TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық
үйлестірушіні тағайындау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 27 наурыздағы № 357 қаулысы
(2007.26.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 12.11.03 ж. № 1132; 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2007.16.02. № 118 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 34-құжат);
2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |