Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 Қаулысы
(2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1731 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1731 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1018 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 421-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1731 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1731 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 шілдедегі
№ 580 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде сүрек дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) мамандығы бойынша (орман шаруашылығы) жоғары кәсіби білімі немесе тиісті орта кәсіби білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкердің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда дипломның және тиісті оқудан өткені туралы, инженер-техник қызметкердің болуын растайтын құжаттардың және инженер-техник қызметкердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш беруші мен инженер-техник қызметкердің арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының көшірмелері);
2) ағаш құлату, бұтақтар кесу, сүректі сүйрей тасу, сүректі тиеу және тасып әкету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оқытылған персоналдың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда (тиісті оқудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері, өтініш беруші мен персонал арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының нотариалды куәландырылғаны көшірмелері);
3) ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемін және ағаш кесу жұмыстарын жүргізу кезінде «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген ағаш өсіру-экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін сүректі құлатуға, сүйрей тасуға, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен машинаның меншік құқығында материалдық-техникалық базаның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда техниканың техникалық паспорттарының және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінде көзделген өрт сендіру жабдықтары мен құралдарының;
5) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы үшін жауапты маманның (бірінші басшы қойып, мөрмен бекітілген бұйрық) болуын қамтиды.