4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа беріледі. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алған соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге міндетті. Қарау нәтижелері бойынша:
1) ұйғарымды - өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
2) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;
24) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы
Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен жеке ұйғарым шығаруы мүмкін.»;
25) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«349-бап. Істі қарау мерзімдері
Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
Егер жаңа материалдарды, дәлелдемелерді зерттеуге және жаңа шешiм шығаруға қажеттілік болса, онда апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралуға тиіс.»;
26) 355-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Тараптар өздеріне бірінші сатыдағы сот жауап алуға рұқсат бермеген куәларды шақыру және олардан жауап алу туралы және зерттеуге рұқсат бермеген дәлелдемелерді талап ету туралы өтініштер мәлімдеуге құқылы.»;
27) 357-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда дәлелді сот актісі iстi қараған күннен бастап бес күн мерзiмде жазылып, оған судья қол қояды.»;
28) 358-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
29) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«359-бап. Апелляциялық сатының сот актілері
1. Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді шығарады:
1) осы Кодекстің 341-бабының екінші бөлігі мен 358-бабының 1), 2), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;
2) осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда шешім;
3) ұйғарым.
2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.»;
30) 360-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны
1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот шешім немесе ұйғарым шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.
2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;
3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, оның күшін жоюының не оны өзгертуінің негіздері;
4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары көрсетіледі.
3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымдар, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодекспен көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, қаулының дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздемелер көрсетілуге тиіс.
4. Осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда қабылданған апелляциялық шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша шешім, қаулы шығаруға немесе шығарылған шешімнің, қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі шешімі, қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.»;
31) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күшіне енуі
Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.»;
32) 42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру»;
33) 383-1 және 383-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру құқығы
1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.
2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.
3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.
383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.»;
34) 383-4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық шағым немесе наразылық бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.»;
35) 383-5-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;
4) шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;»;
36) 383-6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған қаулы, шешім және ұйғарым көрсетілмеген немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.»;
37) 383-7-баптың 3) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қарауға тағайындалған істер туралы прокурорға хабарлауға міндетті.»;
38) 383-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы
Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген шешімдердің, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.»;
39) 383-15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.»;
40) 383-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«383-17-бап. Істі баяндау
Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.»;
41) 383-20, 383-21, 383-22 және 383-23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын және ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, бірінші сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бірақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;
5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының күшін жойып, шешімді қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актісін шығаруға құқылы.
383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері
Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күші осы Кодекстің 364-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға жатады.
383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері
1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар нысанында шығарылады.
2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
4) шағым жасалған бірінші және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актісінің, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу немесе оны жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағымда, наразылықта бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда жасалып болуға тиіс. Іс материалдарына қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.
5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны түсіндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.
383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды күші
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.»;
42) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын сот актілері
1. Жергілікті және өзге де соттардың заңды күшіне енген сот актілерін, оларға шағым жасалудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, іске қатысушы адамдардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының жергілікті және өзге соттарының заңды күшіне енген, кассациялық тәртіппен шағым берілмеген актілері сот қадағалауы тәртібімен тексеруге жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін айрықша жағдайларда сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.»;
43) 385-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтініштерді тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруі мүмкін.»;
44) 386-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшіне енген қаулысына осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың актілерін кемінде бес судья құрамында қарайды.»;
45) 387-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.»;
46) 391-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер:»;
47) 393-баптың бірінші бөлігіндегі «актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау» деген сөздер «актісіне сот қадағалауы тәртібімен дау айту» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 397-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «заңдылығы мен негізділігін» деген сөздер «заңдылығын» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 398-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың шешімінің күшін толық немесе бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс және қандай қаулының қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;»;
50) 399-баптың бірінші бөлігіндегі «апелляциялық сатыдағы актілер» деген сөздер «апелляциялық қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«403-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау
1. Қадағалау тәртібімен сот актілерінің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.
2. Бұрын қабылданған сот актілерінің апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылғаннан кейін шығарылған жаңа сот актілеріне өтініш, наразылық олардың күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде берілуі, келтірілуі мүмкін.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
548-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған;».
4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 8-тармағындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат):
1) 23-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған жағдайда, тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, медиацияны жүргізу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.»;
2) 27-баптың 5-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте төленген мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.».
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3-бап. 2012 жылғы 1 шілдеге дейін іс жүргізуге қабылданған, соттарда жатқан істерді қарау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылып келген іс жүргізу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 17-і.
№ 565-IV