1) салық төлеушiнi соттың заңды күшiне енген үкімі не қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда - салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
2) салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде салық органы соттың шешiмiн алған күнiнен бастап жүргiзедi.»;
179) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
179) 557-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына жер учаскесiн иелену мен пайдаланудың нақты құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.»;
180) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
180) 579-бапта:
2-тармақтағы «күнтiзбелiк» деген сөз алып тасталсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгi «шарттар сақталған соң» деген сөздерден кейiн «бес жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
181) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
181) 581-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақшадағы «резидент еместердiң» деген сөздер «резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтағы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны тоқтата тұру арқылы заңды тұлғаға немесе дара кәсiпкерге мұндай сыйақы түріндегі кiрiстердi тануды тоқтату кезiнде, бұл туралы уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған осы Кодекстiң 148-бабында айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;»;
10) тармақшадағы «банк заңды тұлға немесе дара кәсiпкер болып табылатын қарыз алушының берешегiн» деген сөздер «заңды тұлға немесе дара кәсiпкер болып табылатын қарыз алушының берiлген кредит (қарыз) бойынша мiндеттемелерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
182) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
182) 585-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және (немесе) осы Кодекстiң 587-бабына сәйкес салық есептілігiн ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру.»;
183) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
183) 586-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«586-бап. Камералдық бақылауды жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Камералдық бақылау салық қызметi органдарында бар мынадай деректердi:
1) салықтық есептіліктi;
2) халықаралық шарт негiзiнде бюджеттен немесе шартты банктiк салымнан төленген табыс салығын қайтаруға салықтық өтiнiштi;
3) өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiн;
4) салық төлеушiнiң қызметi бойынша әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi бiр-бiрiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген деректер өз арасында да салыстырылады.
2. Камералдық бақылау осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, талаптың өткен мерзiмi iшiнде жүзеге асырылады.»;
184) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
184) 587-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «күннен бастап» деген сөздердiң алдынан «күннен кейiнгi» деген сөздермен толықтырылсын;
185) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
185) 603-баптың 3-тармағындағы «төлеушiнiң» деген сөздерден кейiн «салық берешегi болмаған жағдайда оның банк шотына» деген сөздермен толықтырылсын;
186 тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
186) 607-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстiң 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiн салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.
Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшiн салық төлеушi (салық агентi) салық органдарына жүгiнуге құқылы»;
187) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
187) 609-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық берешегi өтелмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы тармақта өзгеше белгiленбесе, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi мынадай:
1) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;
2) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте салық төлеушiлер оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн туындаған салық мiндеттемесiн мерзiмiнде орындамаған жағдайда, оларға қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен осындай мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылады;
3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға қолданады.
Заңды тұлғада бiреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бiр мезгiлде қолданады.»;
188) 610-бапта:
3-тармақ «әрбiр күн үшiн» деген сөздерден кейiн «, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
189) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
189) 613-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:
1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген;
2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi.
Бұл ретте салық органы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ, осы бапта белгiленген тәртiппен салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың шағым жасалған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне билiк етуiне шектеу салады. Иелiк етуге шектеу қоюға қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана жатады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм осы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.
Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығару кезiнде қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана билiк етуге шектеуге жатады.
3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасында;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмпұлдар сомасында қабылдайды.»
4-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «салық берешегi сомасына» деген сөздер алынып тасталсын;
190) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
190) 614-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары:
1) салық төлеушiде (салық агентiнде) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
2) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;
3) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда - оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн салықтық берешек туындаған жағдайда, мұндай салық төлеушiлерге қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен ондай берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылады;
4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
«5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органы салық берешегiн өтеу үшiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндiрiп алуды қолдану арқылы салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алады.
Заңды тұлғада бiреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолданғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бiр мезгiлде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәжбүрлеп өндiрiп алу шарасын қолданады.»;
191) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
191) 616-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiн өндiрiп алу туралы дебитордың банктiк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс еткен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алынуға жатады.»;
192) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
192) 621-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустар мен адвокаттардың - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 150 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;
193) тармақша 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
193) 623-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бiр мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:
1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мониторинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;
2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация деректерi негiзiнде айқындалады;
2) активтердiң баланстық құны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректерi негiзiнде айқындалады;
3) қызметкерлердiң саны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың бiрiншi тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларациялардың деректерi негiзiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, осы тармақта белгiленген шарттарға сәйкес келетiн iрi салық төлеушiлердiң iшiнен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз iрi салық төлеушi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.»;
194) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
194) 635-баптың 8-тармағында:
үшiншi бөлiктегi «берген» деген сөз «жазып берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактуралары бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентiн құрайтын осы тiзбедегi алғашқы өнiм берушiлер қосылған құн салығын төлеушiмен барлық өзара есеп айырысулар бойынша мiндеттi қарсы тексеруге жатады және (немесе) мұндай өнiм берушiлер бойынша iрi салық төлеушiлерге жүргiзiлген мониторинг бойынша есептілік негiзiнде уәкiлеттi органға қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы сауал жiберiледi.»;
195) 638-баптың 6-тармағы үшiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацы «сомаларын төлеу бойынша» деген сөздерден кейiн «осы тармақта көзделген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
196) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
196) 644-бапта:
1) тармақшадағы «өткізу және (немесе) қызмет көрсету» деген сөздер «жұмыстарды, қызметтердi өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «қызмет көрсетушi» деген сөздер «тауарды, жұмысты, қызметтi жеткізушi» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы «пайдалана» деген сөз «қолдана» деген сөзбен ауыстырылсын;
197) 645-бапта:
2 - 4 абазцтар 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет» деген сөздер «, қолма-қол ақша арқылы жұмыстар орындау, қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы «жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын» деген сөздер «жатпайтын жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 абзац 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «немесе қызмет көрсету» деген сөздер «, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
198) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
198) 646-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
Сауда автоматтары және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдарымен жарақтандырылған компьютерлiк жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары әрбiр сауда автоматының және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалының орналасқан жерi бойынша салық органында есепке қойылуға тиiс.
Автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелi сауданы жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын бақылау-касса машиналары мұндай салық төлеушiлердiң орналасқан жерi бойынша салық органында есепке қоюға жатады.»;
3-тармақ «бақылау-касса машинасын» деген сөздерден кейiн «салық органында» деген сөздермен толықтырылсын;
199) 648-бапта:
2 абзац 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезiнде» деген сөздер «қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;»;
200) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
200) 651-бапта:
5-тармақтың бiрiншi сөйлеміндегі «техникалық» деген сөздiң алдынан «мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау-касса машинасының моделiн мемлекеттік тiзiлiмнен шығаруды мемлекеттік тiзiлiмге енгізу кезiнде уәкiлеттi органға берiлген құжаттамада көрсетiлген бақылау-касса машинасының моделi сипаттамалары техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
201) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
201) 656-баптың 1-тармағы «(бұдан әрi осы баптың мақсаты үшiн - уәкiлеттi мемлекеттік органдар) қызметiн» деген сөздерден кейiн «тексеру түрiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
202) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
202) 669-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметi органы шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық қызметi органы шағым келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша түрде хабарландырады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметi органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) жоғары тұрған салық қызметi органына шағым беруге құқылы емес.»;
203) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
203) 670-баптың 6-тармағының 4) тармақшасындағы «бойынша» деген сөзден кейiн «қосымша ақпарат және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
204) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
204) 674-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi;
«шағым» деген сөзден кейiн «(арыз)» деген сөзбен толықтырылсын;
«орындалуы» деген сөзден кейiн «соттың шағымды (арызды) iс жүргiзуге қабылдаған күнiнен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
205) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
205) 675-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде «нақты» деген сөз алып тасталсын;
206) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
206) 679-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешiмдi қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 677-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстiң 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) уәкiлеттi органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.».
4. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат, № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат, № 23, 114-құжат):
1) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
1)18-баптың 3-тармағында:
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүргiзушi куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн, механикалық көлiк құралының немесе тiркемесiнiң мемлекеттік техникалық тексеруден өтуi туралы куәлiктi беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік баж алынады.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу:
салық төлеушiлер үшiн - Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көлiк құралдары салығын төлегенiн;