«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында» деген сөздер «осы Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
1-баптың 52) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімді кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Білім беру грантының негізінде жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында осы мамандықтар бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
1-баптың 52) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институтционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың екінші бөлігінде:
«Орта білімнен кейінгі, жоғары» деген сөздер «Жоғары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өтемді білім беру кызметтерін көрсету шарты бойынша» деген сөздер «ақылы негізде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«грантының» деген сөзден кейін «немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 63-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:
1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;
2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.»;
екінші бөліктегі «бұқаралық кәсіптердің қызметкерлерін даярлау жөніндегі кәсіптік оқытудың» деген сөздер «техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац «ақылы негізде» деген сөздердің алдынан «, ақылы қызмет көрсету туралы шартты жасай отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «оқытуды» деген сөз «білім беруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
54) 64-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.»;
55) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.».
2-бап. 1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5) тармақшасының он бірінші - жиырма үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, жиырма алтыншы, қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 52) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда;
3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 52) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қазанның 24-і
№ 487-ІV ҚРЗ