15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа немесе фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданатын;
3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтініші берілген өткізу айналымдары жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушіге қатысты жүргізілмейді.
16. Салықтық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтінішінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін
27-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күні деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тізбесіне енгізу күні түсінілетіні белгіленсін.
28-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін 2009-2010 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 99-бабына сәйкес түзетулерді ескерусіз 2007 жылдың деректері бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші енгізіледі.
Аталған тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.
29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылуына байланысты өтініші бойынша салықтық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауы мәселесі бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға тиіс деп белгіленсін.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.
31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезінен бастап бес жылдан астам әрекетсіз салық төлеушінің жеке шоты есебіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
салықтың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) бюджетке артық төленген басқа да міндетті төлемнің сомасы:
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
3) бюджетке артық төленген өсімпұлдың сомасы:
салықтың осы түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтардың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне есепке алуға жатады деп белгіленсін.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептен шығарылады.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнінен бастап әрекетсіз салық төлеушінің жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуінің, осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығарудың мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап.
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:
2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін салық органдары салған, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазаны орындаудан босатылуға жатады.
Осы баптың ережелері:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 мамыр аралығы кезеңінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша төленген өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін түзілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің осындай түрлері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу есебіне бюджетке есепке алынуға жатады.
Осы баптың ережелері:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
олар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қосымша және (немесе) хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету нәтижесінде түзілген;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзімі 2009 жылы бітетін патент алған дара кәсіпкерлер 2009 жылдың келесі айларына патент алу үшін патент есебін ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететін болып белгіленсін. Бұл сома 2009 жыл ішіндегі табысты есептеген кезде ескеріледі.
34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлікте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік болып табылады деп белгіленсін.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлерді негізге ала отырып айқындалатын болып белгіленсін.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) нормаларын ескере отырып қайтару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Осы бапқа сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі белгіленсін.
1. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, қызметтің мынадай түрлерін:
газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);
жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін;
үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Бұл ереже жоғарыда аталған салық төлеушілерге олардың жалпы белгіленген тәртіпті не арнаулы салық режимін пайдалануына қарамастан қолданылады.
2. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, күнтізбелік жылда бәрін қосқанда тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын қызмет дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызмет деп түсініледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар күнтізбелік жылда тоқсан күннен асатын мерзімде қызметін жүзеге асырған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.
5. Біржолғы талон арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат болып табылады.
6. Біржолғы талондардың кұны табыс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Біржолғы талондарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған органдар қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін береді.
Салық төлеушінің қалауы бойынша біржолғы талон бір күнге немесе неғұрлым ұзақ мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Біржолғы талонды бір күннен асатын мерзімге берген жағдайда, оның бағасы жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленген бағаны біржолғы талонның қолданылатын күнінің санына көбейту жолымен айқындалады.
Біржолғы талондар беру:
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін - салық төлеушінің куәлігін;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде жүргізіледі.
Біржолғы талонның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қызмет тоқтатылған жағдайда, қызмет уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген жағдайларда біржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Біржолғы талон біржолғы талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Біржолғы талонның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.
9. Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеушілер кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен немесе біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша қызметтің көрсетілген түрлері бойынша салықты есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпы белгіленген тәртіппен не ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер мен шығыстар салық салынатын кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Көрсетілген жағдайларда жеке немесе корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы біржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауы тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Базарларда жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың қызметкерлері тауарлар өткізген, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен жағдайда, біржолғы талон дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға беріледі.
Көрсетілген жағдайда қызметкер біржолғы талонды алу үшін:
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін қоса беріп, біржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуға тиіс.
Базарда сатуды күнтізбелік жылдың тоқсан күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет жөнінде жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын ұсынбайды.
11. Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органдар:
1) біржолғы талондар түбіртектерінің толтырылуының толықтығын, дұрыстығын және сақталуын;
2) біржолғы талондарды беруден түскен сомалардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен журналда біржолғы талондарды беру есебінің жүргізілуін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ай сайын салық органына:
кәсіпкерлік қызметі жылына 90 күннен асатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар туралы;
біржолғы талондардың пайдаланылған және бүлінген бланкілері туралы;
қалған біржолғы талондар туралы;
біржолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
жеке тұлғалар отыз күнге сатып алған талондар мерзімінің біткен күні туралы мәліметтер беріп отыруды;
5) біржолғы талондардың түбіртектерін, бүлінген және пайдаланылмаған біржолғы талондарды есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей салық органына тапсыруды қамтамасыз етеді.
12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер сатып алушының талабы бойынша берілген және тауарлар өткізгені, жұмыстар орындағаны, қызмет көрсеткені фактісін растайтын құжатта базардың атауын, біржолғы талонның сериясы мен нөмірін, берілген күнін көрсетуге міндетті.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Қосылған құн салығын төлеушілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген салық тіркелімін жүргізуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 656-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осы бапта белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың қызметіне бақылау:
бюджетке берілген біржолғы талондар сомаларының дұрыс есептелуі, толық әрі уақтылы аударылуы (есепке жатқызылуы);
біржолғы талонды, біржолғы талон түбіртегінің толық және дұрыс толтырылуы, біржолғы талондар түбіртектерінің сақталуы;
салық органдарына мәліметтердің дұрыс және уақтылы табыс етілуі;
біржолғы талондарды беру есебінің дәйекті жүргізілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдарының уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылауды тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау жүргiзуге тартылатын басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (олар болған жағдайда);
5) бақылауды жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылауды жүргiзу мәселелері;
8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешім құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік тіркелуге жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және осы Заңның 36-бабының 4-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 43-бабының ережелері қолданылады деп белгіленсін.
38-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.