Ескерту:
1. Өрт сөндiрушi етiгiнiң орнына керзі етiк берiлген кезде кию мерзiмi бiр жылға қысқартылады.
2. Оңтүстiк аймақтарда ағытпалы терi қолғап берiлмейдi, ағытпалы брезенттi қолғаптарды мерзiмi 25% қысқартылады.
3. Өрт сөндiру штабының әрбiр өрт сөндiрушiсiне және әрбiр жедел автокөлiгiне:
- 5 жылға 3 жинақпен жылу тепкiш костюмдер;
- 2 жылға 2 жұптан резина етiк пен қолғап (диэлектрикалық);
- 2 жылға 1 данадан резеңкелі алжапқыштар берiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2116 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық
оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы
киім-кешектер тиесілілігінің нормасы
1. | Киім-кешек* | | |
1.1. | Қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка | 1 дана | 2 жыл |
1.2 | Ашық қаусырмалы китель және қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
1.3 | Қорғаныш түсті жейде | 2 дана | 2 жыл |
1.4 | Теріден тігілген қара-көк түсті құлақшын | 1 дана | 2 жыл |
1.5 | Қара кек түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті жылы пальто | 1 дана | 3 жыл |
1.6 | Мойыншалғы | 2 дана | 4 жыл |
1.7 | Қорғаныш түсті галстук | 2 дана | 2 жыл |
1.8 | Қара түсті галстук | 1 дана | 2 жыл |
1.9 | Ақ түсті жейде | 2 дана | 2 жыл |
2. | Далалық киім нысандары | | |
2.1 | Бүркеме түсті далалық фуражка | 1 дана | 1 жыл |
2.2 | Бүркеме түсті футболка | 2 дана | 1 жыл |
2.3 | Иық белгілері бар далалық күрте және бүркеме түсті тік пішілген шалбар | 1 жинақ | 6 ай |
2.4 | Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар жылы күрте және бүркеме түсті тік пішілген жылы шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
3 | Жұмысқа киетін киім нысандары | | |
3.1 | Қара қоңыр қорғаныш түсті кепкемен күрте және шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
3.2 | Қара көк түсті жасанды үлбірден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар жылы күрте және қара қоңыр қорғаныш түсті жылы шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
4 | Аяқ-киім | | |
4.1 | Қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл |
4.2 | Қара түсті қонышы биік бәтеңке | 1 жұп | 1 жыл |
4.3 | Табиғи теріден тігілген қонышы биік жылы бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл |
4.4 | Казармалық шәрке | 1 жұп | 2 жыл |
4.5 | Спорттық туфли | 1 жұп | 2 жыл |
5. | Іш киім | | |
5.1 | М/м іш киім | 2 жинақ | 1 жыл |
5.2 | М/м трусы | 2 дана | 1 жыл |
5.3 | Жылы іш киім | 1 жинақ | 1 жыл |
5.4 | М/м шұлық | 4 жұп | 1 жыл |
5.5 | Жылы шұлық | 1 жұп | 1 жыл |
5.6 | М/м орамал | 3 дана | 1 жыл |
5.7 | Монша орамалы | 1 дана | 1 жыл |
5.8 | Спорттық жаттығу костюмі | 1 жинақ | 2 жыл |
5.9 | Қара түсті жылы қолғап | 1 дана | 1 жыл |
5.10 | Қыстырма жаға | 12 дана | 1 жыл |
5.11 | Қол орамал | 4 дана | 1 жыл |
6. | Амуниция | | |
6.1 | Латуннан жасалған тоғасы бар ақ түсті белдік | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.2 | Латуннан жасалған тоғасы бар 1 дана қоңыр түсті белдік | 1 дана | 2 жыл |
6.3 | Шалбарға тағылатын таспалы 1 дана белдік | 1 дана | 2 жыл |
6.4 | М/м плащ-шатыр | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.5 | Сержанттық далалық сөмке 1 дана | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.6 | Далалық құралдар (белдік және 1 жинақ баулар) | 1 жинақ | оқу мерзіміне |
6.7 | Қысқыш | 1 дана | 2 жыл |
Ескертпе:
* Киім-кешек бүкіл керекті фурнитуралармен, иық белгілермен, жеңдік белгілермен және нысандық киім-кешектердің түсі бойынша беріледі.
1. Қыстырма жағаның орнына бір жағаға жұмсалатын шығын нормасы негізінде мата беруге рұқсат етіледі.
2. М/м шұлықтың орнына м/м шұлғау беруге рұқсат етіледі.
3. Ақ және қорғаныш түсті мойыншалғы беріледі.
4. Біреуі ұзын жеңді және біреуі қысқа жеңді қорғаныш түсті жейделер беруге болады.
5. Біреуі ұзын жеңді және біреуі қысқа жеңді ақ түсті жейделер беруге болады.
6. + 20 С жоғары температура кезінде галстуксіз қысқа жеңді жейде киюге рұқсат беріледі.
7. Кезекті арнайы атақтар берілген кезде тиесілілік нормаларына сәйкес бір жұптан айыру белгілері бар иық белгілер беріледі.
8. Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті жылы пальто 2-ші оқу жылынан бастап беріледі.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасы мынадай мазмұндағы IV-І тараумен толықтырылсын:
«IV-І тарау
Оқу орындары курсанттарының киім нысаны
а) Парадтық, парадтық-салтанатты киім нысаны
Парадтық-салтанатты киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған қара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті парадтық белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-1-сурет)
Парадтық-салтанатты киім-кешектің қысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті мойыншалғы;
- парадтық ақ түсті белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-2-сурет)
б) Күнделікті киім нысаны
Күнделікті киетін киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған кара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қорғаныш түсті галстук;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілер;
(56-3, 56-4-суреттер).
Күнделікті киетін киім-кешектің кысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар кара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті ұзын жеңді жейде;
- қорғаныш түсті галстук;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- «К» әрпі бар қорғаныш түстес иық белгілер (56-5-сурет)
в) Далалық киім-кешек нысаны
Далалық киім-кешектің жазғы топтамасы:
- қорғаныш түсті кокардасы бар бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- далалық күрте және бүркеме түсті мақта-матадан тігілген тік пішімді шалбар;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке;
- далалық құралдар (белдік және баулар);
- сержанттық далалық сөмке;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-6-сурет).
Далалық киімдердің қысқы топтамасы:
- қара көк түсті цигейкадан тігілген құлақшын-бөрік;
- бүркеме түсті жеңдік белгілерімен теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар далалық жылы астарлы күрте және бүркеме түсті тік пішімді жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- қоңыр түсті белбеу;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-7-сурет).
г) Жұмысқа киетін киім-кешек нысаны Жазғы жұмысқа киетін киім-кешек нысаны:
- қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген костюм (кепкесі бар күрте және балағы сыртқа жіберілетін шалбар);
- футболка;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке (56-12-сурет).
Қысқы жұмысқа киетін киім нысандары:
- қара-кек түсті жасанды теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген жылы күрте;
- мақта-матадан тігілген қара қоңыр қорғаныш түсті жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке (56-9-сурет).
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасында:
V тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Оқу орындары курсанттарының иық белгілері
а) Парадтық иық белгілер
Сары түсті иық белгілерінің негізі алтын түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар сары түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір жалпақ жапсырма және үстінен бір жіңішке жапсырма;
- аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;
- сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма.
(74-сурет)
Қатардағы курсанттардың иық белгілерінде атағы бойынша айыру белгілері көрсетілмейді.
б) Ақ түсті жейдеге иық белгілер
Ақ түсті иық белгілерінің негізі ақ түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар ақ түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір енді жапсырма және үстінен бір енсіз жапсырма;
- аға сержанттарда - бір енді жапсырма;
- сержанттарда - үш енсіз жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі енсіз жапсырма (75-сурет).
в) Күнделікті киетін иық белгілер
Иық белгілерінің негізі қара қоңыр қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар иық белгілер, атағына сәйкес жапсырмалар парадтық иық белгілеріндей. Алтын түстес сызығы бар ұлттық өрнегі қара қоңыр қорғаныш түсті. Иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады. Жапсырмаларды орналастыру парадтық иық белгілеріндегі сияқты (7-сурет).
г) Далалық иық белгілер
Иық белгілері тоқыма матадан, муфта сияқты, бүркеме түсті «К» әрпі бар, жапсырмалар атағына сәйкес (76-сурет).»;
V тараудың 3-параграфының а) тармағы мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Оқу орындары курсанттарының жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгілерді көрсетеді және ортасында алтын түстес қалықтаған бүркіт бейнеленген, оның үстінде алтын түстес балталар мен өрт каскасы бар. Жоғары бөлігінде - «Қазақстан» жазуы, төменгі бөлігінде «КТИ» әріптері бар. Жеңдік белгі оң қолының сыртқы жағында болады. Парадтық және күнделікті киетін нысандағы киімге жеңдік белгісінің үсті қара қоңыр қорғаныш түсті. Далалық нысандағы киімге -бүркеме түсті (78-сурет).
Оқу курстары бойынша жеңдік белгілер қара қоңыр қорғаныш түсті шұғадан жасалған сыртынан жабылатын жерінде бұрышы төмен қарай орналасқан алтын түстес галуннан үшбұрыштар бейнелерін көрсетеді. Оқу курсына сәйкес жеңдік белгілерде үшбұрыштар орналасады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты - тиісінше 1, 2, 3, 4, 5, 6 курстардың курсанттары үшін. Галунның ені - 10 мм, ұзындығы - 75 мм. Үшбұрыштар арасындағы ара қашықтық 5 мм (79-сурет)»;
V тараудың 5-параграфы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
56-1-сурет
Курсанттардың парадтық жазғы киім нысаны
56-2-сурет
Курсанттардың парадтық қысқы киім нысаны
56-3-сурет
Курсанттардың күнделікті киетін жазғы киім нысаны
56-4-сурет
Курсанттардың ұзын жеңі бар қорғаныш түсті жейдедегі күнделікті киетін жазғы киім нысаны
56-5-сурет
Курсанттардың қысқа күнделікті киетін киім нысаны
56-6-сурет
Курсанттардың далалық жазғы киім нысаны
56-7-сурет
Курсанттардың далалық қысқы киім нысаны
56-8-сурет
Курсанттардың жұмысқа киетін жазғы киім нысаны
56-9-сурет
Курсанттардың жұмысқа киетін қысқы киім нысаны
V тараудың 6-параграфы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
74-сурет
Парадтық иық белгілері
75-сурет
Ақ түсті жейдеге иық белгілер
76-сурет
Күнделікті киетін иық белгілері
77-сурет
Далалық иық белгілері
78-сурет
Оқу орынның жеңдік белгілері
79-сурет
Оқу орынның курстар бойынша жеңдік белгілері
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2116 Қаулысымен 8-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық
оқу орындары курсанттарының мүкәммал және арнайы мүлік
тиесілілігінің нормасы
1. | Жылы киімдер: | | |
1.1 | Тақыр қой терісінен тігілген тон (қысқа тон) | 1 дана | 6 жыл |
1.2 | Пима | 1 жұп | 4 жыл |
1.3 | Пимаға кебіс | 1 жұп | 4 жыл |
1.4 | Жылы шалбар | 1 дана | 4 жыл |
1.5 | Үлбір қолғап | 1 дана | 4 жыл |
1.6 | Брезент плащ | 1 дана | 3 жыл |
1.7 | Шлемнің астынан киетін жылы бас киім | 1 дана | 3 жыл |
2. | Төсек-орын жабдығы: | | |
2.1 | Мақтадан жасалған матрац | 1 дана | 4 жыл |
2.2 | Қауырсыннан жасалған жастық | 1 дана | 4 жыл |
2.3 | Жартылай жүннен тігілген көрпе | 1 дана | 4 жыл |
2.4 | Мақта матадан тігілген көрпе | 1 дана | 4 жыл |
2.5 | Жастықтың сыртқы тысы | 3 дана | 1 жыл |
2.6 | Ақ жайма | 3 дана | 1 жыл |
3. | Керек-жарақ: | | |
3.1 | Металл фляга | 1 дана | 4 жыл |
3.2 | Флягаға қап | 1 дана | 2 жыл |
3.3 | Металл құты | 1 дана | 4 жыл |
Ескертпе:
1. Тақыр қой терісінен тігілген тон (қысқа тон) бір данадан сырттағы жылжымайтын бекетке беріледі.
2. Пима, пимаға кебіс, жылы шалбар, үлбір қолғап, брезент плащ, шлемнің астынан киетін жылы бас киім курсанттар санының 20 %-ына беріледі.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен
арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің
нысандық киімдерінің үлгілері
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.12. № 2116 Қаулысымен (бұр.ред.қара) сипаттамасы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы
15 қаңтардағы № 13
Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасы
1 тарау
Жоғары басшы құрамның киім нысандары
а) парадтық-салтанатты киім нысаны
- басқа киілетін жері күрең түсті, көк барқын түсті фуражка; тігістері мен кокардасы алтын түстес;
- өңірі ашық қаусырмалы көк барқын түстес парадтық мундир, мундирдің жағасындағы тігістері алтын түстес;
- иық белгілерінің тігістері алтын түстес;
- өңірі ашық қаусырмалы ашық-сұр түсті парадтық-салтанатты мундир, мундирдің жағасындағы тігістері алтын түстес;
- иық белгілері сұрғылт түсті, тігістері алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- көк барқын түстес балағы сыртқа жіберілетін шалбар, бұлықтары мен лампасалары күрең түстес;
- парадтық алтын түстес белбеу;
- ақ түсті қолғап;
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңке (1, 2-суреттер);
Қысқы парадтық киім-кешек жинағы:
- кокардасы алтын түстес сұр түсті қаракөл бөрік (құлақшын, фуражка);
- қаусармалы сұрғылт түсті драптан, жағасы қаракөлден тігілген, төрт түймемен түймеленетін; жылы астарлы пальто; сол жағында төрт түймесі қапталған; екі жағында сыртынан жабылатын ойып тігілген жапсырма қалта;
- ашық қаусырмалы, көк барқын түсті, мундирді жағасындағы тігістері алтын түстес;
- тігістері алтын түсті, иық белгілері алтын түстес;
- қара түсті галстугі бар ақ жейде;
- бұлықтары мен лампасалары күрең түсті көк барқын түсті сыртқа шығарылған шалбар;
- алтын түсті белдік;
- былғары жылы ақ түсті қолғап;
- қара (қоңыр) түсті жылы бәтеңке;
- ақ түсті мойыншалғы (4-сурет);
б) күнделікті киім нысандары
жазғы топтама:
- басқа киілетін жері қорғаныш түсті, күнделікті киетін қорғаныш түстес фуражка; тігістері мен кокардасы алтын түстес;
- ашық қаусырмалы қорғаныш түсті күнделікті киетін мундир (немесе ілме өңірлі кеудесінде жапсырма қалтасы бар) кительдің жағасындағы тігістері алтын түстес;
- қорғаныш түсті галстук бар қорғаныш түсті жейде;
- кеудесінде жабылатын жапсырма қалтасы, екі жағында ойып тігілген молниялы қалтасы бар молниялы күртке;
- қорғаныш түсті жемпір;
- бұлықтары мен лампасалары күрең түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңке (3, 10-суреттер);
Күнделікті киетін қысқы киімдерінің топтамасы:
- кокардасы бар сұр түсті қаракөл бөрік (құлақшын фуражка);
- қаусармалы сұр түсті драптан тігілген, жағасы қаракөлден, төрт түймемен түймеленетін; жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тігілген жапсырма қалта;
- ашық қаусырмалы күнделікті киетін қорғаныш түсті мундир (немесе ілме өңірлі кеудесінде жапсырма қалтасы бар) кительдің жағасында тігістері алтын түстес;
- қорғаныш түсті галстук бар қорғаныш түсті жейде;
- қара-қорғаныш түсті мойыншалғы;
- қара (қоңыр) түсті жылы бәтеңке;
- теріден жасалған қара (қоңыр) түсті жылы қолғап (5, 6-суреттер);
Жазғы жеңіл киім түрі - фуражка (пилотка), галстуксіз қысқа жеңді жейде, бұлықтары мен лампасалары күрең түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар. Барлық жинақ «тропикаль» үлгідегі жеңіл матадан тігілген.
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңке (11-сурет);
в) Далалық киім нысандары:
Жазғы жинақ:
- бүркеме түсті далалық кепка;
- бүркеме түсті күртке мен тік пішімді шалбар;
- далалық бәтеңке;
- қоңыр түсті белдік (18-сурет);
Қысқы жинақ:
- қаракөлден тігілген құлақшын-бөрік, бүркеме түсті жылы матадан тігілген құлақшын;
- бүркеме түсті күртке мен жылы шалбар;
- жылы бәтеңке;
- қара (қоңыр) түсті қолғап;
- қоңыр түсті белдік (19-сурет);
Мыналарды:
Ауа райының суығында жазғы киім нысандары кезінде:
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;;
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңкені (8-суреттер);
Көктемде және күзде:
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңкені (8-сурет);
- қысқы киім нысаны кезінде қаракөлден тігілген бөрік орнына фуражканы (5, 6-суреттер);
- күнделікті киім нысаны кезінде өңірі ашық китель орнына жүн матадан тігілген күрткені;
- күнделікті киім нысаны кезінде өңірі ашық китель орнына жүн маталы жемпірді және фуражка орнына жүн матадан тігілген пилотканы (8-суреттер);
-парадтық-салтанатты жаздық киім киген кезде, сондай-ақ жаздық киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты, күнделікті жаздық киім нысаны кезінде - қорғаныш түсті мойыншалғыны (8, 10-суреттер);
- далалық киім нысаны жазғы жинағының бүркеме түсті ұзын жеңді күрткенің орнына бүркеме түсті қысқа жеңді күрткені (18-сурет);
- жазғы далалық киім нысаны жинағындағы бүркеме түсті шалбарға бүркеме түсті күрткені салып қойып киюге рұқсат етіледі (18-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирге - алтын түстес;
- сұрғылт түсті пальто мен сұрғылт түсті парадтық-салтанатты мундирге - сұрғылт түсті;
- қорғаныш түсті жейдеге, плащқа, кительге, күрткеге, жемпірге - қара қоңыр қорғаныш түсті;
- ақ түсті жейдеге - ақ түсті;
- далалық киім нысанына - бүркеме түсті иық белгілері тағылады.
II тарау
Аға, орта және кiшi басшы құрамның киім нысандары
а) парадтық-салтанатты киім нысандары:
- басқа киілетін жері күрең түсті көк барқын түстес фуражка, кіші басшы құрамға арналған фуражка қорғаныш түсті, басқа киілетін жері қорғаныш түстес. Кіші басшы құрамға - қорғаныш түстес фуражка басқа киілетін жері қорғаныш түсті. Аға және орта басшы құрамның кокардасы мен өрілген қайысы алтын түстес. Кіші басшы құрамға - кокардасы мен лактанған қайысы қара түсті;
- аға және орта басшы құрамға төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі парадтық-салтанатты китель;
- бұлықтары күрең түстес, көк барқын түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- кіші басшы құрамына және қатардағыларға арналған китель мен шалбар қорғаныш түсті, бұлықтары күрең түстес;
- иық белгілері алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- алтын түстес парадтық белбеу;
- қара (қоңыр) түсті қонышсыз бәтеңке;
- ақ түсті қолғап (20, 46-суреттер).
Парадтық-салтанатты киім нысаны парадтық киім нысанындай, бірақ белдіксіз және ақ қолғапсыз.
Қысқы парадтық киімдерінің топтамасы:
- кокардасы бap цигейкіден (қаракөлден) тігілген сұр түсті құлақшын-бөрік;
- қара-қорғаныш түсті драптан тігілген және алмалы-салмалы цигейкіден (қаракөлден) тігілген жағасы, төрт түймемен түймеленетін; жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тігілген қалта;
- аға және орта басшы құрамға төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі парадтық-салтанатты китель;
- бұлықтары күрең түстес, көк барқын түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- парадтық алтын түсті белдік;
- ақ түсті мойыншалғы;
- қара түсті галстугі бар ақ түсті жейде;
- қара (қоңыр) түсті жылы бәтеңке;
- ақ түсті жылы қолғап (22-сурет).
Кіші басшы құрамына және қатардағыларға арналған китель мен шалбар қорғаныш түсті, бұлықтары күрең түстес, ақ түсті белдік (47-сурет);
Парадтық-салтанатты киім нысаны парадтық киім нысанындай, бірақ белдіксіз. Қара түсті жылы былғары қолғап.
б) күнделікті киім нысандары:
- күнделікті қорғаныш түсті бас киім (пилотка), басқа киілетін жері қорғаныш түстес, кокардасы мен өрілген қайысы алтын түстес;
- кіші басшы құрамына лактанған қайысы қара түстес;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ілмелі өңірлі ашық күнделік киетін китель;
- бұлықтары күрең түсті сыртқа жіберілетін шалбар;
- кеудесінде сыртынан жабылатын жапсырма қалтасы, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар молниялы күртке;
- қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз бәтеңке (21, 27, 28-суреттер);
Жазғы жеңіл киім түрі (тек қана аға және орта басшы құрамындағыларға):
- фуражка, галстуксіз қысқа жеңі бар жейде, балағы сыртқа жіберілетін шалбар, қара түсті қонышсыз бәтеңке (24-сурет).
Күнделікті киетін қысқы киім топтамасы
- кокардасы бар цигейкіден (қаракөлден) тігілген сұр түсті құлақшын-бөрік;
- қара-қорғаныш түсті драптан тігілген және цигейкіден (қаракөлден) жағасы, төрт түймемен түймеленетін; жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тігілген қалта;
- қорғаныш түсті мойыншалғы (23-сурет).
в) далалық киім нысандары:
- бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық күртке және тік пішімді шалбар;