2) Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен жұмыс істеуі, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) республикалық меншiктегi тарихи және мәдени деректі ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
4) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
5) Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүргізу жұмысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеп, іске асыру;
6) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен деректер банкін құру;
7) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің қоғам мен азаматтардың сауалдарын қанағаттандыру үшін пайдалану;
8) Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын бақылау;
9) мұрағаттану, құжаттама тану және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану;
10) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдігі болуын қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды да толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай ережелерi мен нормаларын белгiлеу;
13) мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және үйлестiру;
14) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйіне, республикалық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуына бақылау жасау;
15) басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың және басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн апостильдеу;
16) автоматтандырылған мұрағаттық технологиялар әзiрлеу және оларды енгізудi ұйымдастыру.
17) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерін бекіту;
18) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту;
19) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы жүзеге асыратын мұрағат iсiндегі қатынастар мен оны басқаруды мемлекеттік реттеу мәселелерiне:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында мұрағат iсiнде және құжат құрауда бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) коммуналдық меншiктегі Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткiштердi қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында мұрағат iсiн дамыту және құжаттама жүргiзудiң аймақтық мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру;
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
7) коммуналдық меншiктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша дерекқор қалыптастыру;
8) іс жүргізудің жай-күйіне, коммуналдық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік басқару
1. Мұрағат iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары);
2) мұрағат мекемелері: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдары кіреді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы уәкілетті органын, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, олардың жүйесіндегі мұрағат мекемелерін қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiне (қаржы полициясы) арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында арнаулы мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты мұрағат құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет мұрағат құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мұрағат мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мұрағат ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мұрағатты пайдалану құқығы
1. Мұрағат құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз мұрағаттарына Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Мұрағат ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық мұрағат қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының