402-бап. Апелляциялық (жеке) шағымданудың және наразылық берудің салдарлары
403-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдiру
404-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi
406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
407-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық
408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
408-1-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау
409-бап. Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі
410-бап. Апелляциялық сатының өкілеттігі
411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер
411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды қарауы
412-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiздер
413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi
415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы
416-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы
417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және соттағанның жеке басына сәйкес келмеуі
418-бап. Істі қысқарта отырып, айыптау үкімінің күшін жою
419-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою
420-бап. Iстi жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, үкiмнiң күшiн жою
420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою
420-2-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып, үкімнің күшін жою
421-бап. Yкiмдi өзгерту
422-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
423-бап. Апелляциялық қаулы шығару және оның заңды күшіне енуі
423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға кiрiсу
423-2-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау
423-3-бап. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау
48-тарау. 2001 жылғы 11 шілдедегі № 238 ҚР Заңымен алып тасталды
48-1-тарау. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
446-1-бап. Соттың үкімдеріне (қаулыларына) кассациялық тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары
446-2-бап. Кассациялық қараудың нысанасы
446-3-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық
446-4-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері
446-5-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын белгілеу
446-6-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
446-7-бап. Кассациялық сатының істерді қарау тәртібі
446-8-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер
446-9-бап. Кассациялық сатының үкімнің (қаулының) күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
446-10-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
446-11-бап. Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы
446-12-бап. Үкімнің әділетсіздігі
446-13-бап. Істі қысқарта отырып, айыптау үкімінің күшін жою
446-14-бап. Ақтау үкімінің күшін жою
446-15-бап. Істі жаңадан сот талқылауына жібере отырып, үкімнің күшін жою
446-16-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып, үкімнің күшін жою
446-17-бап. Yкімді өзгерту
446-18-бап. Кассациялық қаулының мазмұны
446-19-бап. Кассациялық қаулы шығару
446-20-бап. Кассациялық сатыдағы қаулыны орындауға кірісу
446-21-бап. Істі кассациялық сатыда қайтадан қарау
446-22-бап. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші саты бойынша қарау
446-23-бап. Істі жаңадан қарау кезіндегі жаза тағайындаудың шектері
9-бөлім. Сот шешімдерін орындау
49-тарау. Сот үкімдері мен қаулыларын орындау
447-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу
448-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу
449-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға кiрiсу тәртiбi
450-бап. Сотталғанның туыстары мен азаматтық талапкерге үкiмдi орындауға кiрiсу туралы хабарлау
451-бап. Туыстарына сотталғанмен жүздесуге рұқсат ету
452-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнгi қалдыру
453-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер
454-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешетiн соттар
455-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешу тәртiбi
456-бап. Соттылықты алып тастау туралы өтiнiштердi қарау
457-бап. Судьяның қаулысына шағымдану және наразылық бiлдiру
10-бөлім. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу
50-тарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау
458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот актілері
459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері
460-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау туралы өтініш жасауға, заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруге құқығы бар адамдар
461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мерзімдері
462-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішті беру, наразылық білдіру тәртібі
462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қарамай қайтару
463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті алдын ала қарау
464-бап. Өтінішті алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын қаулылар
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
466-бап. Сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
467-бап. Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
467-1-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
468-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны
469-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау
470-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтініш (наразылық) келтіру
470-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау
470-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарау тәртібі
51-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргізуді қайта жалғастыру
471-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қайта жалғастырудың негiздерi
472-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi
473-бап. Iс жүргiзудi қайта жалғастырудың мерзiмдерi
474-бап. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзуді қозғау
475-бап. Сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi соттың iс-әрекетi
476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді қайта жалғастыру туралы мәселені шешуі
477-бап. Алып тасталды
478-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу
479-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта жалғастыру кезiндегi азаматтық талап
11-бөлім. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
52-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
480-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi
481-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар
482-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу
483-бап. Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлектеу
484-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнi, айыпталушыны шақыру тәртiбi
485-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан жауап алу
486-бап. Қорғаушының қатысуы
487-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң алдын ала тергеуге қатысуы
488-бап. Педагог пен психологтың қатысуы
489-бап. Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау
490-бап. Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру
491-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану
492-бап. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң сот талқылауына қатысуы
493-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығару
494-бап. Кәмелетке толмағанның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер
495-бап. Кәмелетке толмағанды тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, жазадан босату
53-тарау. Артықшылықтары мен қылмыстық iзге түсуден иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
496-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу
497-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу
498-бап. Судьяға қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу
499-бап. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу
500-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты қылмыстық iстi соттың талқылауы
501-бап. Қылмыстық iзге түсуден дипломатиялық иммунитетi бар адамдар
502-бап. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды ұстау және қамауға алу
503-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
504-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi
12-бөлім. Айрықша іс жүргізу
54-тарау. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу
505-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу негiздерi
506-бап. Дәлелдеуге жататын мән-жайлар
507-бап. Қауiпсiздiк шаралары
508-бап. Туған-туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру
509-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру
510-бап. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылып ауырған адамға қатысты iстi бөлектеу
511-бап. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның құқықтары
512-бап. Заңды өкiлдiң қатысуы
513-бап. Қорғаушының қатысуы
514-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
515-бап. Сотта іс жүргізу
516-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мәселелер
517-бап. Сот қаулысы
518-бап. Сот қаулысына шағымдану және наразылық білдіру
519-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату, өзгерту және олардың мерзiмiн ұзарту
520-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта жалғастыру
55-тарау. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелер
521-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртiбiмен жүргiзiлетiн iс жүргiзу әрекеттері және өзге де iс-әрекеттер
522-бап. Iс жүргiзу құжаттарының жарамдылығы
523-бап. Құқықтық көмек көрсету мәселелерi бойынша қарым-қатынас жасау тәртiбi
524-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырманың мазмұны
525-бап. Iс жүргiзу әрекеттерін жүргiзу туралы тапсырманы орындау тәртiбi
526-бап. Куәнi, жәбiрленушiнi, азаматтық талапкердi, азаматтық жауапкердi, олардың өкiлдерiн, сарапшыны шақыру және олардан жауап алу
527-бап. Iстiң материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшiн жiберу
528-бап. Қылмыстық iзге түсуді жалғастыру туралы немесе қылмыстық iс қозғау туралы өтiнiштердi орындау
529-бап. Адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы талапты жiберу
530-бап. Ұстап берiлген адамның қылмыстық жауаптылық шектерi
531-бап. Шет мемлекеттiң азаматын ұстап беру туралы талапты орындау
531-1-бап. Адамды ұстап беру туралы шешімге шағымдану
532-бап. Ұстап беруден бас тарту
533-бап. Азаматтығы жоқ адамдарға, үшiншi бiр елдiң азаматтарына қатысты қылмыстық iзге түсуді жалғастыру және оларды ұстап беру
534-бап. Әдеттен тыс қамау (ұстау және ұстап беру үшiн қамауға алу)
535-бап. Транзиттiк тасымалдау
536-бап. Заттарды беру
56-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамды өзі азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беру
537-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамды өзi азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшiн беру негiздерi
538-бап. Сотталғанды өзi азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшiн беру шарттары мен тәртiбi
539-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғанды жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке беруден бас тарту
540-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшiн қабылдау туралы өтiнiштi қарау
541-бап. Соттың шет мемлекет сотының үкiмiн орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi
13-бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу
57-тарау. Жалпы ережелер
542-бап. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібi
543-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын істер
544-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
545-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу
546-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың істі қарауы туралы өтініш
58-тарау. Сот отырысын тағайындаудың ерекшеліктерi
547-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың істі қарауы туралы өтініш болған кезде сот отырысын тағайындау
548-бап. Алдын ала тыңдау жүргізудің ерекшеліктерi
549-бап. Алқабилердің қатысуымен сот отырысын тағайындау кезінде алдын ала тыңдау тәртібімен шығарылатын шешімдердің ерекшеліктерi
550-бап. Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау тәртібi
59-тарау. Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу
551-бап. Жалпы ережелер
552-бап. Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істi қарауға қатысудан босатуы
553-бап. Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу
554-бап. Алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру туралы мәселелерді шешу
555-бап. Алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіру
556-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру
557-бап. Алқабилердің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары
558-бап. Алқабилердің ант қабылдауы
60-тарау. Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерi
559-бап. Алқабидің құқықтары, міндеттері және істi қарауға байланысты іс-әрекеттердегi шектеулер
560-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi
561-бап. Алқабилер қатысатын соттағы істің қысқартылуы
562-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктерi
563-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздерi
564-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар және сотталушының соңғы сөзi
565-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын мәселелердің қойылуы
566-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын мәселелердің мазмұны
567-бап. Төрағалық етушінің алқабилерге жүгінуі
568-бап. Алқабилер кеңесінің құпиясы
569-бап. Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс берудi жүргізу тәртібi
570-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешімдердің түрлерi
571-бап. Үкім шығару
572-бап. Сотталушының есі дұрыс емес екендігінің анықталуына байланысты қылмыстық істі қарауды тоқтату
573-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктерi
61-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктерi
574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық білдіру
575-бап. Алқабилердің қатысуымен сот қараған істердi кассациялық сатыда жүргізу ерекшеліктерi
62-тарау. Қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу ерекшеліктерi
576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау
577-бап. Алқабилер қатысқан соттың шешімін қадағалау тәртібімен қайта қараған кезде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақпен толықтырылсын:
«25-1) «хабар-ошарсыз жоғалған адам» - өтініш берілген кезден бастап екі ай бойы жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен тұрған жерін осы мерзімде анықтау мүмкін болмаған адам;»;
3) 32-бапта:
екінші бөлік «айыпталушымен» деген сөзден кейін «, сотталушымен» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік «айыпталушымен» деген сөзден кейін «, сотталушымен» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 34-баптың бірінші бөлігіндегі «189,» деген цифрлар алып тасталсын;
5) 36-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті және үш тәуліктен кешіктірмей орындалуға тиіс. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау немесе күдіктіні ұстау, қамауға алу қажет болған жағдайда қылмыстық қудалау органының талабы жиырма төрт сағат ішінде орындалуға тиіс. Аталған талаптарды дәлелсіз себептермен орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
6) 37-бапта:
тақырыбындағы «Қылмыстық iзге түсудi» деген сөздер «Іс жүргiзуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
«қозғалған» деген сөзден кейін «қылмыстық» деген сөзбен толықтырылсын;
10) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10) артықшылықтары немесе қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3, 4 және 11-тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға не қылмыстық істі тоқтатуға, егер өтініш беруші ол адамды қылмыс жасаған адам ретінде тікелей көрсетсе, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері бұған қарсылық бiлдiрсе де, жол берiлмейдi. Бұл жағдайда iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 11-тармақтарында аталған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қылмыс жасаудан зардап шеккен адамның немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.
Қылмыстық істі тоқтату бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 8-бөлiктермен толықтырылсын:
«4-1. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында аталған негiз бойынша қабылдануға тиiс. Әрекет жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа жетсе де, психикалық науқаспен байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толығымен түйсіне алмаған және оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм дәл осы негiз бойынша қабылдануы тиiс.»;
«8. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған не қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған кезде адамның іс-әрекеттерінде әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болғанда он күн ішінде құзыретті органдарға әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберуге міндетті.»;
7) 38-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65, 66-баптарында, 67-бабының екінші бөлігінде және 68-бабында, сондай-ақ 373, 375 - 378, 381-баптарының ескертулерінде көзделген жағдайларда адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға не қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.»;
8) 48-бапта:
бірінші бөлікте:
«айыптау» деген сөзден кейiн «немесе күдіктену» деген сөздермен толықтырылсын;
«айтпағандығын айыптау» деген сөздерден кейін «немесе күдіктену» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «соңғы» деген сөз «бiрiншi» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 50-баптың бірінші бөлігі 9) тармақтағы «орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.» деген сөздер «орындалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
«10) хабар-ошарсыз жоғалған адамды таппаған жағдайда анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
10) 51-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «органның қысқартуына жатады» деген сөздер «орган қысқартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату тәртiбi
1. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған негiздер бойынша тоқтатылады.
2. Қылмыстық қудалауды тоқтатуды осы Кодекстiң 128-бабында белгiленген қағидаларды сақтап, дәлелдемелердi бағалағаннан кейiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган жүзеге асырады.
3. Күдіктiге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда iс жүргiзу осы Кодекстiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша жалғастырылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешiм күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты ғана қабылдана алады. Осы қылмыстық iс бойынша күдікті немесе айыпталушы деп танылмаған адамдарға қатысты қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.»;
12) 53-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
«9. Процеске қатысушыларға тапсырылуға жататын, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер бар iстен түсірілген iс жүргiзу құжаттарының көшiрмелерi олармен танысқаннан кейiн iспен бiрге сақталады және процеске қатысушыларға сот отырысы кезiнде тапсырылады.»;
13) 66-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «бөлімнің, бөлiмшенiң және анықтау органының өзге де бөлiмшелерiнiң бастықтары» деген сөздер «анықтау органы бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 68-бапта:
бiрiншi бөлiк «қылмыстық iс қозғалған» деген сөздерден кейiн «не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған» деген сөздермен толықтырылып, «сезікті» деген сөз «күдікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«2-1. Күдiктi деп тану туралы қаулыда мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) оның жасалған уақыты мен жерi; қаулыны кiм жасады; күдіктi деп танылған адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған жылы, күнi, айы және оның туған жерi;
2) оны жасаған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес дәлелденуге тиiс өзге де мән-жайлар көрсетiлген, күдіктi болатын адам жасаған қылмыстың сипаттамасы;
3) осы қылмыс үшiн жауаптылық көзделетiн қылмыстық заң (бабы, бөлiгi, тармағы).
Қаулы тергелiп жатқан iс бойынша адамды күдікті деп тану туралы шешiмдi қамтуға тиiс. Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға ұсынылады. Тергеушi күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдiктiнiң құқықтарын түсiндiруге және осы қаулының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.»;
алтыншы бөліктегі «оны қамаудан босатқан, не оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшi жойылған сәттен бастап не оған қатысты қылмыстық iзге түсу тоқтатылған, не қылмыстық ізге түсу» деген сөздер «оған қатысты қудалау тоқтатылған сәттен бастап, не қылмыстық қудалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiктің 6) тармағы «қылмыстық iс қозғалғандығы туралы қаулының,» деген сөздерден кейiн «оны күдікті деп тану туралы қаулының» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 82-баптың үшінші бөлігі:
«өз қолымен жазуға;» деген сөздерден кейiн «жауап алуға дейiн оны күдiктi деп тану туралы өтініш жасауға;» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Куәның алдын ала тергеуге және сотқа қатысуына байланысты оған келтiрiлген шығыстарды өтеу қамтамасыз етiледi.»;
16) 92-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тергеушіге немесе анықтаушыға қарсылық білдіру туралы мәселенi прокурор не тиісінше тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шешедi.»;
17) 99-бапта:
тақырыбындағы «Жәбірленушілердің» деген сөз «Күдіктілердің, жәбірленушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік «қаупі болса,» деген сөздерден кейін «күдіктінің,» деген сөзбен толықтырылсын;
18) 108-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: