Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 Қаулысы
(2011.03.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
2. «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қаржыландыру» деген сөздің алдынан «шығындарды өтеу бойынша» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 2030 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, шарт негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі шығыстарды (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау ұйымдарына берілетін (бұдан әрі - лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары) қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстардан басқа) қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың барлық түрлері өтеледі.
Екінші бөлік 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
Өтем клиникалық-шығынды топтар бойынша пилот шеңберінде жүзеге асырылатын денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрі - КШТ бойынша пилоттық ұйымдар) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстары экономикалық жіктемесінің тиісті ерекшелігі бойынша өтеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
бастапқы медициналық-санитариялық көмек (жан басына шыққандағы норматив) - бір адамды тегін медициналық көмектің нақты көлемімен қамтамасыз етуге арналған шығындар көлемі;
жасы-жынысы бойынша түзету коэффиценті - халықтың әртүрлі жас-жыныс санаттарына медициналық көмек көрсету коэффиценті;
тарификатор - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген, көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі;
қызметтердің шығын сыйымдылығы коэффициенті - тарификатор бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің барлық түрінің орташа құнына бір медициналық қызмет құнының арақатынасы нәтижесінде алынған коэффициент;
емделіп шығу жағдайы - стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
тариф - стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емделген бір жағдайға; жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы, санитариялық авиацияны бір шақыру үшін медициналық көмек көрсету құны;
бастапқы медциналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент - бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескертін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
Тоғызыншы абзац 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі - КШТ) - тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
Оныншы абзац 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
КШТ бойынша шығынды сыйымдылығы коэффициенті - барлық топтар бойынша аурулардың бір тобы шығындарының орта шығындарға арақатынасы, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
6. Денсаулық сақтау ұйымдарына шығыстарды өтеу орындалған жұмыстар (қызметтер) актілері мен шот-тізілімдердің негізінде жүргізіледі, оларды ұсынудың нысандары мен тәртібін денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
7. Денсаулық сақтау ұйымдарында паллиативтік көмек көрсету, мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі, тәулік бойы медициналық бақылай отырып, оңалту кезінде бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу осы Ереженің 17-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақтығы бір күннің ішінде төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін паллиативтік көмек көрсету, мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі, медициналық бақылай отырып, оңалту кезінде бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу осы Ереженің 20, 20-1-тармақтарында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібі
9. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі тіркелген халықтың санын жан басына шаққандағы нормативке және жынысы-жасы бойынша түзету коэффициентіне көбейту жолымен осы Ережеге l-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
10. Жан басына шаққандағы норматив бір адамға белгіленеді.
Ауылдық денсаулық сақтаудың ерекшелігін, қызмет көрсету учаскесінің географиялық созылымдылығын, ауылдық жерлердегі халықтың тығыздығының төмендігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін жеке жан басына шаққандағы нормативті белгілеуі мүмкін.
11. Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициентін есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компоненттің шығындарын өтеу біліктілікті арттыруға және сараланған төлемдерді ескере отырып, еңбекті ынталандыруға арналған шығындарды қамтиды және осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жедел медициналық көмек көрсету, санитариялық авиация үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі жоспарланған медициналық қызметтер көрсету санына шұғыл медициналық көмек көрсетуге кезекті жоспарлы кезеңге тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын болу жолымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
13. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі қызметтердің шығынды қажет ететін коэффициентін тарификатордың базалық тарифіне көбейту жолымен осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
14. Қызметтердің шығынды қажет ететін козффициентін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін базалық тарифті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі кезекті жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын консультациялық-диагностикалық көмекке, медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланатын санына бөлу жолымен осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Барлық жоспарланатын медициналық қызметтер бойынша шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті және жоспарланатын емделген жағдайлардың шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша КШТ бойынша пилоттық ұйымдарды қоспағанда, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Коммуналдық және басқа шығыстар денсаулық сақтау ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткең тарифтер бойынша өтеледі.
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдары емделген науқастардың көлемдерін орындамаған кезде коммуналдық және басқа шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерге сәйкес есептелген ең төменгі нақты шығыстар бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Пациентті қалпына келтіріп емдеуге және медициналық оңалтуға ауыстыру жағдайларын қоспағанда, медициналық ұйымның ішінде аурулардың бейімі бойынша ауруды бір бөлімшеден басқа бөлімшеғе ауыстыру кезінде оны емдеу үшін ақы төлеу бір емделген жағдай ретінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Денсаулық сақтау ұйымдары үйде стационарды алмастыратын көмек корсету кезінде бір емделіп шыққан жағдай үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша, осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын күндізгі стационардағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 20-2-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
20-2. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек көрсету кезіндегі КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы құнының 1/4-ін құрайды.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
20-3. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін үйде стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек көрсету кезіндегі КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы құнының 1/6-ін құрайды.
21. ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 392 Қаулысымен 22-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
22. Стационарлық медициналық көмек көрсететін лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін лизингтік төлемдердің шығыстарын өтеуге арналған қаржыландыру көлемі осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
Пилоттық ұйымдарға лизинг төлемдерін өтеуді медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражатын пилоттық ұйымдардың шотына шарт негізінде аудару жолымен жүзеге асырады. Лизинг төлемдерін өтеуге бағытталған бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, медициналық техниканы кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында беру үшін сатып алу қызметінің негізгі мәні болып табылатын ұйыммен жасалған қаржылық лизинг шартының шеңберінде ғана пайдаланылады.
Лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдарының лизингтік төлемдерін өтеуге қаражат жетіспеген жағдайда лизингтік төлемдер ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражаттың есебінен өтеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 23-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
23. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарлық көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
1-қосымша
Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру көлемін
айқындау формуласы
Қарж. к = Хал. с х Ж норм, х Ж коэф.,
мұнда:
Қарж. К - алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын кезекті жоспарлау кезеңіне арналған қаржыландыру көлемі;
Хал. с - тіркелген халық саны;
Ж норм. - жан басына шаққандағы норматив;
Ж коэф. - жынысы-жасы бойынша түзету коэффициент!.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
1-1-қосымша
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент шығындарын
өтеу жөніндегі қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
К қк өңір = Бал. құны х ∑ өңілердің БМСК МҰ балы,
мұнда:
К қк өңір - тиісті өңірдің (облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) кезекті жоспарлы кезеңіне арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентгі қаржыландыру көлемі;
∑ өңір БМСК МҰ балы - тиісті өңірдің (облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) кезекті жоспарлы кезеңіне арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау медициналық ұйымдары баллдарының сомасы;
Бал. құны = ҚР қк қаржыл. К /∑ ҚР БМСК МҰ балы,
мұнда:
ҚР қк қаржыл. К - республикалық бюджет қаражатынан кезекті жоспарлы кезеңге арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті қаржыландыру көлемі;
I ҚР БМСК МҰ балы - кезекті жоспарлы кезеңге арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін барлық денсаулык сақтау медицинальгқ ұйымдары баллдарының сомасы.
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
2-қосымша
Жедел медициналық көмекті және санитариялық авиацияны
қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
Қарж. к = Қараж. к/Ж с,
мұнда:
Қарж. к — жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация көрсету үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;
Қараж. к - кезекті жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттердің шұғыл медициналық көмек көрсетуге көзделген қаражаты;
Ж с шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы қызметтердің жоспарланатын саны.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
3-қосымша
Консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру көлемін
айқындау формуласы
Қарж. к = Ш к. х Б т,
мұнда:
Қарж. к - консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемі;
Ш к - қызметтердің шығынды қажет ететін коэффициент;
Б т - тарификатордың базалық тарифі.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
4-қосымша
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін базалық
тарифті айқындау формуласы
Б т = Қараж. к/(Жс х К ш.орт.),
мұнда:
Қараж. к - кезекті жоспарлы кезеңге арналған консультациялық-диагностикалық көмекке көзделген қаражат;
Ж с - консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардағы медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланған саны;
К ш. орт. - барлық жоспарланған қызметтер бойынша шығынды қажет ететін орташа коэффициент.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
5-қосымша
Стационарлық көмек көрсеткені үшін тарифті айқындау
формуласы
Тст = НМШ + ҚМШ+ЛТ, мұнда
Тст - стационарлық көмек тарифі;
НМШ - негізгі медициналық шығыстар, ол денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
Пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алу «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚМШ - қосымша медициналық шығыстар, ол коммуналдық және өзге де шығыстарды қамтиды: лизингтік төлемдерден басқа, жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу, стационарды орналастыру үшін үй-жайды жалға алу, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүкәммалды және басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алу;
ЛТ - лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстар.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
6-қосымша
Үйде стационарды алмастыратын көмек тарифін айқындау формуласы
Тү = ЕА + ҚАТ + ӘА + ДЗ, мұнда:
Тү — үйде стационарды алмастыратын көмек тарифі.
ЕА — денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
ҚАТ - қосымша ақшалай төлемдер: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлеу;
ӘА - әлеуметтік аударымдар: Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеу;
ДЗ - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 530 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
7-қосымша
Күндізгі стационар тарифін айқындау
формуласы
Тк.ст. = НМШ + ҚМШ+ЛТ, мұнда
Тк.ст. - күндізгі стационардың тарифі;
НМШ - негізгі медициналық шығыстар, ол денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
ҚМШ - қосымша медициналық шығыстар, олар коммуналдық және басқа шығыстарды: лизингтік төлемдерден басқа, жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға арналған шығындарды, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеуді, кеңсе тауарларын сатып алуды, іссапар шығыстарын, ағымдағы жөндеуді, стационарды орналастыру үшін үй-жайларды жалға алуды, шаруашылық тауарларын, жұмсақ мүкәммалды және басқа да қызметтерді сатып алуды қамтиды;