Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 Қаулысы
(2008.03.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:
1) тау-кен металлургия саласында - кемінде 1,6;
2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;
3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,6-дан 2,2-ге дейін;
4) химия өнеркәсібінде - 1,5 болып бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2008.03.11. № 1002 Қаулысымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) мұнайгаз саласында - 1,8;
6) құрылыс саласында - 1,5.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |