Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.».
1-баптың 10-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
85-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 жыл, № 1, 1-құжат; №2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
осы Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;».
2-бап. Осы Заң:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма алтыншы абзацтарын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетінші - отыз бірінші абзацтарын;
3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз екінші - отыз алтыншы абзацтарын;
4) электр қыздыру шамдарын сату және өндіру үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу бөлігінде:
қуаты 100 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2012 жылғы 1 шілдеден бастап;
қуаты 75 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап;
қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшін 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз жетінші - отыз тоғызыншы абзацтарын;
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының қырқыншы - қырық төртінші абзацтарын;
6) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын;
7) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы осы Заңның 1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының ережелерін;
8) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын;
9) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 1) - 8), 10), 11), 14) - 16) тармақшаларын;
10) 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 9) тармақшасын;
11) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын;
12) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 13-і.
№ 542-IV