мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Прокурордың істі талап ету туралы сауалын сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей орындайды. Сауалдар байланыс арналары пайдаланылып жіберілуі мүмкін.
Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын енгізу туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарауы тиіс.»;
57) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы тәртібімен шағымдану мерзімдері
1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасау, наразылық беру мерзіммен шектелмейді.
2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкелетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтінішті, наразылықты, егер іс бойынша қосымша тергеу жүргізілмесе немесе оны сот қабылдамаса, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау туралы өтiнiш жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар сот қаулысын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде беруі мүмкін.»;
58) 467-бапта:
алтыншы бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
4) үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, сондай-ақ егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.»;
59) 469-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге iстi жаңадан талқылау кезiнде жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық келтірілуi мүмкiн.»;
60) 476-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені шешуі
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот, ал алқабилер қатысқан істер бойынша - судья жеке-дара шешеді. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық саты қаулысы шығарылса - сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Іс кассациялық және қадағалау сатыларында істерді көрсетілген сатыларда қарау үшін белгіленген қағидалар бойынша алқалы түрде қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жөнінде іс жүргізуді қайта бастауға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыларына шағымдарды қарайды.»;
61) 478-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«478-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ шығарылған жаңа сот шешiмдерiне шағым жасау және наразылық келтіру осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс бойынша сот талқылауын бірінші сатыдағы сот алқабилердің қатысуымен жаңа құрамда жүзеге асырады.»;
62) 518-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына - осы Кодекстің 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған адамның заңды өкілі немесе жақын туысы осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген кассациялық тәртіппен шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Осы Кодекстің 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесі бұған кедергі жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.»;
63) 61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енбеген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»;
64) 574-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық келтіру
Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық келтіру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 46 және 47-тарауларында көзделген қағидалармен айқындалады.»;
65) 575-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте, кассациялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
3. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнің немесе оның өкiлінің дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген, оның ішінде жол берілетін дәлелдемелер негізсіз алып тасталған жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмi апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиiс.»;
66) 62-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«62-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi
575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау
1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық іс жүргізу заңын:
1) үкімді алқабилер алқасының заңсыз құрамымен шығаруына әкеп соққан;
2) жәбірленушіні сотта қорғалу құқығынан айырған елеулі түрде бұзушылықтарға жол берілсе, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімін және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жол беріледі.
2. Мыналар:
1) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамау;
2) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеу;
3) үкімді орындау тәртібімен заңсыз қаулы да қайта қаралуға жатады.
3. Кассациялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіледі.»;
576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау
Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау туралы iс жүргізу осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген негiздер бойынша және тәртіппен облыстық және оған теңестірілген соттардың кассациялық сатысында жүзеге асырылады. Жоғарғы Соттың алқасында қайта қарау кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана осы Кодекстің 459-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мүмкiн болады.
577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қараған кезде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.».
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
134-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру»;
216-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«216-бап. Шешімді жария ету»;
220-баптың тақырыбы алып тасталсын;
229-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«229-бап. Шешім жасау»;
344-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«344-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасау, наразылық келтіру»;
360-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны»;
368-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің күшіне енуі»;
42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына шағым жасау және наразылық келтіру»;
383-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртіппен кассациялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы»;
383-21-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының кассациялық тәртіппен күшін жою негіздері»;
383-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері»;
391-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны»;
2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Соттың құрамы
1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
3. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін тиісінше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.»;
3) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі
1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісі күшін жойған жағдайда апелляциялық сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
4. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда, аталған сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды.
5. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарау кезінде қатыса алмайды.»;
4) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық немесе төрелік сотқа беруді, медиация жүргізу туралы келісім не медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), сот актісіне шағым жасауды, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.»;
5) 128-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.»;
6) 129-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қажет болған жағдайларда, іске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»;
«4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.»;
7) 130-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:
1) хабардар етілетін немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не ұйымның атауы);
2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;
3) келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;
5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.
Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.»;
8) 134-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі.»;
9) 146-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «жергілікті» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 149-баптың үшінші бөлігіндегі «Жергілікті» деген сөз «Тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 150-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша «өкілдің атауы мен мекенжайы» деген сөздерден кейін «, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;»;
12) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«167-бап. Істі сот талқылауына әзірлеу мерзімдері
Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.»;
13) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«216-бап. Шешiмді жария ету
1. Соттың шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін, судья сот отырысы залында сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді және шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.
2. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге оның көшірмесін қашан алуға болатынын жариялауға міндетті.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.»;
14) 220-бап алып тасталсын;
15) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«229-бап. Шешім жасау
Іс талқыланғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалына тіркелуге тиіс.»;
16) 235-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аппеляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.»;
17) 242-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімі ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиіс.»;
18) 243-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;
3) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын ауруы болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;»;
19) 257-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іс материалдарымен бірге сақталады.»;
20) 259-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелерді қарау
1. Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.
2. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан адамдарға хабарлана отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға ескертпелерді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Ескертпелерді қарау нәтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды, бірақ ұйғарымға қарсылық аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін. Барлық ескертпелер іске тіркеледі.
3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуға тиіс.
4. Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар іс материалдарына тіркеледі.»;
21) 336-баптағы «қаулы», «қаулысына» деген сөздер тиісінше «ұйғарым», «ұйғарымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 337-бапта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:
1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;»
23) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«344-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру, наразылық келтіру
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы, істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына, осы Кодекстің 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.
3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым жасалса, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.