122) 374-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскесiне арналған сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн:
1) жер учаскесi мемлекеттік меншiктен берiлген кезде - жер учаскесiн беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;
2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде осындай учаскенi нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.»;
123) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
123) 388-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.»;
124) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
124) 395-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте сенімгерлiкпен басқарушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
125) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
125) 396-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;
2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы «ғимараттар» деген сөзден кейiн «, құрылыстар» деген сөзбен толықтырылсын;
126) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
126) 397-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен айқындалған осындай объектiлердiң құны салық базасы болып табылады.»;
127) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
127) 398-бапта:
1-тармақтағы «салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының» деген сөздер «салық базасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының» деген сөздер «салық базасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы «салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының» деген сөздер «салық базасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
128) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
128) 403-баптың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларындағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
129) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
129) 406-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш;
өткен ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және өткен қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш.»;
130) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
130) 413-бапта:
бiрiншi абзацтағы «Салық салу» деген сөздер «1. Салық салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) - 6) тармақшалардағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.»;
131) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
131) 415-баптың 2-тармағы «айдың 15-iне дейiн» деген сөздер «айдың 15-iн қоса алғанға дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
132) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
132) 416-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.
2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:
1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.»;
133) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
133) 418-баптағы «салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi» деген сөздер «жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi» деген сөздермен ауыстырылсын;
134) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
134) 422-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.»;
135) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
135) 424-баптың 2-тармағы «айдың 15-iне дейiн» деген сөздер «айдың 15-iн қоса алғанға дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
136) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
136) 425-баптағы «салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi» деген сөздер «жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны» деген сөздермен ауыстырылсын;
137) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
137) 426-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар, селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер осындай режимдер қолданылатын қызметi бойынша бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыруға құқылы емес.»;
138) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
138) 429-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.»;
139) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
139) 431-бапта:
5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерiктi түрде тоқтату кезiнде салықтық өтiнiш патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.
Бұл ретте:
1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
«7. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428 және 429-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
140) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
140) 435-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«435-бап. Қолдану шарттары
1. Салық төлеудiң өзге де режимдерiнен ауысқан кезде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, алдағы салық кезеңi басталғанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Бұл ретте аталған салықтық өтiнiш табыс етiлген күннен кейiнгi салық кезеңiнiң бiрiншi күнi арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
Жаңадан құрылған дара кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына әдiлет органында заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелгеннен кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
Дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелген күнi аталған салық төлеушiлер үшiн арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiнен оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимiне ауысу үшiн салық төлеушi салықтық өтiнiштi:
патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкессiздiк туындаған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей;
өзге де жағдайларда патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етедi.
Бұл ретте:
патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi;
өзге де жағдайларда патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күн оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi деп есептеледi.
2. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
Бiр данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428 және 433-баптарында көрсетiлген талаптарға сай келмеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
3. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтiнiштiң негiзiнде не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
4. Егер салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды өз еркiмен тоқтату туралы шешiм қабылдаса, аталған режимдi тоқтатуды салық органы салықтық өтiнiш берiлген айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзедi.
Бұл ретте:
1) салықтық өтiнiш табыс етiлген айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтау күнi болып табылады;
2) салықтық өтiнiш табыс етiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Осы Кодекстiң 428 және 433-баптарында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтiнiш сәйкессiздiк туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде табыс етiледi. Аталған жағдайда арнаулы салық режимiн тоқтату сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
6. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428 және 433-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
141) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
141) 436-баптың 2-тармағындағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
142) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
142) 441-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Қолдану шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi деп есептеледi.
Осы бапта өзгеше белгiленбесе, таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
Салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде мынадай құжаттардың:
1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне құқық белгiлеу, сәйкестендiру құжаттарының;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiнiң бағаланатын құнын айқындайтын актiлердiң көшiрмелерi табыс етiледi.
Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiнiң бағаланатын құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады.
20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiде 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiледi.
Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректер өзгерген не басқа жер учаскелерiне құқық туындаған кезде, осы тармақтың төртiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды жаңадан табыс етедi.
2. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
Бiр данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 439-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
3. Арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртiппен салықтық өтiнiштiң негiзiнде не осы бапта көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күн iшiнде салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi және сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысады.
Арнаулы салық режимiн қолдану ерiктi түрде тоқтатылған кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру есептi кезеңнен кейiнгi айдан бастап, осы режимдi тоқтататын жылдың алдындағы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрмей табыс етiлетiн салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Салық органы салық төлеушiнiң осы режимдi қолдану шарттарына сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, қабылданған шешiм негiзiнде оны сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру туралы салық төлеушiнi хабардар етедi.
4. Арнаулы салық режимiн қолдану ерiктi түрде тоқтатылған кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастайтын жылдың алдындағы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрмей табыс етiлетiн салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Бұл ретте:
1) салықтық өтiнiш табыс етiлетiн салық кезеңiнiң 31 желтоқсаны арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) салықтық өтiнiш табыс етiлген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 1 қаңтары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi және осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысады.
6. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
143) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
143) 445-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлеміндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және әлеуметтiк салықты есептеу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
144) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
144) 447-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«447-бап. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi»;
145) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
145) 450-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Қолдану шарттары
1. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi болып есептеледi.
2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, таңдап алынған салық салу режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.
3. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне құқық белгiлеу, сәйкестендiру құжаттарының көшiрмелерiн табыс етiледi.
Көрсетiлген құжаттардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелерiне құқықтар туындаған кезде олар жаңадан табыс етiледi.
4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн әдiлет органында мемлекеттік тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салықтық өтiнiштi табыс етедi.
5. Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етедi.
6. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
Бiр данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде салық төлеушi шешiмдi алу үшiн салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы бапта белгiленген мерзiмдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
7. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтатуға арналған салықтық өтiнiштi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етедi.
8. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.