Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру epeжeciн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тiркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 маусымдағы
№ 530 қаулысымен
бекітілген
Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi
тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру
ережесi
Осы Ереже «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеу, есепке алу мен оларға рұқсаттар беру тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Жалпымемлекеттік, салааралық, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеудi, есепке алу мен оларға рұқсат берудi (бұдан әрi аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстар) геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудегi мүдделi геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру туралы өтiнiммен уәкiлеттi органға жүгiнедi.
3. Өтінімге:
1) топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi жүргiзуге арналған лицензияның заңнамада белгіленген тәртiппен расталған көшiрмесi;
2) аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу жоспарланып отырған аумақтың сызбасы (картограммасы) географиялық координаттарын көрсете отырып, екi данада;
3) жоспарланған аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың техникалық жобалары екi данада қоса берiледi.
4. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған өтiнiмдердi тiркеудi уәкiлеттi орган өтiнiмдердi есепке алу журналында жүргiзедi.
2. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру
5. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарын жүргiзуге арналған өтiнiмдi жұмыстар жүргiзiлiп жатқан аумақтың сызбасымен (картограммасымен) бiрге өтiнiмдi енгiзген күннен бастап үш күннiң iшiнде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiмен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және олардың құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдарға келiсуге жiбередi.
6. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және өзге де мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейiн он бес күн iшiнде қабылдайды.
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және өзге де мемлекеттік органдардың қорытындыларын ескере отырып, уәкiлеттi орган өтінімнің және оған қоса берiлген материалдардың сараптамасын жүргiзедi.
8. Уәкiлеттi орган жүргiзетiн сараптама өзiне:
1) өтiнiм берiлген жұмыстардың бұрын жүргiзiлген жұмыстарды қайталауын анықтауды;
2) техникалық жобалардың геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы техникалық талаптарға және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкестiгiн белгiлеудi;
3) техникалық жобалардың аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың ұйымдастырылу және орындалу тәртібіне сәйкестiгiн белгiлеудi қамтиды.
9. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша өтiнiм берiлген жұмыстардың бұрынғы жүргізілген жұмыстарды қайталауы анықталған жағдайда геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың тапсырыс берушiлерi және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерi бұрын құрастырылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдалана алады.
10. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын өтінім берiлген жұмыстардың бұрын жүргiзiлген жұмыстарды қайталауы анықталған жағдайда мұндай жұмыстардың тапсырыс берушiлерi және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлері бұрын құрастырылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдаланады.
11. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша техникалық жобалардың геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына және техникалық талаптарға, сондай-ақ аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың және орындаудың тәртібіне сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өтінім барлық материалдармен бiрге анықталған сәйкессiздiктердi жою үшiн өтінім берушіге қайтарылады.
12. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және өзге де мемлекеттік органдар өтінім бойынша терiс қорытынды берген жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiм берiлген жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды және өтiнiмдi барлық материалдармен бiрге уәждi шешiмдi қоса бере отырып, өтінім берушiге қайтарады.
13. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат осы Ережеге қосымшада белгiленген нысанға сәйкес жасалады және уәкілеттi орган бекiтедi.
14. Аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат мемлекеттік және орыс тілдерiнде екi данада жасалады.
15. Уәкiлеттi орган аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсаттың бекітілуi туралы рұқсатты бекiткен күннен бастап екі күн iшiнде өтінім берген геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiсiне хабарлайды.
16. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттың бiр данасын жоспарланатын жұмысқа техникалық жобамен және сызбамен (картограммамен) бiрге өтiнiш берген геодезиялық және картографиялық субъект уәкiлеттi органнан алады, рұқсаттың екiншi данасы уәкiлеттi органда қалады.
17. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi өздерi жасаған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшiрмелерiнiң бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, тегiн бередi.
3. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды
жүргiзуге рұқсаттарды тіркеу
18. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге берiлген рұқсаттарды тiркеудi уәкiлеттi орган нысанын уәкiлеттi орган бекiтетiн берiлген рұқсаттарды тiркеу журналында жүзеге асырады.
19. Берiлген рұқсаттарды тiркеу журналы мынадай деректердi:
1) рұқсаттың берiлген күнiн және тiркеу нөмiрiн;
2) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiсiнiң атауын;
3) жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берiлген аумақтың географиялық координаттарын көрсете отырып, рұқсат берiлген аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың түрi мен мақсатын;
4) жұмыстың көлемiн;
5) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн қамтуы тиiс.
4. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды
жүргiзуге рұқсаттарды есепке алу
20. Берiлген рұқсаттарды есепке алуды уәкiлеттi орган нысанын уәкiлеттi орган бекiтетiн берiлген рұқсаттарды есепке алу журналында жүзеге асырады.
21. Берiлген рұқсаттарды есепке алу журналында хронологиялық тәртіппен әрбiр берiлген рұқсаттың берiлген күнi және тiркеу нөмiрi туралы деректер енгiзіледi.
5. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды
жүргiзудi қаржыландыру
22. Мемлекеттік мақсаттағы аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Аэротүсiрiлiм, геодезия және картографиялық
жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу
және оларға рұқсаттар беру ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi
Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге
20 ___ жылғы «____»__________№ ____________РҰҚСАТ
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
(заңды мекен-жайы, телефон, факс)
Жұмыстардың түрi және мақсаты ____________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс телiмiнiң орналасқан жерi __________________________________
__________________________________________________________________
Өндiрiске өтiнiм берiлгенi, мынадай жұмыстарға рұқсат берiлдi:
__________________________________________________________________
Р/с Сұрау салынған Өтiнiм берiлдi Рұқсат бepiлдi
№ жұмыстардың аталуы ___________________________________________
Өлшем бiрлiгi Жұмыстардың Өлшем Жұмыстардың
көлемi бiрлiгi көлемi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Осы уақытқа дейiн жарамды: 20___жылғы «___»_____
Геодезия және картография жөніндегі
уәкiлеттi органның мөрi және басшысының қолы
М.О. _____________________
20 __жылғы «___»_____