23) 28-бапта:
1-тармақтағы «оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына» деген сөздер «оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «оқу» деген сөз «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында немесе мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған жағдайларда ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында жүзеге асырылады және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн білім беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы түсуге мүмкіндік береді.»;
24) 29-бапта:
тақырыптағы «Ғылыми және оқу-әдістемелік» деген сөздер «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Ғылым мен білімді» деген сөздер «Білім мен ғылымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ғылыми және оқу-әдістемелік» деген сөздер «оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ғылыми және оқу-әдістемелік» деген сөздер «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «білім департаменттерінің» деген сөздер «білім беруді басқару органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «ғылыми және оқу-әдістемелік» деген сөздер «оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.»;
26) 31-бапта:
1-тармақ «алты» деген сөзден кейін «(жеті)» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ «түрлері мектеп,» деген сөздерден кейін «шағын жинақталған мектеп,» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 32-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кәсiптiк лицейлерде,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
28) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
«32-1-бап. Кәсіптік даярлық
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей ұйымдарда, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорындарда оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
4. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау бойынша біліктілік емтиханынан табысты өткен адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілікті беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беріледі.»;
29) 33-баптың екінші бөлігіндегі «гуманитарлық» деген сөз алып тасталсын;
30) 34-бап алып тасталсын;
31) 35-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады.»;
32) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Әскери мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады.»;
33) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Қосымша білім беру
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей болған кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.»;
34) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.»;
35) 39-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беруге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар бере алады.»;
2-тармақ «үлгідегі» деген сөзден кейін «не өзіндік үлгідегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.»;
36) 40-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) орта білімнен кейінгі білім беру;
5) жоғары білім беру;
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
8) арнайы білім беру ұйымдары;
9) жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
37) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;»;
38) 43-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери мамандықтар бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бекітуден басқа, жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;»;
15) тармақшадағы «заңдарында» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақша алып тасталсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» академиялық дәрежелерін беру;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітеді.
5. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген білім беретін оқу бағдарламалары, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы, оқу жүктемесінің нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерінің негізінде жүзеге асырады.»;
39) 44-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «Үкіметі белгілеген» деген сөздер «заңнамасында белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «өзінің орынбасарларын және бас бухгалтерді» деген сөздер «бас бухгалтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
«45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барабарлығын арттыруға, кадрларды даярлау деңгейін экономика салаларының және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындатуға, оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, қаржыландырудың қосымша көздерін тартуға бағытталған.
2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
2) кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
3) мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдем-десу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысу;
6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.»;
41) 47-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, интерндер, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.»;
3-тармақта:
6) тармақша «мамандықтан басқасына» деген сөздерден кейін «, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша «залдарын,» деген сөзден кейін «компьютерлік сыныптарын және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» белгісін алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар баллына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар баллына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.»;
8-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргенннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша білім алушы азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медицина ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.»;
мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3 және 17-4-тармақтармен толықтырылсын:
«17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде немесе оған жақын орналасқан елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде қорғаншылар және қамқоршылар тұрақты тұрғындар болып табылатын адамдар.
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде не жақын орналасқан елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;
3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.»;
42) 48-бапта:
1-тармақтағы «ынталандыру» деген сөз «қалыптастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 49-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;»;
44) 51-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «және еңбек шартында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады.»;
45) 52-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
«Мемлекеттік емес» деген сөздер «Жеке меншік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қолданыстағы» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтағы «, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін» деген сөздер «үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «мәртебесі бар» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2) және 3) тармақшалардағы «сағаттан аспайтындай» деген сөздер «сағат» деген сөзбен ауыстырылып, 1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін;»;
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
8-тармақтың бірінші абзацындағы «тапсырысты» деген сөз «білім беру тапсырысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 53-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «педагог қызметкерлері» деген сөздерден кейін «мен оларға теңестірілген адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақша «иеленушіге» деген сөзден кейін «жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «мемлекеттік грант» деген сөздер «сыйақы» деген сөзбен ауыстырылсын;
47) 55-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта және жоғары білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін) - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
жоғары білім беруде - оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын меңгеруді мониторингілеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
6. Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілетін негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
48) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін кәсіптік біліктілік деңгейлерін ескере отырып, олар үшін жаңа кәсіптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау оларда лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негіздерде жүргізіледі.»;
49) 58-бап алып тасталсын;
50) 59-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау да мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.»;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
51) 61-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;»;
52) 62-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: