі өнімінің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
17) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) береді;
18) өнімдер транзитіне рұқсаттар береді;
19) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар береді;
20) өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар береді;
21) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негізінде отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасы резиденттерінің шығындарын өтеу туралы шешім қабылдайды;
22) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекітеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
25) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды береді;
26) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсаттар береді;
27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін өнімдермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензия береді;
28) белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесінің экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асырады;
30) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
31) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
32) техникалық регламенттi бекiтудi қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді, бекiтеді немесе келiседі;
33) өз құзыреті шегінде «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
34) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтардың өндірісін, өткізілуі мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
35) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi келіседі;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде ойыншықтардың техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
37) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлейді және бекiтеді;
38) ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар бередi;
39) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестерді құрады;
40) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүргізеді және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;
42) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдерді тіркейді және оның есебін жүргізеді;
43) өз құзыретi шегiнде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
44) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексереді;
45) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
46) офсеттік саясатты іске асыруға әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұйымдардың және мемлекеттік органдардың сатып алуы кезінде жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша шараларды әзірлеуді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады;
48) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
49) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін және келесі жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
51) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүзеге асырады;
52) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің, оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
53) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорын жасақтау және жүргізу тәртібін әзірлейді;
54) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды бақылауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;
55) объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;
56) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйін мерзімдік тексеруді жүзеге асырады;
56-1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуына рұқсат береді;