2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 53-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 54-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
54-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 56-бабы 3-тармағының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 55-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген не казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, елдi мекендердiң автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген жерлерi, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген елдi мекендер жерлерiне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшін осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
1-1. Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген елдi мекендердiң жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттарға жататын жерлер осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге ғана қолданылады, ол бір мезгілде мынадай:
жобалау құжаттамасымен ғимараттың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген;
автотұрақтар (паркингтер) жалпы алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50 пайызынан аспайтын шарттарға сәйкес келеді.
2. Казино орналасқан елді мекендер жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкалары азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 56-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
56-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларының 50 пайызынан аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.».
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 57-баппен толықтырылды
57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 100-ІV ҚРЗ