Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2116 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «6-қосымшаларға» деген сөздер «6, 7, 8-қосымшаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«Парадтық-салтанатты киім-кешек» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 1.10, 1.11, 1.12-жолдар алынып тасталсын;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлімде:
2-бағанда:
реттік нөмірі 2.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2 Жағасы табиғи қаракөлден тігілген қара қоңыр қорғаныш түсті қысқы жылы пальто»;
реттік нөмірі 2.3-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.4-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.5-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.9-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.11-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.14-жолда «жасыл» деген сөз «қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.15-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.17-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.22-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.10-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«Парадтық-салтанатты киім-кешек» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1.2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1.2 Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар сұр түсті қысқы пальто»;
реттік нөмірі 1.9, 1.10, 1.11-жолдар алынып тасталсын;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1 Қой терісінен тігілген қара көк түсті құлақшын»;
реттік нөмірі 2.3 жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3 Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті қысқы пальто»;
реттік нөмірі 2.4-жол алынып тасталсын;
2-бағанда:
реттік нөмірі 2.5-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.6-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.7-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.8-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр корғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.14-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.15-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.17-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.18-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.11-жолдың 4-бағанында «6» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 2.2-жолдың 2-бағанында «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3 Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті қысқы пальто»;
2-бағанда:
реттік нөмірі 2.4-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.5-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.6-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.12-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.14-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.20-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.9-жолдың 4-бағанында «6» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«Парадтық-салтанатты киімдер» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1.10, 1.11, 1.12-жолдар алынып тасталсын;
«Күнделікті киетін киімдер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жолдың 2-бағанында «Қой терісінен тігілген» деген сөздерден кейін «қара көк түсті құлақшын» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 2.3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3 Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті қысқы пальто»;
реттік нөмірі 2.4-жол алынып тасталсын;
2-бағанда:
реттік нөмірі 2.5-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.6-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.7-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.8-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.9-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.10-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.16-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.19-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.20-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.7-жолдың 4-бағанында «6» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 2.2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2 Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті қысқы пальто»;
2-бағанда:
реттік нөмірі 2.3-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.4-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.5-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.6-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.7-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.15-жолда «Жасыл» деген сөз «Қара қоңыр қорғаныш» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.11-жолдың 4-бағанында «6» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасында:
«Жоғары басшы құрамның киім нысандары» деген І тарауда:
Күнделікті киім нысандары деген б) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстук бар қорғаныш түсті жейде;»;
тоғызыншы абзацтағы «9» деген сан алынып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстук бар қорғаныш түсті жейде;»;
Далалық киім нысандары деген в) тармақшада:
алтыншы абзацтағы «16» деген сандар «18» деген сандармен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы «17» деген сандар «19» деген сандармен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац алынып тасталсын;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;»;
он тоғызыншы абзацтағы «7» деген сан алынып тасталсын;
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті плащты;»;
жиырма үшінші бап мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;»;
жиырма төртінші абзацтағы «7» деген сан «8» деген санмен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзацтағы «7» деген сан алынып тасталсын;
жиырма сегізінші абзац алынып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«-парадтық-салтанатты жаздық киім киген кезде, сондай-ақ жаздық киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты, күнделікті жаздық киім нысаны кезінде - қорғаныш түсті мойыншалғыны (8, 10-суреттер);»;
отызыншы абзацтағы «16» деген сандар «18» деген сандармен ауыстырылсын;
отыз бірінші абзацтағы «16» деген сандар «18» деген сандармен ауыстырылсын;
отыз бесінші абзацтағы «жеңіл пальтоға» деген сөздер алынып тасталсын;
«Аға, орта және кіші басшы құрамның киім нысандары» деген II тарауда:
Күнделікті киім нысандары деген б) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;»;
Далалық киім нысандары деген в) тармақшада:
он үшінші абзац алынып тасталсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті жейдені;»;
он жетінші абзацтағы «27», «28» деген сандар «26» деген сандармен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті плащты;»;
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;»;
жиырма екінші абзацтағы «23» деген сандар «26» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жазғы парадтық салтанатты киім нысандары кезінде және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде қорғаныш түсті мойыншалғымен, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты (26-сурет);»;
отыз үшінші абзацтағы «жеңіл пальтоға» деген сөздер алынып тасталсын;
«Офицер әйелдердің және кіші басшы құрамдағы әйелдердің киім нысандары» деген III тарауда:
Офицер-әйелдер үшін парадтық-салтанатты киім нысандары деген б) тармақшада:
екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар алынып тасталсын;
Күнделікті киетін киім нысандары деген в) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғаныш түсті пилотка, ұзын (қысқа) жеңді қорғаныш түсті жейде, қара қоңыр қорғаныш түсті галстук, қорғаныш түсті юбка;»;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;»;
Далалық киім нысандары деген г) тармақшада:
он бесінші абзац алынып тасталсын;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш жейдені;»;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жазғы парадтық салтанатты киім нысандары кезінде және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде қорғаныш түсті мойыншалғымен, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты (40-сурет);»;
отызыншы абзацтағы «жеңіл пальтоға» деген сөздер алынып тасталсын;
«Нысандық арнайы киім кешектерінің суреттері» деген бөлімде:
7, 9, 14, 15, 25, 29, 30, 36, 42-суреттер алынып тасталсын;
40-суреттегі «жазғы пальтодағы» деген сөздер «плащтағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
тақырыбы «министрлігінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2116 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық
оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы
киім-кешектер тиесілілігінің нормасы
1. | Киім-кешек* | | |
1.1. | Қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка | 1 дана | 2 жыл |
1.2 | Ашық қаусырмалы китель және қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
1.3 | Қорғаныш түсті жейде | 2 дана | 2 жыл |
1.4 | Теріден тігілген қара-көк түсті құлақшын | 1 дана | 2 жыл |
1.5 | Қара кек түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті жылы пальто | 1 дана | 3 жыл |
1.6 | Мойыншалғы | 2 дана | 4 жыл |
1.7 | Қорғаныш түсті галстук | 2 дана | 2 жыл |
1.8 | Қара түсті галстук | 1 дана | 2 жыл |
1.9 | Ақ түсті жейде | 2 дана | 2 жыл |
2. | Далалық киім нысандары | | |
2.1 | Бүркеме түсті далалық фуражка | 1 дана | 1 жыл |
2.2 | Бүркеме түсті футболка | 2 дана | 1 жыл |
2.3 | Иық белгілері бар далалық күрте және бүркеме түсті тік пішілген шалбар | 1 жинақ | 6 ай |
2.4 | Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар жылы күрте және бүркеме түсті тік пішілген жылы шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
3 | Жұмысқа киетін киім нысандары | | |
3.1 | Қара қоңыр қорғаныш түсті кепкемен күрте және шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
3.2 | Қара көк түсті жасанды үлбірден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар жылы күрте және қара қоңыр қорғаныш түсті жылы шалбар | 1 жинақ | 2 жыл |
4 | Аяқ-киім | | |
4.1 | Қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл |
4.2 | Қара түсті қонышы биік бәтеңке | 1 жұп | 1 жыл |
4.3 | Табиғи теріден тігілген қонышы биік жылы бәтеңке | 1 жұп | 2 жыл |
4.4 | Казармалық шәрке | 1 жұп | 2 жыл |
4.5 | Спорттық туфли | 1 жұп | 2 жыл |
5. | Іш киім | | |
5.1 | М/м іш киім | 2 жинақ | 1 жыл |
5.2 | М/м трусы | 2 дана | 1 жыл |
5.3 | Жылы іш киім | 1 жинақ | 1 жыл |
5.4 | М/м шұлық | 4 жұп | 1 жыл |
5.5 | Жылы шұлық | 1 жұп | 1 жыл |
5.6 | М/м орамал | 3 дана | 1 жыл |
5.7 | Монша орамалы | 1 дана | 1 жыл |
5.8 | Спорттық жаттығу костюмі | 1 жинақ | 2 жыл |
5.9 | Қара түсті жылы қолғап | 1 дана | 1 жыл |
5.10 | Қыстырма жаға | 12 дана | 1 жыл |
5.11 | Қол орамал | 4 дана | 1 жыл |
6. | Амуниция | | |
6.1 | Латуннан жасалған тоғасы бар ақ түсті белдік | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.2 | Латуннан жасалған тоғасы бар 1 дана қоңыр түсті белдік | 1 дана | 2 жыл |
6.3 | Шалбарға тағылатын таспалы 1 дана белдік | 1 дана | 2 жыл |
6.4 | М/м плащ-шатыр | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.5 | Сержанттық далалық сөмке 1 дана | 1 дана | оқу мерзіміне |
6.6 | Далалық құралдар (белдік және 1 жинақ баулар) | 1 жинақ | оқу мерзіміне |
6.7 | Қысқыш | 1 дана | 2 жыл |
Ескертпе:
* Киім-кешек бүкіл керекті фурнитуралармен, иық белгілермен, жеңдік белгілермен және нысандық киім-кешектердің түсі бойынша беріледі.
1. Қыстырма жағаның орнына бір жағаға жұмсалатын шығын нормасы негізінде мата беруге рұқсат етіледі.
2. М/м шұлықтың орнына м/м шұлғау беруге рұқсат етіледі.
3. Ақ және қорғаныш түсті мойыншалғы беріледі.
4. Біреуі ұзын жеңді және біреуі қысқа жеңді қорғаныш түсті жейделер беруге болады.
5. Біреуі ұзын жеңді және біреуі қысқа жеңді ақ түсті жейделер беруге болады.
6. + 20 С жоғары температура кезінде галстуксіз қысқа жеңді жейде киюге рұқсат беріледі.
7. Кезекті арнайы атақтар берілген кезде тиесілілік нормаларына сәйкес бір жұптан айыру белгілері бар иық белгілер беріледі.
8. Қара көк түсті үлбірден тігілген жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті жылы пальто 2-ші оқу жылынан бастап беріледі.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасы мынадай мазмұндағы IV-І тараумен толықтырылсын:
«IV-І тарау
Оқу орындары курсанттарының киім нысаны
а) Парадтық, парадтық-салтанатты киім нысаны
Парадтық-салтанатты киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған қара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті парадтық белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-1-сурет)
Парадтық-салтанатты киім-кешектің қысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті мойыншалғы;
- парадтық ақ түсті белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-2-сурет)
б) Күнделікті киім нысаны
Күнделікті киетін киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған кара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қорғаныш түсті галстук;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілер;
(56-3, 56-4-суреттер).
Күнделікті киетін киім-кешектің кысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар кара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті ұзын жеңді жейде;
- қорғаныш түсті галстук;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- «К» әрпі бар қорғаныш түстес иық белгілер (56-5-сурет)
в) Далалық киім-кешек нысаны
Далалық киім-кешектің жазғы топтамасы:
- қорғаныш түсті кокардасы бар бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- далалық күрте және бүркеме түсті мақта-матадан тігілген тік пішімді шалбар;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке;
- далалық құралдар (белдік және баулар);
- сержанттық далалық сөмке;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-6-сурет).
Далалық киімдердің қысқы топтамасы:
- қара көк түсті цигейкадан тігілген құлақшын-бөрік;
- бүркеме түсті жеңдік белгілерімен теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар далалық жылы астарлы күрте және бүркеме түсті тік пішімді жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- қоңыр түсті белбеу;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-7-сурет).
г) Жұмысқа киетін киім-кешек нысаны Жазғы жұмысқа киетін киім-кешек нысаны:
- қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген костюм (кепкесі бар күрте және балағы сыртқа жіберілетін шалбар);
- футболка;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке (56-12-сурет).
Қысқы жұмысқа киетін киім нысандары:
- қара-кек түсті жасанды теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген жылы күрте;
- мақта-матадан тігілген қара қоңыр қорғаныш түсті жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке (56-9-сурет).
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасында:
V тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Оқу орындары курсанттарының иық белгілері
а) Парадтық иық белгілер
Сары түсті иық белгілерінің негізі алтын түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар сары түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір жалпақ жапсырма және үстінен бір жіңішке жапсырма;
- аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;
- сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма.
(74-сурет)
Қатардағы курсанттардың иық белгілерінде атағы бойынша айыру белгілері көрсетілмейді.
б) Ақ түсті жейдеге иық белгілер
Ақ түсті иық белгілерінің негізі ақ түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар ақ түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір енді жапсырма және үстінен бір енсіз жапсырма;
- аға сержанттарда - бір енді жапсырма;
- сержанттарда - үш енсіз жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі енсіз жапсырма (75-сурет).
в) Күнделікті киетін иық белгілер
Иық белгілерінің негізі қара қоңыр қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар иық белгілер, атағына сәйкес жапсырмалар парадтық иық белгілеріндей. Алтын түстес сызығы бар ұлттық өрнегі қара қоңыр қорғаныш түсті. Иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады. Жапсырмаларды орналастыру парадтық иық белгілеріндегі сияқты (7-сурет).
г) Далалық иық белгілер
Иық белгілері тоқыма матадан, муфта сияқты, бүркеме түсті «К» әрпі бар, жапсырмалар атағына сәйкес (76-сурет).»;
V тараудың 3-параграфының а) тармағы мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Оқу орындары курсанттарының жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгілерді көрсетеді және ортасында алтын түстес қалықтаған бүркіт бейнеленген, оның үстінде алтын түстес балталар мен өрт каскасы бар. Жоғары бөлігінде - «Қазақстан» жазуы, төменгі бөлігінде «КТИ» әріптері бар. Жеңдік белгі оң қолының сыртқы жағында болады. Парадтық және күнделікті киетін нысандағы киімге жеңдік белгісінің үсті қара қоңыр қорғаныш түсті. Далалық нысандағы киімге -бүркеме түсті (78-сурет).
Оқу курстары бойынша жеңдік белгілер қара қоңыр қорғаныш түсті шұғадан жасалған сыртынан жабылатын жерінде бұрышы төмен қарай орналасқан алтын түстес галуннан үшбұрыштар бейнелерін көрсетеді. Оқу курсына сәйкес жеңдік белгілерде үшбұрыштар орналасады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты - тиісінше 1, 2, 3, 4, 5, 6 курстардың курсанттары үшін. Галунның ені - 10 мм, ұзындығы - 75 мм. Үшбұрыштар арасындағы ара қашықтық 5 мм (79-сурет)»;
V тараудың 5-параграфы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
56-1-сурет
Курсанттардың парадтық жазғы киім нысаны
56-2-сурет
Курсанттардың парадтық қысқы киім нысаны
56-3-сурет
Курсанттардың күнделікті киетін жазғы киім нысаны
56-4-сурет
Курсанттардың ұзын жеңі бар қорғаныш түсті жейдедегі күнделікті киетін жазғы киім нысаны
56-5-сурет
Курсанттардың қысқа күнделікті киетін киім нысаны
56-6-сурет
Курсанттардың далалық жазғы киім нысаны