«2. Прокурор шағымды ол алынған сәттен бастап жеті тәулiктiң iшiнде қарауға мiндеттi. Қамауға алу, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу, айыпталушы ретiнде iске тарту, қызметiнен шеттету кезiнде заңды бұзу, сондай-ақ қинау, күш қолдану, қорқыту, не қорғану құқығын бұзу туралы шағымдар оларды алған сәттен бастап бес тәулiктiң iшiнде қарауға жатады. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдар талап ету не өзге де шаралар қолдану қажет болатын ерекше жағдайларда шағым берген адамға ол туралы хабарлай отырып, шағымды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.»;
19) 121-баптың үшінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Үкiм шығару немесе iстi қысқарту» деген сөздер «Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту шешiм шығару, қылмыстық iс жүргiзудi тоқтату немесе үкiм шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақтағы «үкiмi» деген сөз «шешiмi» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 123-баптың екiншi бөлiгiнде орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
21) 150-бапта:
үшiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы «тергеушiнiң немесе анықтау органының» деген сөздер «қылмыстық қудалау органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
«Тергеушiнiң немесе анықтау органының айыпталушыны» деген сөздер «Айыпталушыны» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өтiнiшiн», «тергеушi, анықтау органы» деген сөздер тиісінше «өтiнiштi», «қамау түрiнде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiш жасаған қылмыстық қудалау органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы «Тергеушiнiң, анықтау» деген сөздер «Қылмыстық қудалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 153-бапта:
екiншi бөлiктегi «тергеушiнiң» деген сөз «қылмыстық қудалау органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi және төртiншi бөлiктер «бастығының» деген сөзден кейiн «не қылмыстық iстi өз қарауына қабылдаған прокурордың не тергеу тобы басшысының» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қамауға алу мерзімін бұдан әрі ұзартуға жол берілмейді, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға тиіс.»;
23) 154-баптың алтыншы бөлiгiндегi «тергеушi, анықтау» деген сөздер «қылмыстық қудалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 159-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
«жүргiзушi орган» деген сөздерден кейiн «прокурордың санкциясымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«егер» деген сөз алып тасталып, «жеткiлiктi негiз болса» деген сөздер «жеткiлiктi негiздер болған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 161-баптың он төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Тергеушiнiң, анықтаушының мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы қаулысы прокурордың келiсiмiмен шығарылады.»;
26) 163-баптың бірінші бөлігіндегі «басталғанға» деген сөз «аяқталғанға» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 169-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Азаматтық талап бөлігінде сотталушы мен жәбірленуші арасында заңда белгіленген тәртіппен бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігіне жол беріледі.»;
28) 176-бап мынадай мазмұндағы он екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«12. Осы баптың 6-бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, iс жүргiзу шығасылары туралы деректер болған жағдайда қылмыстық қудалау органы iс жүргiзу шығасыларын өндiрудi қамтамасыз ету шараларын қабылдауға мiндеттi.»;
29) 177-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық iс қозғауға:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы;
2) егер өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде осы мерзімде жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары арқылы адамның тұрған жерін анықтау мүмкін болмаса, адамның жоғалып кетуі негiз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық іс бойынша хабар-ошарсыз жоғалған адамға қатысты қылмыс жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша дәрежеленеді.»;
30) 181-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «немесе теледидар» деген сөздер «, телевидение немесе телекоммуникациялық желілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 186-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілмейді.»;
32) 190-1-баптың бірінші бөлігі «орташа ауыр қылмыстар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ауыр қылмыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 191-баптың екінші бөлігі «қылмыстық iстер бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 192-бапта:
екiншi бөлiкте:
«175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер «175-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер «178-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«181-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер «181-баптарында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«256-бабында (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
«264-бабында (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «264» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«287-бабында (екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «287-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«319,» деген цифрлардан кейiн «319-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«321, 322» деген цифрлар «321 - 322» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«360-бабында (үшінші бөлiгiнде)» деген сөздер «360-бабында (екінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қылмыстық істер бойынша,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
«189-бабында,» деген сөздер алып тасталсын;
«232-баптарында, 307-бабында» деген сөздер «232, 269-1, 307» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте:
«176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында» деген сөздер «176-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің б) тармағында, төртінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«177-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«141-1-бабында» деген сөздер «141-1, 363-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-3-бөлiк «227, 380» деген цифрлардан кейiн «, 380-1, 380-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
алтыншы бөлік «тергеуші» деген сөзден кейін «қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап бес тәулік ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 198-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ерекше жағдайларда тергеудің толық және объективті еместігі фактілері анықталған, іс күрделі және маңызды болған кезде алдын ала тергеуді жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органның тергеушілері арасынан тергеу тобын құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді.»;
36) 199-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«5. Тергеу тобының жетекшiсi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады.»;
37) 204-бабының бірінші бөлігінде:
«Қылмыстық» деген сөз «Тергеуге дейінгі тексеру барысында немесе қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тергеуші» деген сөз «қылмыстық қудалау органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 222-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қарап-тексеру куәгерлердi қатыстыра отырып жүргiзiледi. Баруы қиын жерлерде, тиiстi қатынас құралдары болмағанда немесе басқа объективтi себептерге байланысты азаматтарды куәгер ретiнде тарту мүмкiн болмаған кезде не оны жүргiзу адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрумен байланысты болса, қарап-тексеру, сондай-ақ құжаттар мен заттарды қарап-тексеру куәгерлердi қатыстырмай, бiрақ оның барысы мен нәтижелерiн бекiтудiң техникалық құралдарын қолдану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.»;
39) 223-баптың төртінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
«қайтарылмайтындай болса» деген сөздерден кейін «, жергілікті атқарушы орган айқындайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
«құны» деген сөзден кейін «сот шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «жоғары» деген сөз «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
40) 226-бапта:
бірінші бөлік «куәға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанға дейін өтініш берушіге және өтініш беруші қылмыс жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Куәландыру жүргiзу туралы тергеушi күдіктi, айыпталушы үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы шығарады. Жәбiрленушiнi, куәнi, өтініш берушіні, сондай-ақ өтініш беруші қылмыс жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамды мәжбүрлеп куәландыру прокурордың санкциясымен жүргiзiледi.»;
41) отызыншы тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-тарау. Почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындау. Хабарламаларды жол-жөнекей ұстау. Сөйлесулердi тыңдау мен жазу»;
42) 237-бапта:
бірінші бөлік «тергеушінің» деген сөзден кейін «(анықтаушының)» деген сөзбен толықтырылсын;
жетінші бөлікте:
«куәгерлердiң және қажет болған жағдайда маманның қатысуымен» деген сөздер «қажет болған жағдайда маманды тарта отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
43) 241-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«241-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау
1. Егер iс бойынша:
1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
2) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туғызғанда күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
3) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;
4) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;
5) iстiң өзге дәлелдермен дәйекті түрде анықталмайтын өзге де мән-жайын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.
2. Егер айыпталушының психикалық жай-күйiне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін күмән келтірілсе, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті болады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің 3 және 4-тармақтарында тізбеленген негіздемелер бойынша күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргiзіледі. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізбей және сынақтан өтушіні стационарлық тексеруге орналастырмай қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлаған жағдайда, осы Кодекстің 247-бабының тәртібімен қылмыстық іс бойынша стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.»;
44) 256-бап мынадай мазмұндағы 4-бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Қылмыстық iстi қозғау туралы шешiм қабылдау үлгiлердi зерттеусiз мүмкiн болмаған жағдайларда олар қылмыстық iс қозғалғанға дейiн алынуы мүмкiн.»;
45) 263-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жәбiрленушiден, куәдан осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған жағдайларда, сондай-ақ өтініш берушіден және өтініш беруші қылмыс жасаған деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмi бойынша ғана жол берiледi.»;
46) 269-баптың үшiншi бөлiгiндегі «қылмыстық iзге түсу» деген сөздер «қылмыстық қудалау осы Кодекстiң 51-1-бабында көзделген тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) мынадай мазмұндағы 272-1-баппен толықтырылсын:
«272-1-бап. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру
1. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру - прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының қаулысы бойынша, ал қылмыстық iс немесе материалдар сот iсiн жүргiзу барысында жоғалған жағдайда орындау үшiн прокурорға жiберiлетiн сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Қылмыстық iстi қалпына келтiру осы Кодексте белгiленген тәртiппен дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн қылмыстық iс материалдарының сақталған көшiрмелерi бойынша не қылмыстық процестi жүргiзетiн органның iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
3. Қылмыстық iстi қалпына келтiру кезiнде анықтау, алдын ала тергеу және қамау мерзiмдерi осы Кодекстiң 153, 196 және 285-баптарында белгiленген тәртiппен есептеледi.
4. Егер жоғалған қылмыстық iс бойынша қамауда ұстаудың шектi мерзiмi өтсе, айыпталушы дереу босатылуға тиіс.»;
48) 275-баптың екiншi бөлiгiнде:
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
«Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия бар iстегi құжаттардан үзiндiлер және олардың көшiрмелерi iспен бiрге сақталады және айыпталушы мен оның қорғаушысына сот талқылауы» деген сөздер «Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтер бар iстегi құжаттардан үзiндiлер және олардың көшiрмелерi iспен бiрге сақталады және айыпталушы мен оның қорғаушысына сот отырысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 281-бап 10) тармақтағы «берiлгенi-берiлмегенiн тексеруге мiндеттi.» деген сөздер «берiлгенi-берiлмегенiн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
«11) қылмыстық қудалау органының оларды сотпен өндiрудi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу шығасыларының сомаларын белгiлеу шараларын қабылдаған-қабылдамағанын тексеруге мiндеттi.»;
50) 282-баптың 4) тармағы «қайтарады» деген сөзден кейiн «, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 283-бапта:
бірінші абзацтағы «Айыптау» деген сөз «1. Айыптау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Егер прокурор қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын жою, өзгерту не таңдап алу қажет деп санаған жағдайда ол бұл туралы дәлелді қаулы шығарып, санкция беру үшін сотқа жібереді.
Қаулыға қамауға алу негізін растайтын қылмыстық іс материалдары қоса беріледі.»;
52) 284-баптың бiрiншi бөлiгi «қорытындысымен» деген сөзден кейiн «және осы Кодекстiң 280-бабының ескертуiнде аталған жеке басын куәландыратын құжатпен» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 285-бапта:
екiншi бөлiкте:
«188 (екiншi бөлiгiнде),», «264 (бірiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы бөліктегі «360 (бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздер «360 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «256-бабының бiрiншi бөлiгiнде» деген сөздер «256-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-3-бөлікпен толықтырылсын:
«8-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.»;
54) 289-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
«1-1) iстi қосымша анықтау немесе тергеу жүргiзу үшiн не айыптау хаттамасын немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн анықтаушыға қайтаруға құқылы, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады;»;
55) 302-баптың екінші бөлігінің 7) тармағындағы «айыпталушының» деген сөз «сотталушының» деген сөзбен ауыстырылсын;
56) 304-баптың екінші бөлігіндегі «айыпталушылардың», «айыпталушылар», «айыпталушыларға» деген сөздер тиісінше «сотталушылардың», «сотталушылар», «сотталушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 363-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыр емес, орташа ауыр қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер:»;
58) 384-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып, үкімнің кіріспе және қарар бөлігін түрегеліп тұрып жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі үкімнің кіріспе және қарар бөлігін түрегеліп тұрып тыңдайды.»;
екінші бөлікте:
«үкiм» деген сөз «үкімнің кіріспе және қарар бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үкiм жарияланысымен» деген сөздер «үкімнің кіріспе және қарар бөліктері жарияланысымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 402-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жібереді. Істі апелляциялық тәртіппен қараудың уақыты мен орны туралы процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сот хабарлайды. Сот талқылауы барысында шығарылған, үкім шығарумен аяқталған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Істерді аппеляциялық тәртіппен қарау мерзімі іс аппеляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен кезден есептеледі.»;
60) 408-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық (жеке) шағымдар мен наразылық беруге арналған мерзім өткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындағаннан кейін істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
2. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға апелляциялық сатыдағы сот хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, апелляциялық сатыдағы судья істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.»;
61) 408-1-баптың үшінші бөлігіндегі «өзі қабылдаған шешімдер көрсетіледі» деген сөздер «және істі апелляциялық тәртіппен қарау уақыты мен орны туралы өзі қабылдаған шешімдерді көрсетеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 411-баптың бірінші бөлігі 8) тармақтағы «жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.» деген сөздер «жіберу туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақпен толықтырылсын:
«9) қаулыны өзгерту, жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулының күшін жою туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»;
63) 420-1-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағындағы «, қосымша жаза қолдану» деген сөздер алып тасталсын;
64) 421-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
«4-1) дұрыс белгіленген жағдайлар, дәлелдерді толық зерттеген және талдаған, сотталғанның іс-әрекетін дұрыс құқықтық дәрежелеген және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда қосымша жаза қолдануға;»;
65) 450-баптың бірінші бөлігіндегі «қамауға» деген сөз «абақтыда ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 452-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «, қамауға» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақ «жас балалары болса» деген сөздерден кейін «және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
67) 453-бапта:
1) тармақтағы «немесе қамауға алумен», «, қамауға алумен» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70-бабы) туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 71-бабы) туралы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70-бабының жетiншi бөлiгi) туралы;»;
10) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10) керi күшi бар қылмыстық заңның, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету туралы, сотталған жасаған әрекеттің дәрежеленуін өзгерту, жазалау мерзімін, қылмыстың қайталануын қысқарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 5-бабы);»;
68) 454-бапта:
үшінші бөлік «жазаны жеңiлдету» деген сөздерден кейін «, сотталған жасаған әрекеттің дәрежеленуін өзгерту, жазалау мерзімін, қылмыстың қайталануын қысқарту» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «3-тармағы» деген сөздер «3-1-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 455-бапта:
үшінші бөліктегі «4,» деген цифр «3, 4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстiң 453-бабының 1), 2), 3), 3-1), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақтарында көзделген жағдайларда сот отырысына өзiне қатысты iс қаралатын сотталғанның қатысуы мiндеттi. Осы Кодекстің 453-бабының 1) тармағында көзделген жағдайда сотталғанның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасырынып жатқандығына жеткілікті негіздеме болған кезде сотталғанның сот отырысына қатысуы міндетті емес. Сотталған сотқа ұсынылған материалдармен танысуға, оларды қарауға қатысуға, өтiнiшiн және қарсылық білдіруін мәлiмдеуге, түсiнiктер беруге, дәлелдемелер ұсынуға құқылы.»;
70) 461-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Соттың заңды күшіне енген қаулысына істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы өтінішті, наразылықты, егер оларды сот қабылдамаса немесе қосымша тергеу жүргізілмесе, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруге құқығы бар адамдар соттың қаулысын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде бере алады.»;
71) 474, 475 және 476-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«474-бап. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзуді қозғау
1. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы сотталғанға, ақталғанға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне, қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтініш үкім, қаулы шығарған сотқа беріледі.
2. Азаматтардың, оның iшiнде осы iс бойынша процеске қатысушылардың өтiнiштерi, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.
3. Егер келiп түскен өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкiмiнiң бар екендiгiне сiлтеме болса, сот өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғайды, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан тиісті іс жүргізу құжаттарын талап ете отырып, осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот талқылауын жүргізеді.
4. Егер өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, сот тергеу жүргізу үшін прокурорға материалдарды жібереді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезiнде осы Кодекстiң қағидалары сақтала отырып жауап алу, қарап-тексеру, сараптама жасау, алу және өзге де тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Тергеу нәтижелері бойынша прокурор сотқа қорытынды беріп, онда тергеу нәтижелерін баяндайды және сотқа өтінішті қанағаттандыруды не оны қанағаттандырудан бас тартуды ұсынады.
5. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғауға негіздер анықталмаса, прокурор дәлелді қаулысымен оны қозғаудан бас тартады. Прокурор қаулысының көшірмесі іс қозғау туралы өтініш жасаған адамға осы Кодекстің 109-бабындағы тәртіппен жоғары тұрған прокурорға және сотқа қаулыға шағымдану құқығын түсіндіре отырып, оған үш тәулік ішінде жіберіледі.
475-бап. Сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi соттың iс-әрекетi
1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың материалдарын тексеру туралы өтінішті қарау жөніндегі сот отырысы аяқталғаннан кейiн сот өтінішті қанағаттандырып, үкімнің, қаулының күшін жояды және істі жаңадан тергеуге немесе жаңадан сот талқылауын жүргізуге жібереді не жаңадан тергеу немесе сот талқылауы талап етілмесе, іс бойынша iс жүргiзудi тоқтатады не iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығару арқылы қайта қараудан бас тартады.
2. Қылмыстық іс бойынша іс тоқтатылатын, үкімнің күшін жою туралы қаулыны қоспағанда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімді, қаулыны қайта қарау туралы өтінішті қанағаттандыру туралы қаулы наразылық білдіруге жатпайды.