1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртібі
туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 Қаулысы
(1995.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 1999 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1288 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртібі туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 3 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекiтiлген
1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорын
жекешелендiрудiң тәртібі туралы
ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1288 қаулысына және Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегi № 444 қаулысымен бекітілген» Қазақ КСР-iнде мемлекеттік меншiктi жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы Ережеге» сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереженiң күшiне енгiзiлуi мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру мәселелерiн реттейтiн, бұрын қабылданған нормативтiк актiлердiң күшiн жоймайды, ал 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiру Ережесін анықтайды.
Сонымен бiрге тұрғын үйлердi жекешелендiрудiң негiзгi принциптерi, республика азаматтарына тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын есептеу шарттары мен мөлшерлерi, купондық механизм туралы ережеде азаматтардың жекелеген санаттары үшiн көзделген жеңiлдiктер сақталады.
3. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген және жекешелендiруге жататын мемлекеттік тұрғын үй қоры пәтерлерiнiң құны баланстық құн бойынша есептеледi.
4. 1991 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша еңбек стажына байланысты азаматтарға есептелген тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының санын 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорының құнына сәйкестендiру мақсатында жекешелендiрiлетiн тұрғын үй құнының индексi белгiленедi.
5. Тұрғын үй құнының индексiн белгiлеуге негiз етiп 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес республика бойынша орташа есеппен алғанда бiр шаршы метр пайдалы алаңының орташа құны алынады, ол 64 тиынға тең.
6. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген нақты объектi бойынша жекешелендiрiлген пәтердiң бiр шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгiленген коэффициентi (қабаты, экологиясы, құрылыс материалдары, құнының қымбаттауы және т.б.) ескере отырып айқындалады.
7. Жекешелендiрiлетiн пәтердiң пайдалы алаңының бiр шаршы метрi құнының бағалық жылғы (1990 ж.) тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiнiң құнына қатысы осы нақтылы объектi бойынша тұрғын жай құнының индексiн құрайды.
8. Азаматтардың купондық, есеп-шоттарын мемлекеттік тұрғын үй қорының жекешелендiрiлуi үшiн жауапты органдар 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген нақтылы объектi бойынша тұрғын жай құнының индексiн ескере отырып қайта есептейдi. Есеп купондық механизм туралы ережеге сәйкес азаматтарға есептелген купондардың санын тұрғын үй құнының индексiне көбейту жолымен жүргiзiледi.
9. Егер тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының сомасы жекешелендiрiлетiн пәтердi (үйдi) сатып алу үшiн жеткiлiктi болса, ол қолданылып отырған тәртiпке сәйкес жекешелендiрiледi. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының қолда қалған бөлiгi 1991 жылға сәйкес керi тәртiппен тұрғын үй құнының индексiне бөлу жолымен қайта есептелiп, «Қазжинақбанкi» бөлiмшесiнiң арнаулы есеп шотына аударылады және оны азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1288 қаулысымен бекітілген тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдаланудың тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайдалана алады.
10. Егер жекешелендiрiлетiн пәтердiң (үйдiң) баланстық құны тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының қайта есептелген сомасынан асып кетсе, олардың арасындағы айырмашылық қосымша төленуге тиiс.
11. Қосымша төленуге тиiстi соманы ақшалай бiр мезгiлде немесе бөлiп-бөлiп төлеуге болады. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондары жетiспеген жағдайда азаматтар өздерiне қажеттi купондарды сондай-ақ Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдаланудың тәртібі туралы Ережеге сәйкес басқа адамдардан сатып ала алады.
12. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.11.01 № 31 Қаулысымн күші жойылды
13. Осы Ереже шыққанға дейiн шарт жасасып, өздерiнiң мемлекеттік жекешелендiрiлмеген пәтерлерiн орнына құрылыс салынуына байланысты ұйымдарға тапсырған азаматтар жаңадан тұрғын үй алған кезде осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес жаңа пәтерiн жекешелендiруге құқылы.
14. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.11.01 № 31 Қаулысымн күші жойылды