102. Бір қабатты жапырақты-қылқан жапырақты жас шыбықтарда және екiншi қабаттағы басты тұқыммен күрделi әртүрлi жастағы екпелерде жапырақты тұқымды ағаштарды кесу учаскенiң бүкiл алаңында жүргiзiледi, бұл ретте қылқан жапырақты ағаш тұқымдары өскiнiнiң біркелкi орналасуын және соңғыларының орманның қалдырылатын бөлiгiнiң құрамында басым болуын қамтамасыз ету керек.
103. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдары тым көлегейленіп, 0,5-тен кем мөлшерде түйiскен болса, жапырақты ағаш шымылдығын шабу белдеулермен жүргiзiледi. Белдеулер ені екiншi дәрежелi қабаттың екі биiктiгіне тең етiп белгіленедi. Бұл ретте біріншi кезекте күтiп-баптау жапырақты ағаш тұқымдарының барлық ағаштары таңдалып, қылқан жапырақты ағаштар қалдырылатын учаскенің бүкіл алқабының кем дегенде 50 пайызында жүргізiледi. Кесу белдеулерi қалдырылатын ені дәл осындай қорғаныштық ықтырмалармен алмасып отырады. Белдеулер бағыты құрғақшылық жағдайларда батыстан шығысқа қарай, ал таулы аудандарда - баурайға көлденең күйiнде қабылданады. 4-5 жылдан соң қалдырылған ықтырмалардағы жапырақты ағаш тұқымдарының ағаштары кесіледi және бір мезгiлде бұдан бұрын кесiлген белдеулеріндегі басты тұқымды күтiп-баптау жүргiзiледi.
104. Белдеулiк (дәлiздiк) күтiп-баптау ілеспе тұқым немесе басты тұқым бұталарының жекелеген қатарлары шабылатын, ал қалған қатарларда селекциялық сирету жүргiзiлетiн аралас орман дақылдарына да, таза орман дақылдарында да қолданылады.
105. Топтық-әртүрлi жастағы екпелерде күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу әдiстерi бір жастағы сүрекдiңдердi біртiндеп қалыптастыруға бағытталған ағаштардың әрбір тобының құрамымен және даму кезеңiмен айқындалады.
106. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу ылғал үнемi жетiспейтiн немесе ол артығымен болатын жекелеген екпелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Орман кодексi мен осы Ережеде рұқсат етiлген мемлекеттік орман қорының барлық учаскелерiнде жүргiзiледi:
1) шаруашылық тұрғыдан алғанда қажет емес екпе құрамы, алаң бірлігіндегі ағаштар саны (тығыздығы), дiңдердiң әртараптануының жоғары деңгейі және жуандығы, ағаштардың бір бірiне өзара күштi әсер етуі және сүрекдiңнiң жалпы нашар жай-күйi күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудi белгiлеу қажеттiлігінiң негiзгi көрсеткiштерi болып табылады;
2) аралас екпелер күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуге басты тұқымды ілеспе тұқымдар күйзелткен және тиісті орман өcipу жағдайларына сәйкес келетiн шаруашылық тұрғыда бағалы екпелердiң қалыптасу процесiне iлеспе тұқымдар жайсыз әсер еткен жағдайларда белгiленедi;
3) ағаштар шоғыр-шоғыр болып орналасқан таза және аралас сүрекдiңдерде, егер жекелеген шоғырларда (топтарда) басты тұқымдарды екiншi дәрежелі тұқымдардың көлегейлеп тастау қатерi орын алса немесе таза шоғырлар қатты көлегейленiп қалған болса, олардың жалпы түйісуi мен жуандығына қарамастан күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу белгіленедi;
4) туынды екпелер (уақытша орман түрлері), қай жерде бар болса, сонда басты тұқымдардың (қылқан жапырақты, қатты жапырақты және басқалар) өмiршең ағаштарының жеткiліктi мөлшерi олардың жуандығына қарамастан күтiп-баптау мақсатында кесуге белгiленуi мүмкiн;
5) қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіні жоқ немесе оның мөлшерi жеткiлiксiз жапырақты туынды жас шыбықтарда болашақта түйiскен екпелер қалыптастыру үшiн қайта жаңарту шараларын жүргізу керек, ал бұл мүмкiн болмаса, онда күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi жапырақты ағаш тұқымдарының сүрекдiңдерiн қалыптастыруға бағдарлау керек.
107. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу ең алдымен таңдаулы орман өсiру жағдайларында аралас, көлегейленген, пiсiп-жетiлу деңгейi жоғары және бонитетi жоғары екпелерде белгiленедi. Өзге де тең жағдайларда күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мынадай ретпен белгiленедi:
1) бірiншi кезек - жарықтандыру, тазарту және сирету;
оларды қажетсіз тұқымдар көлегейлеп тастайтын жағдайларда, кеспеағашты игеру кезiнде сақталып қалған басты тұқымдардың дақылдары мен жас шыбықтарында;
екiншi дәрежелi тұқымдар шымылдығындағы басты тұқымдары бар жас шыбықтарда;
бip шымылдықтағы басты және екiншi дәрежелi тұқымдар бар аралас шыбықтарда;
бағалы тұқымдардың көлегейленiп тасталған таза шыбықтарында, сондай-ақ тұқымдық-өскiннен өсіп-өнген шыбықтарда;
екiншi дәрежелi тұқымдар шымылдығы астындағы басты тұқымы бар аралас екпелерде;
2) екiншi кезек:
таза екпелердегi сирету;
аралас және күрделi екпелердегi өтпелi кесу;
3) үшiншi кезек - таза екпелердегi өтпелi кесу.
108. Ағаштардың біркелкi орналастыру кезiнде сирету мен өтпелi кесу әдетте жуандығы 0,7-ден жоғары екпелерде белгiленедi.
109. Бонитетi V сыныптан төмен екпелер күтiп-баптау мақсатындағы ағаш кесуге белгiленбейдi.
110. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу уақыты:
1) аралас және күрделi шыбықтарда күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу басты тұқымдарды екiншi дәрежелі тұқымдардың көлегейлеп тастау қатерi байқала салысымен, ал таза шыбықтарда - ұшарбастар қысылып, жапырақтары түсе басталған бойда жүргiзiледi. Жасанды жолмен өсiрiлген қарағай шыбықтарында бірiншi peт күтіп-баптау қатарлардағы ағаштардың ұшарбастары түйiскен сәттен бастап жүргiзiледi;
2) ағаштардың жапырақтары түсiп қалған жағдайда жарықтандыру мен тазарту бүкiл вегетациялық кезең бойы жүргiзiледi. Жергiлiктi климаттық жағдайларға байланысты ағаш кесу мерзiмі вегетациялық кезеңнің басталуына, орта тұсына немесе аяғына белгiленуі мүмкiн;
3) кеш сиретiлген, дiңдерi тым шығыңқы және жеткiлiкті дәрежеде орнықты емес қалың шыбықтарда, сондай-ақ далалық аймақтың жапырақты шыбықтарында оны негiзiнен көктем кезiнде жүргізуге болады;
4) далалық аудандардағы қарағайдың орман дақылдарын қоса алғанда, шабылатын ағаштарды жаңа жылдық шыршалар ретiнде сату мақсатында күз аяғы мен қыс басында ағаш кесуге жол беріледі;
5) сирету мен өтпелi ағаш кесудi қар аз кезде жүргiзген жөн.
Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу объектілерін және оны жүргізу уақытын таңдау аңшылық шаруашылығы, жанама орман пайдалану және табиғат қорғау мүдделерi ескерiле отырып жүргiзiледi.
111. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң қарқындылығы мен қайталануы:
1) күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудiң қарқындылығы немесе ағаш шымылдығының жабылу және екпелердiң жуандығы деңгейiмен, немесе тиiсiнше кесуге дейiнгi дiңдер саны мен екпелер қорының пайызымен көрсетiлетiн шабылатын дiндер мен екпелер қорының мөлшерімен, немесе 1 гектарға шаққанда ағаштар кесу алаңдарының бастапқы сомасын төмендету деңгейiмен айқындалады;
2) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудiң қарқындылығы ормандардың тағайындалуына, орманның түріне, құрамына, жасына, жуандығына, бонитет сыныбына, екпелердiң құрылымына, жалпы жай-күйiне және күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң мақсатына қарай белгiленедi;
3) көрсеткiштердiң төмендеу шамасы бойынша күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу қарқындылығының мынадай дәрежелерi болады: өте баяу - 10 пайызға дейiн, баяу - 11-20%, бірқалыпты - 21-35%; күшті - 36-50% және өте күшті 50%-дан астам;
4) шыбықтарда күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу қарқындылығы әдетте ағаш шымылдығы жабылуының төмендеу дәрежесiмен айқындалады. Орта жастағы және пiсiп-жетiліп қалған ағаштарда, ал орман шаруашылығын қарқынды жүргізу аймағында (далалық және орманды далалық аймақтар) және сирету жасындағы сүрекдіңдерде - таксациялық жуандығы мен шабылған сүрек қоры бойынша айқындалады;
5) орта жастағы және пiсiп-жетіліп қалған екпелермен салыстырғанда жас шыбықтарда неғұрлым қарқынды ағаш кесу қолайлы болады.
Өсу шапшаңдығымен едәуiр өзгешеленетін тұқымдардан тұратын аралас екпелерде кесу қарқындылығы таза екпелермен салыстырғанда жоғары.
Тез өсетiн және жарық сүйгiш тұқымдардан тұратын екпелерде күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу қарқындылығы баяу өсетiн және көлеңкеге шыдамды екпелермен салыстырғанда неғұрлым жоғары, ал бонитеттерi жоғары сүрекдiңдерде - өнiмдiлігі төмен екпелермен салыстырғанда неғұрлым күштi.
Желге онша төзiмдi емес тұқымдардан тұратын қалың екпелерде, ылғалы көп және майда топырақтарда өсетiн сүрекдіңдерде күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу қарқындылығы салыстырмалы түрде баяу болуға тиiс;
6) күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң қайталануы белгілі бір учаскеде олардың бір түрiн жүргізу жиiлiгiн бiлдiредi, екпенiң жай-күйiне, шаруашылық жүргізудiң экономикалық жағдайларына байланысты және екпенiң өнiмділігі мен оны сирету қарқындылығына, сондай-ақ жұмыстардың механикаландырылу деңгейiмен байланысты болады. Таза екпелерде қайталану күрделi және аралас екпелермен салыстырғанда сирек. Орман өсу жағдайлары неғұрлым жақсы және екпелер жас болса, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу солғұрлым жиi жүргiзiлетiн болады;
7) аралас талдарда күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң қайталануы 5 жылды, таза шыбықтарда - 10 жылды, ал I-III бонитеттердің сүрекдiңдерiнде сирету және өтпелi кесу 10-15 жылды және IV-V бонитеттердің екпелерiнде - 15-20 жылды құрайды.
112. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу алаңдарын жоспарлау және бөлу:
1) өсiруге және күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуге алаңдар бөлу, ағаштар iрiктеу, оларды таңбалау және шыбықтарды қоспағанда, екпелерде қайта есептеу кесуге дейiн бір жыл бұрын - жапырақты ағаштар бойынша көктемгi-жазғы кезеңде, ал қылқан жапырақты ағаштар бойынша - жыл бойына жүргiзiледi;
2) кәдiмгі учаскелерде шыбықтарды кесуге бөлу кезiнде бүкiл учаскеде жарықтандыру мен тазарту жүргізу үшін эталон ретiнде қызмет ететiн бақылау сынақ алаңдары немесе жолақтық сынақ үлгілерi қалдырылады. Олардың көлемi бүкiл учаскенiң кемiнде 3-5 пайызын және күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудің әрбір түрi бойынша кемiнде 0,5 гектарды құрайды;
3) сирету және өтпелi ағаш кесу кезiнде кесуге белгіленген ағаштар диаметрi 8 см (жер бетiнен 1,3 м биiктiкте) және одан да жоғары ағаштардан бастап жуандығының 2-4 сантиметрлiк сатысы бойынша қайта есептелiп, олар iскерлiк, жартылай iскерлiк және отындық ағаштарға бөлiнiп, көлденең сызықпен белгi қойылады және тамыр мойнынан таңбаланады.
Бір мезгілде кесуге бөлiнген ағаштарда кейіннен биіктiк кестесін жасау және кестелер бойынша екпелердiң биiктiк разрядын айқындау үшiн жуандығының 5 орталық сатысында 3 ағаштың биiктiгi өлшенедi;
4) күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуге учаскелер бөлу және сынау алаңдарын, шыбықтарда эталондық кесу, сондай-ақ сирету мен өтпелi ағаш кесу кезiнде ағаштарды кесуге iрiктеу орманшының немесе оның көмекшiсiнiң басшылығымен жүргiзiледi. Бұл ретте бағдар ретiнде және практика жүзiнде көрнекiлеп көрсету үшiн әрбір орман мекемесi учаскелерінде ағаш тұқымдары басым барлық екпелерде және күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудiң әрбір түрi бойынша қалдырылатын екi секциялық (бірi - бақылау, екiншiсi - ағаш кесiлетiн) тұрақты сынау алаңдары пайдаланылады.
Өздерiне бөлiнген учаскелерде күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi жүргiзудiң негізгі шарттары күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу бойынша учаскенi игерудiң технологиялық картасында көрсетiледi.
113. Кесiлетiн сүректi есепке алу:
1) жарықтандыру және тазарту кезiнде барлық шабылатын сүректiң көлемi сынақ алаңдарында немесе жолақтық сынақ үлгiлерiнде дайындалған оның мөлшерi бойынша айқындалады, ол өз кезегiнде осы аудан үшiн бекітілген шағын көлемдi дiндер көлемiнiң кестелерi бойынша немесе кейіннен тиiстi коэффициенттер бойынша тығыз текше метрлерге көшiрiлiп, қоймалық текше метрлермен айқындалады (9-кесте);
2) сирету және өтпелi ағаш кесу кезiнде шабылатын сүрек қоры кесуге белгіленген ағаштарды қайта есептеу деректерi бойынша анықталады. Бұл ретте 1,3 м биiктiкте диаметрi 8 сантиметрден аз ағаштар бойынша қор учаскенiң бүкiл көлемiне көшiре отырып, арнайы қалдырылатын сынақ алаңдарында қоймалық текше метрлермен айқындалады. Мұндай алаңдардың мөлшерi учаске көлемiнің 2-3 пайызын, бірақ кемiнде 0,5 гектарды құрайды.
Диаметрi 8 сантиметрден астам (1,3 м биiктiкте) ағаштарда қорды және сортты ағаштардың шығымын есептеу осы аудан үшін бекітілген биiктiк сызбасы мен сортты ағаштар кестелері бойынша белгiленген биiктiк разрядтары бойынша әрбір тұқым үшiн жүргізiледi.
Технологиялық дәліздер (ағаш сүйрету жолдары) кесу көзделген күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу учаскелерінде оларда кесiлетін сүрек осы ағаш кесу кезiнде дайындалатын көлемге енгiзiледi.
3) сирету мен өтпелi ағаш кесуге арналған ағаш кесу билеттерi дiңдердiң саны бойынша («түбірлер» бойынша), ал жарықтандыру мен тазартуға арналған ағаш кесу билеттерi - мөлшерлi саны бойынша ескерiле отырып жазып берiледi.
Егер сирету мен өтпелi ағаш кесудi жүргiзу кезiнде учаскеде кесiлетiн ағаштардың 15 пайыздан астамының жер бетiнен 1,3 м биiктiктегi диаметрi 10 сантиметрден кем болса, ағаш кесу билетi дайындалатын сүректi мөлшерлi саны бойынша есепке алу тәсiлi көрсетiле отырып берiледi;
4) орманшылық бойынша кеспеағашты материалдық және ақшалай тұрғыда бағалау нәтижелерiнiң негізiнде бүкiл орман мекемесi бойынша кезектi жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы қалыптасатын жылдық кеспеағаш ведомосы жасалады.
Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуге бөлiнген барлық учаскелерге абристер жасалады, олар күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу бойынша жылдық кеспеағаштың альбомы түрiнде түптеледi, кезектi жылдық кеспеағаштың ведомосымен бірге - бір данасы орман мекемесiнде, екiншiсi - орманшылықта сақталады;
5) ағашы кесілген алаңдар туралы деректер орманшылық бойынша жүргiзiлетiн орманның шығыс кiтабына енгiзiледi, ал учаскелердiң өздерi уәкiлетті орган бекiтетiн Мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде кеспеағаштар бөлу және олардың таксациясы жөнiндегі нұсқаулыққа сәйкес алаңы, ағаш кесу жылы және ағаш кесу түрiнiң қысқартылған белгiсi көрсетiлiп, планшеттерге кекшiл бояумен тұтас сызықпен белгiленедi. Бір мезгiлде таксациялық сипаттамаға ағаш кесу жылы, ағашы кесiлген алаң, ағаш кесудің түрі, тұқымдары бойынша кесiлетiн қор, ал өскiндер үшiн - кесуден кейiнгi ағаштың құрамы мен жуандығы енгізiледi.
13. Тұқымы, пiшiнi және жас құрылымы әртүрлi екпелерде
күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудiң ерекшелiктерi
114. Таза қарағайлы екпелерде ағаш кесу 10-кестеде келтiрiлген көрсеткiштер ескеріле отырып, жүзеге асырылады:
1) таза қарағайлы екпелерде (екiншi дәрежелi тұқымдардың 1 бірлігiне дейiн) жарықтандыру жүргiзiлмейдi;
2) тазарту олардың төзiмдiлiгi мен су режимін арттыру мақсатында биотоптар мен тік қиялардағы ағаштары қисық өскен қалың қарағайлы жас өскiндерде ғана жүргiзiледi. Егер оларда ағаштардың орналасуы біркелкi болса және өспей қалған ағаштар байқалмаса, онда тазарту тағайындалмайды және күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi бастау мерзiмi жастың 2 сыныбына жылжытылады.
Қарағайдың қатардағы дақылдарында «саңылау» қалдырмай, бойлап өспей қалған, ауру және бүлiнген ағаштарды (бұтақты, ұшарбасы көп, қисық және т.б.) аластау арқылы екпелерді біркелкi сирету жүргiзiледi. Оларда сондай-ақ әрбір бесiнші қатарды жаппай кесуге жол беріледі және технологиялық дәліздер жасау мен өрт қаупiн азайту мақсатында олардан дақылдардың жекелеген блоктарын немесе секцияларын қалыптастыратын әрбір 200-250 м сайын орташа биiктiктегi ағаштарда енi 1,5-2 болатын жаппай қарама-қарсы ағаш кесу жүргiзiледi.
Қарағайдың ықтырма дақылдарында ағаш кесу жойылып бара жатқан ағаштар есебiнен жүргiзiледi. Орман шетіндегi қатарларда ағаш жинау ең аз мөлшерде жүргiзiледi;
3) сирету кезiнде тек ауру, зақымданған және бойлап өспей қалған дарақтарды ғана жинап, қарағайдың ең таңдаулы ағаштарын қалдыруға және оларды біркелкi орналастыруға ұмтылу қажет, бұл ретте сүрекдіңнің жуандығын қатты төмендетуге жол берiлмейдi;
4) өтпелi кесудiң бастапқы кезектерi жуандығы жоғары деңгейдегi қарағай екпелерiнде ғана жүргiзiледi. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынған екпелерде өтпелi кесудiң кейiнгi кезектерiн өткізу кезiнде учаскелерде қарағай өскінінің болуын және орналасуын ескеру, өтпелi ағаш кесудi немесе аналық екпенi қарағайдың жас ұрпағымен толық ауыстырып болғанға дейiн қорғаныштық, су қорғау және басқа да экологиялық функцияларынан айырыла бастаған екпелерге қолданылатын ағаш кесу тәсiлдерiн біртiндеп пайдалана отырып, оның өсуiне бөгет жасайтын ағаштарды жинау керек.
Бұл арада орман шымылдығын орынсыз көп сиретiп жiберген жағдайда топырақтың құрғап қалу қатері аса зор болатын жаңа жағдайлар ғана оған кiрмейдi, сондықтан негiзгі шымылдықтағы ағаштар әдетте кесiлмейдi.
115. Аралас қарағайлы екпелерде күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу 11-кестеде келтiрiлген көрсеткiштердi ескере отырып, жүзеге асырылады:
1) аралас қарағайлы-жапырақты талдарда жарықтандыру шөп тектес өсiмдiктер сиреп кетiп, қарағайдың басты бәсекелесі жапырақты ағаш тұқымдары болатын сәттен бастап жүргiзiледi. Орман өсу жағдайларына байланысты оны қарағайдың орташа биiктiгi 2-2,5 м болатын 5-15 жас мөлшерiнде тағайындайды. Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу қарағай ағаштарының бойлап өсуi нашарлай бастаған уақыттан бастап айқындалады.
Жарықтандыру 40%-дан астам мөлшерде жапырақты ағаш тұқымдары бар қалың өскен талдарда 5-8 жастан және орман шымылдығы 0,7-0,8-ден астам мөлшерде жанасқан жағдайда 11-13 жастан басталады. Жапырақты ағаш тұқымдары 20-40% мөлшерде болған жағдайда майысып өскен талдарда оны 13-15 жаста өткiзедi.
Қарағай ағаштарының мөлшерi жеткiлiксiз болған жағдайда (ұшарбасының жанасуы 0,5-0,6-дан аз) және олар қатты зардап шеккенде жарықтандыруды орман жолақтарымен немесе әр тұстан ойып-ойып өткiзедi. Бұл жағдайда тұқымдықтар болған жағдайда алқаптарға қосымша қарағай отырғызу үшін жапырақты орман шымылдығын қарағайдың өз тұқымын өзi шашуын туғызу үшiн ұшарбасының жанасуын 50 пайызға дейiн сирету, немесе табиғи түлеп өсуiне жәрдемдесу шараларын жүргiзу, немесе жекелеген орман дақылдарын отырғызу керек.
Жарықтандыру, егер талдар iшiнде қарағай таза тұрақты топтар күйінде өсiп тұрса және алаңда біркелкi орналастырылған болса, сондай-ақ орман шымылдығының жанасуы 0,7 және одан кем екпелерде жүргiзiлмейдi;
2) тазарту ең алдымен жарықтандыру дер кезiнде жүргiзілмеген және қарағай ағаштары орынсыз көп зардап шеккен аралас екпелерде жүргiзiледi. 25 жасқа дейiн жүйелi күтiм жасалмаған осындай екпелерде, бірiншi кезекте, қарағай ағаштарының өмiршеңдік деңгейi және олардың негiзiнде қарағай басым екпелер қалыптастыру мүмкiндiгi анықталады. Егер мұндай екпелердi қалыптастыру мүмкiн болмаса, қайта жаңарту iс-шаралары белгіленедi немесе жапырақты ағаш екпелерi қалыптастырылады.
Ал күтiп-баптау жүйелi түрде жүргiзiлiп тұрған жағдайда аралас қарағайлы екпелерде тазарту осы Ереженiң 102-тармағының ұсынымдарына сәйкес жүргiзiледi;
3) аралас қарағайлы екпелерде сирету жұмысын жүргiзу кезiнде қарағайдың ең таңдаулы ағаштары және басқа тұқымдардың қажеттi қоспасы құрамда сақталып қалады, олардың алаң бойынша біркелкi орналастырылуы қамтамасыз етіледi. Нашар және дер кезiнде жиналмаған ағаштар, сондай-ақ жапырақты ағаш тұқымдарының артық қоспасы кесіледi. Қайталама сирету екпелерде қарағайды жапырақты ағаштар тұқымдары басып кету фактісi орын алғанда немесе бойлап өспей қалған ағаштардың көп мөлшерi болғанда тағайындалады;
4) өтпелi кесу кезiнде аралас қарағайлы екпелердiң жоғарғы шымылдығының құрамындағы жапырақты ағаш тұқымдарының қоспасы барынша азайтылады (I бірлік). Бір мезгiлде майда тоғай қарағайдың өз тұқымын өзi шашуын кешiктiрсе, ол сиретiлетiн болады.
Қалдырылатын ағаштар арасындағы орташа қашықтық тазарту кезiнде сүрекдiңнiң орташа биiктiгiнiң 1/4, ал сирету және өтпелi кесу кезiнде - 1/5 болуы тиiс.
Аралас қарағайлы екпелерде кесудiң барлық түрiн өткізу кезiнде бірiншi кезекте көктерек, ал содан соң қайың ағаштары кесiледi. Күтiп-баптау мақсатында жүйелi түрде кесу кезiнде жапырақты ағаштар қоспасы мүмкiндiгiнше екiншi қабатқа көшiріледi.
Құмайт топырақтарда көктеректiң өсуiнiң бірқатар жағдайлары қарағайдың таралуына жәрдемдеседі, сондықтан оны кесу қалыптасқан тұрақты қарағай биотоптарын жарықтандыру мақсатында ғана жүргізілуге тиiс.
116. Жапырақты ағаш екпелерiнде күтіп-баптау мақсатыңда кесу қарағай екпелеріндегі сияқты жүргiзiледi. Оны өткізу кезiнде екiншi қабат пен майда тоғай қалыптастыру үшін көлеңкеге төзiмдi тұқымдар (шырша, майқарағай) мен бұталар қоспасын сақтап қалу қажет.
Жапырақты ағаш екпелерiнде күтiп-баптау мақсатында кесу қарқындылығы қарағай екпелерi үшiн күтiп-баптау мақсатында кесу көрсеткiштерi бойынша (10 және 11-кестелер) және осы Ереженiң 125, 126-тармақтарында баяндалған тау жағдайында күтiп-баптау мақсатында кесу ерекшелiктерi ескеріле отырып айқындалады.
117. Таза және аралас самырсын екпелерiнде:
1) күтiп-баптау мақсатында кесу олардың жуандығы 0,7 және одан жоғары болған жағдайда жүргiзiледi. Ол сондай-ақ құрамында 1-2 бірліктен астам самырсыны бар жаңғақ кәсiпшiлiгі аймағының барлық тұқымдар екпелерiнiң талдарында жүргiзiледі;
2) оны өткізу кезіндегі негiзгi мiндет екпелер құрамында самырсынның болу үлесiн ұлғайту, ағаштардың жемiс бере бастау мерзiмiн қысқарту және олардың жаңғақ беру қабiлетiн арттыру (12-кесте) болып табылады.
Кесуге учаскелер iрiктеу кезiнде жолдарға жақын маңда және келiп-кетуге оңай жерлерде орналасқан тау беткейлерiнiң төменгі бөлiктерiндегі самырсынның талдары мен орта жастағы екпелерiне айрықша назар аударылады;
3) самырсын ормандарында күтiп-баптау мақсатында кесудi жүргiзу кезiнде әсiресе шөп қабатының өсiп-өну қаупi бар тау беткейлерiнiң төменгi бөлiгiнде «саңылаулардың» пайда болуына жол бермей, бірнеше ұрпақтан тұратын әртүрлі жастағы екпелердiң қалыптасуына ұмтылу керек. Самырсын ағаштары жуан, кең көлемдi және төмен иiлген ұшарбасын қалыптастыруы үшін оларға емiн-еркiн өсiп тұру жағдайдың қалыптастыру да мiндетті шарт болып табылады;
4) шаруашылық жаңғақтардың барынша көп мөлшерiн алу бағдарланған 60-80 жастағы самырсын екпелерiнде ағаш кесу әрбір гектар орманға самырсынның 100-150 таңдаулы ағашын біркелкi орналастырып, сүрекдіңдердің жанасуын 0,3-0,4-кe жеткiзiп, жоғары жиiлiкпен жүргiзiледi.
118. Шырша және майқарағай екпелерiнде күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу 13-кестеде келтiрiлген көрсеткiштер ескерiле отырып жүзеге асырылады:
1) шырша және майқарағай жас шыбықтарында жарықтандыру әдетте жүргізiлмейдi, өйткенi бұл тұқымдар көлеңкеге айтарлықтай төзiмдi, ал олардың қалпына келу кезеңi ұзақ мерзiмдi болып келедi;
2) таза және аралас шырша мен майқарағай жас шыбықтарында тазарту болымсыз қарқындылықпен жүргізiледi, бұл ретте әлсiреген және ауру дарақтар, сондай-ақ дiңiнiң пiшiнi нашар ағаштар кесiледi. Қалың шоқ ағаштарда ол ағаштарды алаң бойынша біркелкi бөлу мақсатында жүргiзiледi;
3) шырша-жапырақты ағаш жас шыбықтарында желге, қарға, зиянкестерге жақсы қарсы тұратын және жақсы қорғаныштық қасиеттермен ерекшеленетін әртүрлі жастағы екпелер қалыптастыру керек;
4) жапырақты ағаш тұқымдарының шымылдығы астында екiншi қабатта орналасқан шырша және майқарағай жас шыбықтарында жапырақты ағаштар қоспасымен қылқан жапырақты екпелер қалыптастыру мақсатында тазарту кезiнде зардап шеккен, құрып бара жатқан және зақымданған ағаштар есебiнен шырша мен майқарағайдың жоғарғы шымылдығын, сондай-ақ олардың қалың биотоптарын қатты сирету жүргiзiледi;
5) аралас екпелерде шырша мен майқарағайдың өсуi үшiн оңтайлы жағдайларға қарқындылығы күштi дәліздік (алқаптық) күтiп-баптау кезiнде қол жеткiзiледi. Бұл ретте жоғарғы шымылдық ағашының биiктігіне тең ендi алқапта жапырақты ағаш тұқымдары кесiледi, ал ауру және зақымданған ағаштардан басқа барлық қылқан жапырақты ағаштар және жапырақты ағаштардың таңдаулы үлгiлерi сақталады.
Күтiп-бапталатын белдеулер арасында енi дәл осындай күтiп-бапталмайтын белдеулер қалдырылады, оларда күтiп-баптау қайталама тазарту кезiнде жүргiзiледi;
6) таза шырша және майқарағай екпелерiнде сирету негiзiнен желге төзiмдi екпелер қалыптастыру мақсатында жүргiзiледi. Жоғарғы шымылдықтың таңдаулы ағаштары сақталады. Екпелердiң жуандығы 0,8-ден төмендемеуге тиiс. Егер таза қалың екпелерде ағаш кесу бұдан бұрын жүргiзiлмесе, оларда сирету қарқынды жиiлiкпен жүргізiлмейдi, бірақ жиi қайталанады;