TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 наурыздағы № 357 Қаулысы
(2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 12.11.03 ж. № 1132; 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2007.16.02. № 118 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.29.05. № 513 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 851 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1516 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 34-құжат);
2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |