86. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсету
573. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсеткенге дейін авариялық-құтқарудың барлық кешеніне, оның ішінде әрбір авариялық шығуға сынақтар аяқталуы тиіс.
574. 11 және одан да көп жолаушылар орнының саны бар ӘК жолаушылар мен экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерін қоса алғанда) максималды саны кезінде барлық адамдарды ӘК-н эвакуациялау 90 с ішінде болатыны көрсетілуі тиіс.
Жерүсті тұғырын немесе трапты пайдалана отырып, эвакуацияланған адам олар тұғырдың негізіне немесе траптың төменгі бөлігіне жеткен кезде олар жерде тұр деп есептеледі.
Үлгілеме көрсету мына жағдайлар кезінде жүргізілуі тиіс:
1) тәуліктің қараңғы уақытында немесе жасанды түнгі қараңғылық жағдайында тәуліктің жарық уақытында. Бұл ретте ӘК жердегі қалыпты жағдайы кезінде тек авариялық жарықтандыру жүйесі, фюзеляждың бір бортының авариялық шығулары немесе авариялық шығулардың барлық тепе-тең 50% және бұл шығуларға арналған авариялық-құтқару жабдығы қолданылуы тиіс;
2) барлық авариялық-құтқару жабдығы ӘК осы үлгісі үшін қабылданған тізбеге сәйкес белгіленуі керек;
3) әрбір сыртқы есік пен шығу және әрбір ішкі есік немесе портьер қалыпты ұшуға сәйкес жағдайда болуы тиіс;
4) бел және иық белдіктері бекітілген болуы тиіс;
5) жолаушылар құрамы мынадай болуы тиіс:
кемінде 40%-ы әйелдер;
5%-ы әйелдер тең санда жасы 62-тан асқан адамдар.
6) шығулар мен авариялық жабдықтарды қолдану тәжірибесі бар адамдар үлгілеме көрсету кезінде экипаж мүшелері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл адамдар ұшу және қону кезінде ұйғарылған экипаж мүшелерінің орындарында болулары және егер бұл орын ұшу және қону уақытында осы экипаж мүшесі үшін ұйғарылған орын болып табылмаса, ешкім де авариялық шығудың жанында отырмауы тиіс. Олар эвакуация басталғаны туралы белгі берілгенге дейін ұйғарылған орындарында қалып, жолаушылар эвакуацияланатын авариялық шығулар арқылы эвакуациялануы тиіс;
7) авариялық үлгілеме көрсету басталар алдында дайындық немесе жолаушыларға жаттықтыру жүргізуге тыйым салынады. Жолаушыларды авариялық шығулардың орналасу ретімен және «Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықпен» таныстыруға ғана рұқсат етіледі;
8) адамдарды қанаттан жерге эвакуациялау үшін олар бойынша түсіру жылдамдығы авариялық-құтқару жабдығының құрамына кіретін құралдар бойынша жіберу жылдамдығынан аспайтын жағдайда жерүсті тұғырын немесе трапты қолдануға болады;
9) қанат үстінде орналаспаған шығулар арқылы ӘК эвакуацияланатын барлық адамдар ӘК жабдығының бөлігі болып табылатын құралдардың көмегімен эвакуациялануы тиіс;
10) экипаж кабинасынан экипажды эвакуациялаудың үлгі көрсетімі (жолаушыларды эвакуациялаудан бөлек) осы тармақ жағдайларында көрсетілуі тиіс.
575. Авариялық эвакуация көрсетімі, егер талдау жолымен ӘК барлық жолаушылары 90 с аспайтын уақыт ішінде эвакуацияланатын растауға болса, бұрын эвакуация жөнінде сынақтар жүргізілген орындар санымен салыстырғанда, ӘК саны 5% аспайтын ұлғаюы жағдайында оны қайталау міндетті емес.
87. Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық
576. ӘК әрбір негізгі бөлігі үшін «Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық» жасақталуы тиіс, онда:
1) құрғаққа және суға авариялық қону кезінде ӘК-н адамдарды эвакуациялау жолдары;
2) авариялық-құтқару жабдығының орналасуы мен таңбалануы және фюзеляждың ашылу орындары;
3) авариялық шығулардың орналасуы және оларды ӘК ішінен, қажет болған кезде ӘК сыртынан ашу тәсілдері;
4) үрмелі құтқару кеудешелері, қажет болған кезде қажетті басқа да топтық және жеке құтқару жүзу құралдары;
5) үрмелі авариялық траптарды және басқа да баламалы құралдарды іске қосу мен оларды эвакуация үшін пайдалану тәсілдері;
6) жолаушылар креслоларының немесе оларды орналастыру аймақтары мен олар арасындағы өткіндердің орналасуы;
7) қажет болған кезде оттегі бет-бүркемелерінің орналасуы мен пайдалану тәсілдері көрсетілуі тиіс.
88. ӘК технологиялығын пайдалану.
Пайдалану құжаттамасы
577. ӘК конструкциясы мен оның жүйелері пайдалану құжаттамасында көзделген барлық жұмыстарды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
578. Бұйымдарды (штуцерлер, құбыр-өткізгіштер, коммуникация ажыратпалары т.б.) таңбаға сәйкес оларды бұрыс монтаждау, жинау және техникалық қызмет көрсету кезінде реттеу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
579. Пайдалану құжаттамасы номенклатурасы, ресімделуі және мазмұны бойынша ӘК сертификацияланған үлгісіне және техникалық пайдалану ережелерін айқындайтын жалпы мақсаттағы құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
580. Пайдалану құжаттамасында айтылған нұсқаулар мен ұсынымдар дәл жасақтауы және оларды екі жақты түсіну мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
89. Материалдар және технология
581. ӘК, оның жүйелері мен агрегаттарын дайындау үшін қолданылатын материалдар пайдаланудың күтілетін жағдайларын ескере отырып, таңдалған және олар үшін бекітілген Нормаларға сәйкес болуы тиіс. Таңдалған материалдар оларға белгіленген ресурс пен қызметтің күнтізбелік мерзімі ішінде деталдар мен конструкция элементтері жұмысының сенімділігі мен ұзаққа шыдауын қамтамасыз ететін механикалық, тоттануға қарсы, тұрпаттық және басқа да қасиеттерін сақтауы тиіс.
582. ӘК конструкциясы элементтерін дайындаудың технологиялық процестері тұрақты және пайдаланудың күтілетін жағдайларында белгіленген ресурстар мен қызмет мерзімі шегінде жұмыс қабілетіне әсер ететін деталдар мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
583. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кабиналарындағы конструкциялық және металл емес сәндік-әрлеу материалдары қиын жанатын немесе өздігінен сөнетін болуы тиіс. Жалын ықпалы кезінде уытты өнімдердің елеулі көлемін шығаратын материалдарды қолданбау қажет.
584. Кабиналардағы сәндік-әрлеу, конструкциялық металл емес материалдарды және ауа баптағыштар жүйесін пайдалану процесінде кабиналардағы ауа құрамы бойынша талаптан асатын көлемде зиянды өнімдер шығармауы тиіс.
585. Шынылауды дайындауға арналып қолданылатын материалдар қауіпті жарқыншақтарды құрамауы тиіс. Кенеттен мөлдір бола алатын материалдар экипаж кабинасын шынылау үшін пайдаланылмауы тиіс.
90. ӘК атмосфералық электрден (найзағайдан электрлік-статикалық зарядтан) қорғау
586. ӘК атмосфералық электрлік ықпал ұшу кезінде авариялық немесе апаттық жағдайға әкелмеуі тиіс.
Осы бөлімнің талаптарына сәйкес сынақтар және есептер жолымен тиісті айғақ құжаттар көрсетілуі тиіс.
Найзағай ықпалына сынақтар мен есептеу ӘК электрлік разрядтардың ықпал етуі жағдайда жүргізілуі тиіс, олар:
Жоғары тоғы кемінде 200 кА, алдыңғы қасбеті 1011 А/с және кемінде 4 К көшпелі зарядпен серпіндік құрауды;
Кемінде 200 А теракты жасақтама тоғымен және кемінде 200 К көшпелі зарядты қамтуы тиіс.
587. Найзағай тоқтарының өтуі мүмкін ӘК конструкциясының метал элементтері жалпы электрлік массаға жалғануы тиіс. Конструкцияның бұл элементтерін жалғаушы өткізгіштер мыстан жасалған, кемінде 6 мм көлденең қимасы, ал басқа материалдан жасалған жағдайда эквиваленттік өткізгіштігі болуы тиіс. Конструкция элементтерінің арасындағы жалғасу орындарындағы қарсылық қозғалмайтындар үшін - 600 мкОм аспауы қозғалмалы бекітпелер үшін 2000 мкОм аспауы тиіс. ӘК құжаттамасында бұл өткізгіштердің орналасу схемасы немесе бақылау нүктелері мен бақылау нүктелерінің арасындағы барынша рұқсат етілетін қарсылық шамасы көрсетілген металдану қарсылығының кестесі ұсынылуы тиіс.
588. ӘК найзағай ықпалы нәтижесінде сынуы авариялық немесе апатты жағдайға әкелуі мүмкін сыртқы металл емес бөліктердің (мысалы диэлектрлік немесе сәндік материалдардан жасалған конструкциялар шынылану т.б.) қорғау құрылғылары болуы тиіс.
589. ӘК отын жүйесі мен бактері ӘК найзағай ықпалының нәтижесінде өрт немесе жарылыс мүмкіндігі болмайтын түрде орындалуы тиіс, бұл үшін:
1) бактер қанат ұшынан кемінде 500 мм қашықтықта орналасуы;
2) алюминий қорытпасынан жасалған сыртқы қабырға, кессон-бактер қалыңдығы кемінде 2 мм; бактердің басқа да материалдардан жасалған ішкі жақтарында отын буын тұтатуға қабілетті ыстық нүкте болмауы тиіс;
3) бак ішінде ұшқы болмауы тиіс.
590. Дренаж жүйесі мен отынды ағызу жүйесінің тесіктері оларда отын қоспасын тұтатуға қабілетті түбірлі разрядтардың пайда болмайтын түрде орналасуы тиіс.
591. ӘК корпусынан найзағай тоғы өткен кезде авариялық немесе апаттық жағдайға әкелуі мүмкін жұмыс істеу жүйелері мен құрылғыларында сыну немесе жалған іске қосылу оқиғалары болмауы тиіс.
592. ӘК қабат нысанындағы бұл арасында және жауын-шашында ұшқан кезде радиоэлектрлік жабдықтың қалыпты жұмысын бұзбай, электрлік-статикалық зарядтардың түсуін қамтамасыз ететін шаралар (электрлік-статикалық разрядтауыштар, жабын, бекітпе т.б.) көзделуі тиіс.
593. ӘК жалпы салмағын тізбектік жерге қосу кезінде ЖҚҚ-нен автоматты түрде қосылуы тиіс, бұл ретте жерге қосу құралының қарсылығы 107 Ом аспауы тиіс.
ӘК тоқтап тұруы кезінде тізбектік жерге қосудың жер үсті контурасына қосуға арналған 0,5 Ом аспайтын қарсылығы бар құрылым көзделуі тиіс.
91. Қадамдық газтурбиналық қозғалтқыш
594. Барлық салмақ санаттарындағы кем дегенде екі қозғалтқышы бар ӘК қадамдық газтурбиналық қозғалтқышқа қойылатын талаптар осы Норманың 93-128 тарауларында баяндалған. Осы талаптарды орындау қозғалтқыштың ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында міндетті болып табылады.
595. Қадамдық газтурбиналық қозғалтқыштың осы Норманың 93-128-тараулар талаптарына сәйкестігі техникалық құжаттаманы, есеп айырысуларды, текшелік, жерде және ұшу сынақтарын талдау негізінде, сондай-ақ пайдалану тәжірибесін талдау негізінде белгіленеді, оларға:
1) қозғалтқышты «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде - осы Норманың 93-119-тараулар талаптарының көлемінде;
2) ӘК сертификаттау кезінде - осы Норманың 93-121-тараулар талаптарының көлемінде. Сертификаттаудың осы кезеңінде осы Норманың 120 және 121-тараулар талаптарды қанағаттандыратын қозғалтқышты «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде оның сол бір ұшу сынақтары бөлігінде оң нәтижелер есепке алынады;
3) сериялық шығарылатын және жөнделетін қадамдық газтурбиналық қозғалтқыш бақылау кезінде - осы Норманың 122-126-тараулар талаптарының көлемінде белгіленуге тиіс.
596. Қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада техникалық пайдалану жөніндегі басшылық пайдаланудың негізгі деректері мен күтілетін жағдайлары ұсынылуға тиіс.
Көрсетілген мәліметтерді қозғалтқыштың оны сынақтардан өткізу, сертификаттау және пайдалану кезіндегі ресми мәртебесі құрайды.
Пайдаланудың күтілетін жағдайы, орташаланған ұшу циклын (ұшу циклы) қоса, қозғалтқыштың осы Норманың 91-126-тараудың талаптарына сәйкестігін растайтын қозғалтқыштың және оның бөлшектерінің сынақтары бағдарламаларын жасау үшін негіз болып табылады.
597. Пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұшу жарамдылығын анықтау үшін қозғалтқыштың сипаттамалары мен оның конструкциясының элементтері мен агрегаттарын сынаудың есептері атмосфералық жағдайлар үшін жүргізілуге тиіс. 4500 м биіктікке дейін ұшудағы қозғалтқыштың сипаттамасы жоғары температура кезіндегі ылғалдылыққа арналған түзетумен көрсетілуге тиіс.
598. Қозғалтқышқа дайын бұйымдарды қолдану осы бұйымдарды әзірлеушілермен олардың қозғалтқыштағы жұмыстарының талаптарын ескере отырып, келісілуге тиіс.
599. Қозғалтқыш сертификаттауға:
1) толығымен жиынтықталған агрегаттарымен, жүйелерімен, коммуникацияларымен және датчиктерімен;
2) қозғалтқышты пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қажетті техникалық құжаттама жиынтығымен;
3) қозғалтқышты техникалық пайдалану жөніндегі Басшылықта және техникалық қызмет көрсету Регламентінде (ТР) көзделген техникалық қызмет көрсетуді орындауды қамтамасыз ететін борт құрал-сайманының, бейімдегіштердің, бақылау-өлшеу және диагностикалық құралдың жиынтықтарымен;
4) Техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін қажетті запас агрегаттардың, бөлшектер мен шығыс материалдарының жиынтықтарымен ұсынылуға тиіс.
600. Электр энергиясын тұтынатын қозғалтқыштың агрегаттары мен жүйесі осы Норманың 157-тараулар талаптарына сәйкес келуге тиіс.
601. Қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайлары төменде көрсетілген ұшу өлшемдерін (режимдерін) және қозғалтқыштың жай-күйі мен сыртқы ортаның қозғалтқышқа тигізетін әсерінің өлшемдерін және пайдалану факторларын, оның ішінде ұшу циклы ішіндегі уақыт бойынша олардың өзгеруін (осы мүмкін болатын жерде) қамтиды. Ұшу циклы өзіне күтілетін және қозғалтқыштың ауыспалы процесін, оны жерде іске қосқаннан бастап ӘК қонғаннан соң өшіргенге дейін белгіленген жұмыс режимін, сондай-ақ бір ұшу циклына жататын техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі барлық режимдерді қамтуға тиіс.
602. Ұшу өлшемдері (режимдері):
1) ұшу биіктігі;
2) ұшу (М саны) жылдамдығы;
3) кеңістіктегі қозғалтқыштың еңкею бұрышы;
4) асқын жүк.
603. Қозғалтқыш жай-күйінің өлшемдері мен шеңберлі ортаның әсері:
1) барометрлік қысым, температура және атмосфералық ауаның ылғалдылығы;
2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
3) электрдің әсері;
4) қозғалтқыштың кіреберісіне түсетіндердің көлемдері, массасы, құстардың жылдамдығы, бір кесек мұз, бұршақ, су (жаңбыр).
604. Пайдалану факторлары:
1) қозғалтқыштың ресурстары (сағаттарда және ұшу циклдарында), қызмет көрсету мерзімі (күнтізбелік уақыт);
2) қозғалтқыштың жұмыс режимі, бір ұшу циклы ішінде осы режимдерге шығу саны мен бірізділігі және белгілі бір режимдердегі (оның ішінде авторотация және тартымның кері қимылдау режимдерінде) қол жетімді үздіксіз және жалпы жұмыс ұзақтығы; сондай-ақ ауыспалы процестер туралы мәліметтер;
3) ұшу бейінінің сипаты;
4) ұшудың биіктігі мен жылдамдығы бойынша іске қосу саласы мен саны;
5) ауа мен қуатты таңдау шамасы;
6) ӘК ауажинағышындағы толық қысымды ысыраптау;
7) қозғалтқышқа кіреберістегі ауа ағысының біртексіздігі;
8) қолданылатын отын, май, қондырма, техникалық сұйықтықтар мен газ маркалары;
9) қозғалтқышқа кіреберістегі отынның температурасы мен қысымы;
10) қозғалтқыш агрегаттарының, оның ішінде іске қосу құрылғысының энергияқоректік өлшемдері;
11) тән аймақтарда көрсетілген қатты қондырғысы қақпағының астындағы температура;
12) ҰҚЖ жабындысы және жай-күйі мен ӘК тұрақ орны;
13) техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері және қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің диагностикасы;
14) пайдаланудағы қозғалтқыш бөлшектерінің механикалық зақымдану шамасы;
15) ӘК қозғалтқыштың, оның ішінде қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсетуді айқындайтын жиынтық ерекшеліктері;
16) отынның механикалық қоспалармен және еркін сумен (қозғалтқышқа кірер жерде) ластануы.
Ескертпе: қозғалтқыштың белгіленген ресурсының шегінде регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі және кейбір бөлшектерді ауыстырумен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиіс, ал бөлшектердің белгіленген ресурстарының шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жөндеулері жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының мәні оның бастапқы мәнінен бастап қозғалтқышқа берілген техникалық талаптарға дейін біртіндеп өседі. Қозғалтқыштың уақытша белгіленген ресурсы негізгі бөлшектердің уақытша белгіленген ресурстарының шегінде белгіленеді, міндетті түрде ауыстыру регламенттелген жөндеулер немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде көзделмеген. Қозғалтқыштың уақытша белгіленген ресурсын көбейту шарасы бойынша оны пайдалану жалғастырылуы мүмкін.
92. Қозғалтқыштың конструкциясы
605. Қозғалтқыш өзінің жүйелерімен және агрегаттарымен бірге белгіленген ресурстар ішінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында және апатты жағдайлардың туындауына алып келетін қауіпті салдарларымен істен шығу қызметінің мерзімінде жобалануға және жасалуға тиіс, іс жүзінде ықтимал емес оқиға ретінде қозғалтқыштың жұмыс істеуі бір сағат бұрын бағаланған. Осы талапты орындаудың расталуы нақты схема мен нақтылай конструкциялы, пайдаланудың ұзақ кезеңі ішінде осылай конструкциялардың сенімділігін статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ осы конструкция сынақтарының нәтижелерін талдау негізінде жүргізілуге тиіс.
606. Пайдаланудың күтілетін жағдайларының кезінде белгіленген режимдерде де, ауыспалы процестер жағдайында да (қозғалтқыштың және оның автоматикасының қол жетімді конструкциясымен) қозғалтқышта компрессордың помпажы туындауы мүмкін емес. Көзделмеген факторлардың нәтижелерінде ұшуда туындаған помпаж (аз ықтималды ақаудың пайда болуы, экипаждың мүмкін болатын қателігі және т.б.) қауіпті салдарлары бар қозғалтқыштың істен шығуына алып келмеуге тиіс.
607. Қозғалтқыш пайдалану кезінде оған басқа заттардың түсуі (құс, су, жаңбыр, бір кесек мұз және бұршақ) мүмкін болатындай осы тармақтың регламенттелетін талаптарының жағдайлары кезінде салдарлар туындамайтындай етіп жобалануға тиіс.
608. Қозғалтқыш және оның агрегаттары қозғалтқыштың техникалық пайдалану жөніндегі басшылық пен қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес пайдаланудағы қозғалтқыш конструкцияның бөлшектерін, агрегаттары мен басқа элементтерін қарау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды айырбастау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жобалануға және жасалуға тиіс.
609. Қозғалтқышты өрттен қорғау:
1) өрттің туындауы мен таралуының алдын алудың конструктивтік шаралары;
2) жануды (өртті) табу жүйесі;
3) қозғалтқыштың олардың жануы мүмкін орындарында жанар сұйықтықтар мен олардың буларының жиналып қалуын болдырмауға арналған дренаждар;
4) қозғалтқышты шұғыл ажыратып тастайтын құрылғы көзделуге тиіс.
Қозғалтқышта отқа төзімді немесе жоғары температураның әсерінен қорғалуға тиісті мынадай элементтер:
1) қозғалтқышы ажыратылған басқару жүйесі органдарының элементтері;
2) құрамында отын, май немесе олардың булары мен гидрожүйелердің жұмыс сұйықтығы болатын труба құбырлары немесе сыйымдылықтар (бактар);
3) қозғалтқышы ажыратылған құралдарды басқару органдары жүйесі мен өрт кезінде және өрттен кейін қозғалтқышты бақылауды қамтамасыз етуге қажетті деп танылған басқа жүйелердің электр өткізгіші;
4) жоғары температура әрекетінен болған бұзылу өрт кезінде ауаны мотогондолға беруге алып келуі мүмкін ауа өткізгіш;
5) өрт сөндіру жүйесінің труба құбырлары мен шаңдату құрылғысы болуға тиіс.
Титан негізінде құймалардан жасалған бөлшектерді қозғалтқыш компрессорларында қолдануға, егер осы құймалардан жасалған мүмкін болатын ең жоғары температурасы шекті мәндерден артпаса, рұқсат етілуі мүмкін.
1) 5000С - жұмыс күректері үшін;
2) 3000С - аппараттарды бағыттайтын күректер үшін;
3) 3000С - корпустар мен лабиринттердің ішкі қаптары үшін.
Ескертпе: титан құймаларынан жасалған бөлшектер үшін көрсетілген шекті температура аппараттарды бағыттайтын күректердің астындағы барабандар мен дискілерде орналасқан, егер түйіндес бөлшектер әртүрлі материалдардан жасалған болса (мысалы, консольдық күректер немесе бағыттаушы аппараттың астындағы ішкі сақина - болаттан, ротор - титаннан жасалса) лабиринттерге қолданылмайды.
Титан негізінде құймалардан жасалған бөлшектері бар компрессордың конструкциясы мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
1) титан бөлшектер пайдаланудың қалыпты жағдайында, сондай-ақ статорлық және роторлық элементтер арасында остік және радикалдық саңылаулардың бұзылуының салдарынан өзара үйкелу мүмкіндігін болдырмау;
2) корпустардың ішкі қаптары мен болат немесе никель құймалардан жасалған аппараттарды бағыттайтын күректері, егер шарт орындалмаған болса, болуға тиіс.
Қозғалтқыш, егер конструкциялы талдау және қозғалтқышты мәніне жеткізу тәжірибесі, сондай-ақ түпкі үлгілерді пайдалану тәжірибесі ішкі май қуыстарындағы өрттің шығу мүмкіндігін және сонымен бірге қозғалтқышты ажырату жолымен жойылуының мүмкін еместігі көрсетілген жағдайда, ішкі май қуыстарындағы отсөндіргіш заттарды беру жүйесімен жабдықталған болуға тиіс.
1-ескертпелер: әдейі жасалмаған отсөндіргіш заттарды беру қозғалтқыштың қалыпты жұмысын бұзуға әкелмеуге тиіс.
2-ескертпелер: отсөндіргіш заттарды беруге арналған құрылғы талаптарға жауап беруге тиіс.
3-ескертпелер: қозғалтқыштың ПБ отсөндіргіш заттарды қолдану кезіндегі операциялардың сабақтастығы көрсетілуге тиіс.
Қозғалтқыштың құрылысында:
1) май және отын жүйелері агрегаттарын мүмкіндігінше қозғалтқыштың ыстық бөлігінен тыс орналастыру;
2) ауаны компрессордан қайта шығару және ауаны капот астындағы кеңістікке емес, ал атмосфераға немесе екіконтурлық қозғалтқыштың сыртқы контурына суфлирленген май жүйесінің қуыстарынан бөлу көзделуге тиіс.
Валдарды майлық тығыздау арқылы аққан майдың жануын болдырмау үшін мынадай мүмкіндіктер:
1) ауаның майлық және ауалық тығыздықтарының арасындағы қуыстардан майларды бөлу арнайы каналдар арқылы;
2) соратын сорғылар істен шыққан жағдайда сығылған сорғымен май беруді тоқтату қамтамасыз етілуге тиіс.
Қозғалтқыштың жану камерасында және оның түтін шығаратын трубасында қозғалтқыш сәтсіз іске қосылған жағдайда отын жинақталуы мүмкін кептеліп қалған аймақтардың туындауын болдырмауға тиіс және отырып отынның қажетті дренажы көзделуге тиіс.
610. Қозғалтқыштың негізгі элементтерінің электр әлеуеттерінің айырмашылығын жою үшін олардың арасында электр байланысы (металдандыру) қамтамасыз етілуге және қозғалтқыштың оған сұғынып тұратын ӘК элементтерімен оны ӘК қондыру кезіндегі электрлік байланыс мүмкіндігі көзделуге тиіс.
611. Қозғалтқыштың функционалдық істен шығу себептері мен салдарларына қозғалтқышты жетілдіру тарихы мен оның түпкі үлгісін немесе ұқсасын пайдалану тәжірибесін ескеріп талдау жүргізілуге тиіс.
Қауіпті салдарлары болуы мүмкін істен шығу бойынша арнайы шаралар жасаудың конструкциясында, технологиясында көрсетілуге және қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамада көзделуге тиіс:
1) осындай істен шығуды болдырмау жөнінде;
2) қозғалтқыштың қауіпті салдарлары бар істен шығуының туындауына алып келуі мүмкін ақаулары мен зақымдануларын уақтылы анықтау мен жою жөнінде.
612. Қуатты қондырғылардың күтілетін құраластарындағы қозғалтқыштардың өзара алмасушылығы қамтамасыз етілуге тиіс. Ерекшелік ретінде қозғалтқыш конструкциясының жекелеген агрегаттарын немесе басқа элементтерін олардың өзара алмасушылығын қамтамасыз ету жағдайы кезінде орнын алмастыруға рұқсат етілуі мүмкін.
613. Қозғалтқыштың бөлшектері мен агрегаттары техникалық құжаттамамен регламенттелген тиісті тәсілдермен пайдалану мен сақтау кезінде тоттану мен тозудан қорғалуға тиіс.
Қозғалтқышты консервациялау мен қайта консервациялау қозғалтқышты ішінара бөлшектеуді немесе агрегаттарды қайта монтаждауды талап етпеуге тиіс.
614. Істен шығуы қауіпті салдарлар жасауы мүмкін қозғалтқыштың бөлшектері техникалық құжаттаманы пайдаланатындай, осы бөлшектерді жасау туралы қажетті мәліметтер алатындай етіп таңбалануға тиіс. Осы бөлшектерді жасауға арналған техникалық құжаттамада оларды бақылаудың көтеріңкі көлемі көзделуге тиіс.
615. Қозғалтқышты техникалық құжаттамаға сәйкес оның жұмыс қабілетін төмендетпейтіні көрсетілуге тиіс.
616. Турбовинттік қозғалтқыш тұратын тежегішпен немесе ауа винттерінің айналуын болдырмайтын басқа құралдармен жабдықталуға тиіс. Тұратын тежегіштің болуы кезінде ол турбовинттік қозғалтқыш іске қосу жүйесімен бағытталуы тиіс.
93. Қозғалтқыш беріктігі
617. Статикалық және динамикалық кернеу, қозғалтқыш бөлшектеріндегі өзгеріс пен жүктеме, сондай-ақ оның ӘК ілінген орындарындағы тербелісі мен агрегаттарды бекіту материалдарында пайдаланылатын конструкцияның осы ерекшеліктері және жасаудың қабылданған технологиясы кезінде өткізілген арнайы сынақтарды пайдалану тәжірибесі мен нәтижелерін ескере отырып, белгіленген мәні асып түсуге тиіс.