Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
2. «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 2030 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты
есебінен өтеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, шарт негізінде жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың барлық түрлері өтеледі.
4. Денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстары экономикалық жіктемесінің тиісті ерекшелігі бойынша өтеледі.
5. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
жан басына шаққандағы норматив - бір адамды тегін медициналық көмектің нақты көлемімен қамтамасыз етуге арналған шығындар көлемі;
жасы-жынысы бойынша түзету коэффиценті - халықтың әртүрлі жас-жыныс санаттарына медициналық көмек көрсету коэффиценті;
тарификатор - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген, көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесі;
қызметтердің шығын сыйымдылығы коэффициенті - тарификатор бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің барлық түрінің орташа құнына бір медициналық қызмет құнының арақатынасы нәтижесінде алынған коэффициент;
емделіп шығу жағдайы - стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
тариф - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, ауруларды диагностикалау мен емдеудің стандарттарына сәйкес бір емделген жағдай үшін медициналық көмек көрсету құны.
6. Денсаулық сақтау ұйымдарына шығыстарды өтеу орындалған жұмыстар (қызметтер) актілері мен шот-тізілімдердің негізінде жүргізіледі, оларды ұсынудың нысандары мен тәртібін денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
7. Денсаулық сақтау ұйымдарында паллиативтік көмек көрсету, мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі, тәулік бойы медициналық бақылай отырып, оңалту кезінде бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу осы Ереженің 17-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақтығы бір күннің ішінде төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін паллиативтік көмек көрсету, мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі, медициналық бақылай отырып, оңалту кезінде бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу осы Ереженің 20-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты
есебінен өтеу тәртібі
9. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру көлемі тіркелген халықтың санын жан басына шаққандағы нормативке және жынысы-жасы бойынша түзету коэффициентіне көбейту жолымен осы Ережеге l-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
10. Жан басына шаққандағы норматив бір адамға белгіленеді.
Ауылдық денсаулық сақтаудың ерекшелігін, қызмет көрсету учаскесінің географиялық созылымдылығын, ауылдық жерлердегі халықтың тығыздығының төмендігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін жеке жан басына шаққандағы нормативті белгілеуі мүмкін.
11. Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициентін есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
12. Жедел медициналық көмек көрсету, санитариялық авиация үшін қаржыландыру көлемі жоспарланған медициналық қызметтер көрсету санына шұғыл медициналық көмек көрсетуге кезекті жоспарлы кезеңге облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың бюджеттерінің көзделген қаражатын болу жолымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
13. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемі қызметтердің шығынды қажет ететін коэффициентін тарификатордың базалық тарифіне көбейту жолымен осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
14. Қызметтердің шығынды қажет ететін козффициентін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
15. Консультациялық-диагностикалық көмек корсету үшін базалық тариф қызметтердің шығынды қажет ететін коэффициентін ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың бюджеттерінің медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланатын санына консультациялық-диагностикалық көмекке көзделген қаражатын кезекті жоспарлы кезеңге бөлу жолымен осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
16. Барлық жоспарланған медициналық қызметтер бойынша шығынды қажет ететін орташа коэффициент денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
17. Бір емделіп шығу жағдайы үшін қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
18. Коммуналдық және басқа шығыстар денсаулық сақтау ұйымдары үшін бір емделген науқасқа есептеліп, бекітілген тариф шеңберінде өтеледі.
Коммуналдық және басқа шығыстар денсаулық сақтау ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен емделген бір науқасқа нақты қалыптасқан норматив бойынша өтеледі.
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдары емделген науқастардың көлемдерін орындамаған кезде коммуналдық және басқа шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерге сәйкес есептелген ең төменгі нақты шығыстар бойынша жүзеге асырылады.
19. Пациентті емдегені үшін, оның ішінде оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстыру кезінде ақы төлеу бір емделіп шығу жағдайы ретінде жүзеге асырылады.
20. Денсаулық сақтау ұйымдары стационарды алмастыратын медициналық көмектің түрлерін корсету кезінде бір емделіп шыққан жағдай үшін қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша, осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.
21. Пациентті емдегені үшін, оның ішінде оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстыру кезінде ақы төлеу бір емделіп шығу жағдайы ретінде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
1-қосымша
Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру көлемін
айқындау формуласы
Қарж. к = Хал. с х Ж норм, х Ж коэф.,
мұнда:
Қарж. К - алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын кезекті жоспарлау кезеңіне арналған қаржыландыру көлемі;
Хал. с - тіркелген халық саны;
Ж норм. - жан басына шаққандағы норматив;
Ж коэф. - жынысы-жасы бойынша түзету коэффициент!.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
2-қосымша
Жедел медициналық көмекті және санитариялық авиацияны
қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
Қарж. к = Қараж. к/Ж с,
мұнда:
Қарж. к — жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация көрсету үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;
Қараж. к - облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттерінің шұғыл медициналық көмек көрсетуге көзделген қаражаты;
Ж с шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы қызметтердің жоспарланатын саны.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
3-қосымша
Консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру көлемін
айқындау формуласы
Қарж. к = Ш к. х Б т,
мұнда:
Қарж. к - консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемі;
Ш к - қызметтердің шығынды қажет ететін коэффициент;
Б т - тарификатордың базалық тарифі.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
4-қосымша
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін базалық
тарифті айқындау формуласы
Б т = Қараж. к/(Жс х К ш.орт.),
мұнда:
Қараж. к - облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың бюджеттерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған консультациялық-диагностикалық көмекке көзделген қаражаты;
Ж с - консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардағы медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланған саны;
К ш. орт. - барлық жоспарланған қызметтер бойынша шығынды қажет ететін орташа коэффициент.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
5-қосымша
Стационарлық көмек көрсеткені үшін тарифті айқындау формуласы
Т = МШ+МЕШ, мұнда:
МШ - медициналық шығыстар, ол денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді, ҚР Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерді жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауығуға берілетін жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу.
«Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтардың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациенттер үшін тамақ өнімдерін салып алу.
МЕШ - медициналық емес шығыстар, ол коммуналдық және өзге де шығыстарды қамтиды: жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындар, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу, стационарды орналастыру үшін үй-жайды жалға алу, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүкәммалды және басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алу.
Денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
өтеу ережесіне
6-қосымша
Стационарды алмастыратын көмек тарифін айқындау формуласы
Т = ЕА + ҚАТ + ӘА + ДЗ, мұнда:
Т — стационарды алмастыратын көмек тарифі.
ЕА — денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
ҚАТ - қосымша ақшалай төлемдер: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлеу;
ӘА - әлеуметтік аударымдар: Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеу;
ДЗ - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алу.