21) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
25) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
26) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
27) зейнетақы төлемдері:
Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
28) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
29) зейнетақы аннуитеті шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
31) инвестициялық декларация - зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
32) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
3 тармақтың 1) тармақшаның 44 абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары жиынтығы;
34) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
35) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк;
36) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
37) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
38) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
39) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
40) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
41) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетіледі;
42) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
43) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
44) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
45) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін экономикалық талаптар;
46) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
47) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
48) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
49) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға.»;
2) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларының консервативті және қалыпты инвестициялық портфельдеріне енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельге енгізілген жинақталған зейнетақы қаражатының және осы инвестициялық портфельде болу кезеңінде түскен жарналардың сақталуын осы Заңда көзделген тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып қамтамасыз етеді.»;
3) 8-бапта:
2-тармақтағы «Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы» деген сөздер «Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы алушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «мүгедегі болған» деген сөздерден кейін «, Орталықтан» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 18-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) салымшы зейнетақы төлемдеріне құқық алған кезде нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейін ескеріп анықтауды;»;
3 тармақтың 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражатының аударылғаны туралы электрондық хабарламалар жіберуді және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарынан құралған жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыруды;»;
мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір жыл ішінде екі рет шарт жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаларды деректердің бірыңғай тізіміне енгізуден бас тартуды;»;
3 тармақтың 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтар 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды;»;
5) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.»;
6) 23-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «елу бес жасқа» деген сөздер «елу жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-3-баптың 2-тармағында:
«1-3-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, 22-бабының 3-2-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
«не» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.»;
8) 25-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салымшының, алушының, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қарыздары бойынша зейнетақы активтері мен жинақталған зейнетақы қаражатына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкротқа ұшыраған жағдайда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.»;
2-1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгіленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.»;
4-тармақта:
«Алушы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетпеген адам» деген сөздермен толықтырылсын;
«он бес еселенген» деген сөздер «елу еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 9) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 27-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын осы жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдердің біреуінде немесе бірнешеуінде сақтауға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;»;
10) 27-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару
1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа зейнетақы қорымен жасасатын шарты бойынша Орталықтың электрондық хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.
2. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударудың тәртібі, сондай-ақ салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына аудару уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды салымшы (алушы) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшы (алушы) туралы ақпарат бар және салымшыға (алушыға) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электрондық терминалдар арқылы аударуға мүмкіндік беретін электрондық құжат арқылы жүзеге асырады.»;
3 тармақтың 11) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 29-бапта:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптастыратын әрбір инвестициялық портфелі бойынша инвестициялық декларациялары зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптастыратын әрбір инвестициялық портфелі бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мерзімді баспасөз басылымдарында зейнетақы ережелерін (олардағы өзгерістерді) уәкілетті органмен келіскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жариялануға тиіс.»;
2-тармақ «ережелерін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 12) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 30-бап мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жылда екі реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезінен бастап күшіне енеді.
4. Салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жіберуші қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негізінде он бес жұмыс күні ішінде алушы қорға жіберуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берілмейді.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылады.»;
13) 31-бапта:
3 тармақтың 13) тармақшаның екінші -он бірінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
«есептелетін» деген сөз «консервативтік және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кірістілігінің көрсеткіші» деген сөздерден кейін «портфельдің тиісті түрі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфелінің номиналдық кірістілігін және әрбір инвестициялық портфель түрі кірістілігінің ең төменгі мәнін есептеудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
үшінші бөліктегі «активтеріне қатысты» деген сөздер «консервативтік және (немесе) қалыпты портфелінің активтеріне қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «есептелетін» деген сөз «консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер агрессивті инвестициялық портфельден аудару кезінде жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері агрессивті инвестициялық портфельге түскен жинақталған зейнетақы қаражатының және инфляция деңгейін ескере отырып есептелген агрессивті портфельде болу кезеңінде енгізілген жарналардың сомасынан аз шамада болса, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өз қаражаты есебінен айырманы өтейді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы төлемегені үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.»;
14) 31-1-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.»;
15) 31-3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.»;
3 тармақтың 16) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық портфельдер
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельдердің мынадай түрлерін:
1) акцияларды қоспағанда, активтері қаржы құралдарына инвестицияланатын консервативтік түрін;
2) активтері қаржы құралдарына, оның ішінде отыз проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланатын қалыпты түрін қалыптастыруға міндетті.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельді қосымша қалыптастыруға құқылы, оның активтері қаржы құралдарына, оның ішінде сексен проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланады.
3. Зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде инвестициялау объектілерінің тізбесі, қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялардың мөлшері және инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері, хеджирлеу жөніндегі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияны инвестициялық портфельдің әрбір түрі үшін әзірлейді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияға өзгерістерді жылына көп дегенде екі рет енгізуге құқылы.
5. Зейнеткерлік жасына дейін жеті жыл және одан да аз уақыт қалған не зейнеткерлік жасына жеткен тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе басқа кез келген жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивті инвестициялық портфеліне кейіннен аудармайтындай етіп қалыпты немесе консервативтік инвестициялық портфельге аударады.
6. Инвестициялық портфельді таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры қалыпты инвестициялық портфельге аударады.»;
3-тармақтың 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 36-бапта:
1-4-тармақта:
1) тармақшадағы «резиденті емес» деген сөздер «резиденттері емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «резиденті-заңды тұлғаның» деген сөздер «резиденттері-заңды тұлғаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде бірде-бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентінен астамын иеленуге, билік етуге және (немесе) басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.»;
18) 36-2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «аяқталған» деген сөзден кейін «соңғы» деген сөзбен толықтырылсын;
19) 40-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;»;
4-тармақта:
1), 2) тармақшалардың бірінші бөлігіндегі «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер «осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «жетпіс бес» деген сөздер «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «құжаттар» деген сөз «құжаттардың толық пакеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 41-бапта:
2-тармақта:
3 тармақтың 20) тармақшаның үшінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақшадағы «бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне» деген сөздер «басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір жинақтаушы зейнетақы қорының ішіндегі басқа инвестициялық портфельге,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылуға тиісті жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы туралы мәлімет беруге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) зейнетақымен қамсыздандыру туралы әрбір жеке тұлғамен шарт жасасуды және оны бұзуды, салымшының (алушының) не сенім білдірілген адамның жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтініштерін олардың тұратын жеріне қарамастан қабылдауды және орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір филиалдың және өкілдіктің осындай қызметтерді көрсетуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
21) 42-1-баптың 2-тармағында «1-1-тармағының 3)-6) тармақшаларында» деген сөздер «8-тармағының 3)-7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 42-4-баптың 1-тармағында: