Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкалары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
2 қарашадағы №1031
қаулысына қосымша
Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының
ставкалары
Елді мекендер | 1 шаршы метр үшін айлық есеп көрсеткішпен жалдау ақысының ставкасы (айына) |
Астана қаласы | 3,0 |
Алматы қаласы | 3,0 |
Ақтау қаласы | 1,5 |
Ақтөбе қаласы | 1,5 |
Атырау қаласы | 2,0 |
Қарағанды қаласы | 1,5 |
Көкшетау қаласы | 1,5 |
Қостанай қаласы | 1,5 |
Қызылорда қаласы | 1,5 |
Павлодар қаласы | 1,5 |
Петропавловск қаласы | 1,5 |
Талдықорған қаласы | 1,5 |
Тараз қаласы | 1,5 |
Орал қаласы | 1,5 |
Өскемен қаласы | 1,5 |
Шымкент қаласы | 2,0 |
Облыс орталығы ставкаларының пайызы |
Облыстық маңызы бар қалалар | 80 |
Аудандық маңызы бар қалалар | 70 |
Кенттер және ауылдық елді мекендер | 30 |