Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 210-құжат);
3) «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 382-құжат).
ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.02 № 220 қаулысымен (бұр. ред. қара) (2009.01.01 қолданысқа енгізілді); 2010.18.06. № 613 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26 -тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 352 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тізілімін жүргізу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі»;
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
«Әділет министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі»;
«Статистика жөніндегі агенттік», «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі», «Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (республикалық меншік бойынша)», «Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті», «Жергілікті атқарушы органдар (коммуналдық меншік бойынша)» деген бөлімдерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі»;
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
2. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың сегізінші абзацында:
«әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, онда әлеуметтік жеке код беру үшін тіркеу карточкасына енгізілген» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың үшінші абзацында «тіркелген әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың үшінші абзацында:
«әлеуметтік дербес кодын» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код беру үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың бірінші абзацында:
«қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтік дербес кодтарды» деген сөздер «қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әлеуметтік дербес кодты беру үшін тіркеу кәртішкесіне енгізілген» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацында «немесе салымшының (алушының) деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта «салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта:
«салық төлеушінің атауы мен тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)»;
19-2-тармақта «салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер «бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-2-қосымшада:
«Қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы растау анықтамасы» деген кестенің 6-бағанында «Әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «Жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламада «СТН-і» деген аббревиатура «БСН-і (ЖСН-і)» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж. № 20-21, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарында:
туу туралы актіні жазуда:
«___»_____________19___ ж.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) №__________»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1 Заңды мекен-жайы қала (ауыл)____________________
аудан ____________________
облыс (өлке, республика)_______________»;
18-тармақта «Тұрақты мекені» деген сөздер «және заңды мекен-жайы» деген сөздермен толықтырылсын;
туу туралы актіні қалпына келтіруді жазуда:
«___»_____________19___ ж.» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) №__________________»;
8-тармақта «Тұрақты мекені» деген сөздерден кейін «және заңды мекен-жайы» деген сөздермен толықтырылсын;
туу туралы куәлікте:
«№ __________жазу жазылды» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«№ __________ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) берілді.»;
«ұлты___________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«азаматтығы_______________».
4. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
5-тармақтың үшінші абзацы «жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың үшінші абзацында «тұрақты тұратын жері;» деген сөздер «ЖСН, заңды мекен-жайы;» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
«ӘЖК _______________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН _______________________».
6. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
4-тармақтың екінші абзацында «жеке басының куәлігі мен әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгендігі туралы куәлігін» деген сөздер «жеке басын куәландыратын құжатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
«жеке куәлігінің №» деген сөздер «жеке басын куәландыратын құжаттың №» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ӘЖК №» деген сөздер» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1332 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 425 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат):
тақырыпта және 1-тармақта «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасында:
тақырыбында «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «СН» деген аббревиатура»«ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Атауы» деген бөлімшеде «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің сегізінші абзацында «жүйесін» деген сөзден «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері» деген 4-бөлімде:
екінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
сегізінші абзацта «Қазақстан Республикасында» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде:
1-бөлімшеде:
үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөз»«жеке сәйкестендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «СН құрылымына енетін мәліметтер өзгерген кезде» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
5-бөлімше мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау разрядының мәнін есептеу алгоритмі
ЖСН (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және онда клавиатуралық енгізу қателіктерін азайту мақсатында 12-бақылау разрядының болуы көзделеді, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
a12=(а1*b1+а2*b2+а3*b3+а4*b4+а5*b5+а6*b6+а7*b7+а8*b8+а9*b9+а10* b10+а11*b11)mod 11,
мұнда: аі - і-разрядтың мәні;
bі - і-разрядтың салмағы.
ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
разрядтың салмағы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11.
1. Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтың басқа кезегімен жүргізіледі:
ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
разрядтың салмағы: 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2.
2. Егер алынған сан тағы 10-ға тең болса, онда бұл ЖСН пайдаланылмайды.
3. Егер алынған санның мәні 0-ден 9-ға дейін болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.».
12.«Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
көрсетілген Ережеге қосымшада:
«Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК)
№
»
деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«СТН» деген жол алынып тасталсын;
«банктің СТН-і» деген сөздер»«банктің БСН-і» деген сөздермен ауыстырылсын.
13.«Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 287-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесінде:
көрсетілген Ережеге қосымшада:
Тараптардың деректемелері» деген 8-бөлімде:
«(әлеуметтік жеке кодтың (ӘЖК) нөмірі)» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген жол алынып тасталсын.
14. «Мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнайды жеткізушілердің және мұнай өнімдерін базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысандарын, ережелері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 9, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген № 1 есептілік нысанында:
«СТН» деген аббревиатура «БСН (ЖСН)» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
Ескертуде «СТН» деген 7-бағанда алушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН-і) көрсетіледі» деген сөздер «БСН (ЖСН)» - салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН (ЖСН) көрсетіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген № 1.1, 2, 2.1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 есептілік нысандарында:
«СТН» деген аббревиатура «БСН (ЖСН)» деген аббревиатуралармен
ауыстырылсын.
15 ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) алынып тасталды (бұр.ред.қара)
16. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
11-тармақта:
бірінші абзацта «әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрі - ӘЖК)» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «жеке тұлғаның ӘЖК алу үшін тіркеу карточкасына толтырған» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақта «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
25-тармақтың он екінші абзацында «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшаларда «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
17. ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1307 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18.«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді»;
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасауды және жүргізуді, сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды;
сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруды;
сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;».
19.«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бала туғанда берілетін жәрдемақы және (немесе) бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысанында:
«ӘЖҚ___________» деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініштің нысанында:
«ӘЖК №__________» деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
20. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
1-тармақтың 7) тармақшасында «салық төлеушінің куәлігін, әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлікті,» деген сөздер алынып тасталсын.
21. «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 52-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесінде:
4-тармақта:
«(әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы)» деген сөздер алынып тасталсын;
«әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
кестенің 1, 3, 5-бағандарында «ӘЖК тіркеу сәтіндегі» деген сөздер»«ЖСН қалыптастыру сәтіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 9-бағанында «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
кестенің 10-бағаны алынып тасталсын;
ескертпеде:
бірінші абзацта «ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы» деген сөздер «ЖСН қалыптастыру сәтіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «10,» деген цифр алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесінде:
2-тармақта:
«(әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы)» деген сөздер алынып тасталсын;
«әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
кестенің 1, 3, 5-бағандарында «ӘЖК тіркеу сәтіндегі» деген сөздер «ЖСН қалыптастыру сәтіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 9-бағанында «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
кестенің 10-бағаны алынып тасталсын;
ескертудің бірінші абзацында «ӘЖК тіркеу сәтіне және ағымдағы уақытқа» деген сөздер»«ЖСН қалыптастыру сәтіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
24. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақтың 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
«Менің (СТН)____________ӘЖК_____________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН________________»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
«Салымшының табельдік нөмірі__________________ӘЖК №________
СТН______________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Салымшының табельдік нөмірі________________________ ЖСН_________________________»;
«Төлеуші ұйымның СТН мен орналасқан жері» деген сөздер «Төлеуші ұйымның БСН-і мен орналасқан жері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 18-қосымшада 7-нысан кестесінің 4-бағанында «СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 20-қосымшада:
«ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
________
«СТН» деген жол алынып тасталсын.
25. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 329-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгі нысанында: