225-1-бап. Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желiлерi не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың құрылысына байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға жинау, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 226-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
226-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу
1. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетіге дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетіден онға дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалануды қоспағанда, газбен жабдықтау жүйесі объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
227-бап. 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 228-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар шiн көзделген резервтiкi отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 229-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 229-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
229-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 230-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.06.01. № 529-ІV Заңымен 17-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
17-1-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан ұшыру, сондай-ақ оны ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда, одан тыс жерде ұшыру;
3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару түрінде жасалған бұзу - ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) - лицензиядан айыруға әкеп соғады.
230-2-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
- ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 231-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару мен қолдану
1. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 232-бап өзгертілді
232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу
1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, -
қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 233-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 233-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
233-бап. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
1. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, -
жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
лицензиядан айыра отырып не онсыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 234-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу
Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 234-1-баппен толықтырылды
234-1-бап. Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу
Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 235-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
235-бап. Белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 236-бап өзгертілді
236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртібін бұзу
Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға - мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 237-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
237-бап. Заңсыз құрылыс
Белгіленген тәртіппен алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндірістік, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу, -
заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 181-III ҚР Заңымен 237-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 237-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дәйексіз мәліметтер мен есептілікті табыс етуі -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 238-бап өзгертілді
238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау
1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенімдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, құрылыс нормалары мен ережелерінің, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртібін бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.
2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктілік деп ұғынылады.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенімдiлiк деп ұғынылады.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бірақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.