Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 Қаулысы
(2011.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.03.11. № 1002 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.06. № 709 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:
1) тау-кен металлургия саласында - кемінде 1,6;
2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;
3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,7-ден 4-ке;
4) химия өнеркәсібінде - 1,5;
5) мұнайгаз саласында - 1,8;
6) құрылыс саласында - 1,5;
7) электр энергетикалық кешенде - 2,0 болып бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |