80) фьючерс - стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын келісілген баға бойынша және белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді;
81) хеджирлеу - қаржы құралдарымен мәміле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің кірістері мен шығындарының туындауы жай-күйіне байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау;
82) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттің үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
83) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі, номиналды құны (облигациялар үшін) туралы мәліметтер;
84) ішкі құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
85) эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар;
86) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу;
87) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы;
88) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі - эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат;
89) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектісі ретінде болуын тоқтату;
90) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздарды бастапқы бағалы қағаздар рыногында сату;
91) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы;
92) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет
көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі;
93) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.»;
2) 2-баптың 3-тармағы «эмиссиялық бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «, өзге де қаржы құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағы «бағалы қағаздарға» деген сөздерден кейін «және өзге де қаржы құралдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 9-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
«Эмитент» деген сөзден кейін «қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және» деген сөздермен толықтырылсын;
«саны өзгерген» деген сөздер «саны кеміген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 22-1-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде «құрылған» деген сөзден кейін «және (немесе) активтерінің кемінде үштен екі бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облигацияларды төлеу ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигацияны толық төлегенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны иеленушінің жеке шотына осы облигацияны есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.»;
7) 45-баптың 3-тармағындағы «бір ғана» деген сөздер алып тасталсын;
8) ) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-1-бап. Лицензиат органдары
Лицензиат (тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды құрады:
1) басқару органы;
2) атқарушы орган;
3) бақылаушы орган.»;
9) 54-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларындағы «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер «осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «құжаттар» деген сөз «құжаттардың толық пакеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігіндегі «жеке» деген сөз алып тасталсын;
10) 56-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «он проценті шегінен аспайтын» деген сөздер «он процент және одан көп» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «тәртібі» деген сөзден кейін «мен талаптары» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 72-бап мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқаратын басшы қызметкерлер болуға тиіс.»;
12) 84-бапта:
2-тармақтағы «бес» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «акционері» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 89-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
14) 90-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
15) 92-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «барлық лицензиаттардың жартысынан астамы» деген сөздер «лицензиаттардың кемінде 30 проценті» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат, № 4, 33-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;
2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
3) басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;
5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;
7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;
8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;
10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;
12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;
15) пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алуы арқылы инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шартын бұзу;
16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;
17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;
18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;
19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;
20) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2) 4-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Жабық» деген сөз «Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «және тіркеуші» деген сөздер «, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктегі «және жылжымайтын мүлік қорларына» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.»;
3-тармақтағы «және тіркеуші» деген сөздер «, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2) тармақшасы «акционерлік» деген сөздің алдынан «ағымдағы қызметке арналған, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.
Кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.»;
7) 20-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «көшірмелері» деген сөз «жобасы» деген сөзбен ауыстырылсын;».
8) 24-бапта:
4-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінім берушіге ақшаны беру (оның ішінде ақшаны ол көрсеткен шотқа аудару) пайларды сатып алған күні жүзеге асырылады.»;
5-тармақтағы «өтінім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күніндегі» деген сөздер «пайларды сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Басқарушы компания пайларды орналастыруды тоқтата тұру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, орналастыруды тоқтата тұру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар еткен жағдайда, пайларды орналастыруды белгілі бір кезеңге тоқтата тұру мүмкіндігін аралық және жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көздеуге құқылы.»;
10) 27-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында ресми тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
11) 28-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіледі.
Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өздерінің құқықтарына нұқсан келтіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қарсы дауыс берген пай ұстаушылар қор ережелерінде пай ұстаушының пайларды сатып алу құқығының болуына қарамастан, осы өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілгендігі туралы көрсетіле отырып, мәтіні баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе оларды қор ережелерінде белгіленген тәртіппен алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде басқарушы компаниядан өздеріне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы.»;
4-тармақ «кастодианмен» деген сөзден кейін «, тіркеушімен» деген сөзбен толықтырылсын;
12) 31-баптың 2-тармағындағы «ішінара» деген сөз алып тасталсын;
13) 37-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттар, жобалау-сметалық құжаттама;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) басқарушы компанияның инвестициялық қордың есебінен және оның мүддесіне сай жасалған, құрылысқа үлестік қатысу шарттарынан туындаған талап құқықтары;»;
үшінші бөлік «активтерін» деген сөзден кейін «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «осы үйлер мен ғимараттар орналасқан» деген сөздер алып тасталсын;
3-2-тармақ «процентін» деген сөзден кейін «, жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлікті қайта бағалаудан түскен кірістерді шегере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
14) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «жасасуға құқығы жоқ.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі кірістілігі туралы ақпаратты көрсетуге құқылы емес.»;
15) 44-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестициялық қордың акциялары мен пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізуге;»;
16) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәліметтер акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабардар ету, акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлік инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.».
7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 20-құжат):
1-баптың 10-тармағының 1) тармақшасындағы «30)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң, осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 12) тармақшасын, осы Заңның 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, сондай-ақ осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының қырық төртінші абзацын, 2), 9) және 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16) және 17) тармақшаларын, 20) тармақшасының үшінші абзацын және 24) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтірсін.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельді таңдау туралы өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс жүргізсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ | |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қарашаның 20-сы.
№ 88-ІV