Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы
(2010.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.29.11. № 1113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1078 Қаулысымен (2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1416 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 20 шілдедегi
№ 750 қаулысымен
бекiтілген
Медициналык-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі -Ереже) 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Мұгедектерді әлеумеггік қорғау туралы», 2003 жылғы 25 сәуірдегі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым окиғалардан міндетті сақтандыру туралы», 1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мүгедектікті әрі еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеудің, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібін регламенттейді.
2. Мүгедектікті және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына кажеттілігін белгілеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты; әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) медициналық- әлеуметтік сараптама (бұдан әрі МӘС) жүргізу жолымен жүргізеді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік - қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, оның күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін кажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
2) еңбек қабілеті - қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға кабілеті;
3) жалпы еңбек қабілеті - адамның кез келген білікті емес жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабілеті;
4) кәсіп - арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі;
5) кәсіптік еңбек қабілеті - қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;
6) кәсіптік еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі - қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;
7) куәландыру - оңалту әлеуеті мен болжамын, әлеуметтік қорғау шараларын белгілей отырып, МӘС жүргізу;
8) куәландырылатын адам - оған қатысты МӘС жүргізілетін адам;
9) медициналық-әлеуметтік сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау;
10) мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
11) мүгедек бала - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа дейінгі адам;
12) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімін айқындайтын құжат;
13) мүгедектік - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі;
14) мүгедектерді әлеуметтік қорғау - мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені;
15) мүгедектерді оңалту - организм функцияларының тұрақты бұзылып денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешені;
16) оңалту болжамы - оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі және мүгедекті қоғамға кіріктірудің болжамды деңгейі;
17) оңалту әлеуеті - мүгедек организмінің бұзылған функцияларьг мен қабілеттерін медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
18) организм функциялары - организм жүйелерінің физиологиялық (психикалықты қоса алғандағы) функциялары;
19) организм функцияларының бұзылуы - организмнің қызметінде немесе құрылымында туындайтын, олардың нормадан едәуір ауытқуы ретінде қаралатын проблемалар;
20) тіршілік-тынысының шектелуі - адамның өзін өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айрылуы.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі міндеттері мен функциялары
4. Негізгі міндеттері:
1) мүгедектікті және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, олардың себептерін, мерзімдерін, туындаған уақытын айқындай отырып белгілеу;
2) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуын, осы іс-шаралардың тиімділігін бақылау;
3) өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жарақат немесе басқа да денсаулық зақымын алған қызметкердің (бұдан әрі — зардап шеккен қызметкер) көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілігін анықтау.
5. Негізгі функциялары:
1) мүгедектікті және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, олардың себептерін, мерзімдерін, туындаған уақытын айқындай отырып белгілеу;
2) зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығын анықтау;
3) мүгедектерді есепке алу жүйесі деректерінің орталықтандырылған банкін қалыптастыру, мүгедектік себебінің, құрылымы мен жай-күйінің мониторингін жүргізу;
4) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және түзету, олардың орындалу тиімділігін бақылау;
5) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін ұзарту;
6) әскери міндетті және әскерге шақырылу жасындағы адамдардың мүгедек деп танылуы туралы мәліметтерді жергілікті әскери басқару органдарына ұсыну;
7) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде консультативтік көмек көрсету, олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізуге қатысу;
8) жұмыс практикасына қазіргі заманғы, ғылыми қағидаттар мен әдістерді енгізу, сондай-ақ озық тәжірибені қорыту, тарату және МӘС әрі мүгедектерді оңалту жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
3. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі
6. Тіршілік-тынысының, оның ішінде аурудың, жарақаттың немесе кемістіктер салдарынан еңбек кабілетінің шектелуіне әкеп соқтыратың, организм функциялары тұрақты бұзылған адамдар, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгілер МӘС-ке жіберілуге тиіс.
7. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе күрт білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
8. Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды МӘС-ке жіберудің уақтылылығы мен негізділігі үшін жауапкершілік тиісті медицина ұйымының басшысына жүктеледі.
9. МӘС-ке жолдама тиісінше, сапалы ресімделмеген кезде аумақтық бөлімше тексеру деректері және ұсынылған медициналық кұжаттарды талдау негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, 088/у нысанының көшірмесің қоса ұсына отырып, он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
4. Куәландыру тәртібі
10. Куәландырылатын адамға МӘС медициналық ұйымның жолдамасы бойынша:
1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша;
2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша;
3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.
11. Куәландыру куәландырылатын адамның немесе оның заңды өкілінің мынадай құжаттар қоса ұсынылған өтініші бойынша жүргізіледі:
1) 088/у нысаны ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін түпнүсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы. Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);
4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық аурудың медициналық картасы, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
6) міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжат, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ол үшін әлеуметтік аударымдар жасалған қатысушысы болып табылатын адам табыс етеді;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса, еңбекке қабілетті жастағы адам ұсынады);
8) уақытша еңбекке жарамсыздығы парағы (анықтамасы) (жұмыс істейтін адам ұсынады);
9) еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы жазатайым окиға туралы актінің көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдықкан адам ұсынады);
10) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы (кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады);
11) себептік-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау кезінде ұсынылады).
12. Егер адам медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ке келе алмаса, онда куәландыру үйде, стационарда жүргізіледі және куәландырылатын адам қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде жүрген ерекше жағдайларда ғана, осы Ереженің 11-тармағында белгіленген куәландырылатын адамның немесе оның ата- анасының біреуінің немесе заңды өкілінің, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі адамның қамқоршысының, қорғаншысының келісімімен ұсынылған құжаттардың негізінде сырттай жүргізіледі.
Сырттай мүгедектік куәландырылған адамды мүгедектік белгіленген сәттен бастап 6 айдың ішінде бақылап тексеріп, 1 жылдан аспайтын мерзімге айқындалады.
13. МӘС ұсынылған кұжаттарды {клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек қабілетінің шектелуі дәрежесін бағалау жолымен аумақтық бөлімше бастығының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
14. Аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысы медициналық айғақтар, организмнің негізгі функциялары бұзылуының және осы Ережеге 1, 2 қосымшаларға сәйкес тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек қабілетінің шектелу дәрежесінің кешенді бағасына орай шығарылады.
15. Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.
16. МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері айқындалады:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсіптік ауру;
4) бала кезінен мүгедек;
5) уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты анықтаған жағдайда, әскери іс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде алған, әскери қызметін өткеру кезінде, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарумен байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан алған жаралану, контузия, жарақаттану, мертігу, ауру;
6) уәкілетті орган олардың себептік-салдарлық байланысын анықтаған жағдайда, төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде иондаушы сәуле әсерінен және/немесе олардың салдарынан алған ауру.
Мүгедектіктің себебі оның себептік-салдарлық байланысын анықтаған уәкілетті орган келтірген тұжырымдармен қатаң сәйкестікте шығарылады.
17. Мүгедектік және кәсіптік еңбек қабілетінен айрылу (бұдан әрі - КЕА) дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді. Мүгедекке КЕА дәрежесі кезекті қайта куәландыру мерзімімен белгіленген жағдайда КЕА дәрежесі мүгедектік мерзім аяқталғанға дейін белгіленеді.
Адамның айрылған еңбек қабілетіне пайыздық катынаспен көрсетілген жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінің төмендеу деңгейін сипаттайтын жалпы еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі (бұдан әрі - ЖЕА) мүгедектік мерзім аяқталғанға дейін белгіленеді, мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайда, ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығын беретін жасқа толғанға дейін белгіленеді. Он алты жасқа дейінгі адамдарға мүгедектік мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін белгіленеді. Он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға мүгедектік мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін белгіленеді.
Мүгедектік мерзімі мен еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі куәландырылатын адамның оңалту әлеуетіне сәйкес белгіленеді.
18. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік он сегіз жастан асқан адамдарға:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулар болған кезде, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз және мүгедектік тобы тұрақты болған кезде, бірінші топтағы мүгедекті - кемінде төрт жыл, екінші топтағы, үшінші топтағы мүгедекті - кемінде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейін, зейнет жасындағы адамдарға - оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
19. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейінгі ЖЕА дәрежесі:
1) осы Ережеге 3-қосымшада көзделген қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктері;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған кезде, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда, ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде төрт жыл, ЖЕА дәрежесі 30-дан 79 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейін белгіленеді.
20. Қайта куәландыру мерзімінсіз КЕА дәрежесі:
1) осы Ережеге 3-қосымшада көзделген қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктері;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған кезде, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда, КЕА дәрежесі 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде төрт жыл, КЕА дәрежесі 5-тен 89 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде алты жыл динамикалық кадағалаудан кейін белгіленеді.
21. Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы куәландырылатын адамның осы Ереженің 11-тармағында белгіленген құжаттары келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.
Куәландырылатын адамның деректері мүгедектерді есепке алу жүйесі деректерінің орталықтандырылған банкіне енгізіледі, онда МӘС актісі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы, хаттамалар журналы мен осы Ереженің 26-27-тармақтарында көрсетілген құжаттар қалыптастырылады. МӘС актісі мен хаттамалар журналына сараптамалық қорытындыны шығаруға қатысқан аумақтық бөлімшенің бастығы, бас мамандардың қолы қойылады және мөртаңбамен расталады.
22. Адам мүгедек деп танылған жағдайда, аумақтық бөлімше он жұмыс күні ішінде оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - ОЖБ) әзірлейді.
ОЖБ жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің бұзылған немесе жоғалтқан организм функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларың жүргізудің қажеттілігіне қарай әзірленеді.
23. Куәландырылатын адамның осы Ереженің 11-тармағында белгіленген тиісті құжаттарды аумақтық органға ұсынған күні мүгедектікті, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.
Мүгедектік тобы және оны белгілеу күні уақытша еңбекке жарамсыздық парағында немесе уақытша еңбек жарамсыздық туралы анықтамада көрсетіледі.
24. Сараптамалық қорытындыны шығару қиын болған кезде куәландырылатын адамды және/немесе куәландырылатын адамның кұжаттарын аумақтык бөлімше он жұмыс күні ішінде жоғары құрылымдық бөлімшеге жібереді, ол қаралып отырған мәселе бойынша белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытынды шығарады.
25. Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, аумақтық бөлімшеге себептік-салдарлық байланысты растайтын, осы Ереженің 11-тармағының 4), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген тиісті қүжаттарды ұқсынған күн мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі. Мүгедектік себебі «кәсіптік ауруға» немесе «еңбек жарақатына» өзгертілген жағдайда, куәландырылатын адамға бұрын белгіленген мүгедектіктің қалған кезеңіне КЕА дәрежесі туралы анықтама беріледі.
26. Мүгедектік және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленген кезде мүгедекке немесе оның заңды өкіліне:
1) мүгедектігі туралы анықтама;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы картасынан үзінді көшірме;
3) жалпы еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама;
4) кәсіптік еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама;
5) зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды беріледі.
27. Мүгедек деп танылмаған адамға кезекті қайта куәландыру кезінде толық оңалғаны туралы хабарлама беріледі.
28. Еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама жоғалған кезде аумақтық бөлімше телнұсқасын жазып береді. Мүгедектік туралы анықтама жоғалған кезде мүгедектің (оның заңды өкілінің) өтініші бойынша МӘС актісінің, хаттамалар журналының немесе мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірмелер негізінде мүгедектіктің тобы, себебі мен мерзімі туралы жазбаша растама беріледі.
29. Сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшелер әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органдарға мынадай құжаттарды:
1) мүгедектігітуралы анықтамадан үзінді көшірмені;
2) жалпы еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмені;
3) кәсіптік еңбек қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмені жібереді.
Мүгедектің ОЖБ-сы әзірленген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін аумақтық бөлімшелер оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын органдарға жібереді.
30. МӘС жүргізген кезде сараптамалық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін әкімшілік шығыстарға көзделген қаражат есебінен белгіленген тәртіппен осы қызметтерге ақы төленіп консультанттар (педиатр, психолог, заңгер және басқа да мамандар) тартылуы мүмкін.
31. Аумақтық бөлімшеге сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкіндік бермейтін, жеткілікті негізделмеген диагнозбен жіберілген адам куәландырылған кезде, аумақтық бөлімше диагнозды және организм функцияларының бұзылу дәрежесін нақтылау мақсатында оны қосымша тексеруге және емдеуге жібереді.
Куәландырылатын адам қосымша тексеруден және емделуден бас тартқан жағдайда, сараптамалық қорытынды медициналық ұйымдардың (емдеуші дәрігер, дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрағасы, консультанттар) және/немесе жоғары тұрған құрылымдық бөлімше мамандарының қатысуымен куәландыру сәтіндегі объективтік деректердің негізінде шығарылады, бұл туралы МӘС актісінде тиісті жазба жасалады.
5. Мүгедектік топтарын анықтау өлшемдері
32. Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:
1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айрылуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болмайды.
33. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшем болып табылады:
1) үшінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) үшінші дәрежедегі жүріп түру қабілеті;
3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті);
4) үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) үшінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
34. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың үштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшем болып табылады:
1) екінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) екінші дәрежедегі жүріп тұру кабілеті;
3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті);
4) екінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
7) екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
35. Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларынын тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшем болып табылады:
1) бірінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) бірінші дәрежедегі жүріп тұру қабілеті;
3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті);
4) бірінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) бірінші дәрежедегі қарым-катынас жасау қабілеті;
7) бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
6. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу өлшемдері
36. ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек қабілетінен айрылуға (жоғалтуға) әкеп соқтырған оқиға (әлеуметтік қатер) туындағанда белгіленеді. Тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын құжаттар болған кезде ЖЕА туындады деп есептеледі.
37. ЖЕА туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕА дәрежесі - 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.
38. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына осы ережеге 2-қосымшада көзделген, еңбек қабілетінен айрылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша ЖЕА мынадай жағдайларда белгіленеді: