Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 Қаулысы
(2013.29.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1613 Қаулысымен (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 58 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы «15,» деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 301-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1613 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 58 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)