Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.
Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.
2. Осы Кодекстiң 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бiр мезгiлде:
1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған;
2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.
Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.
Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.
Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын бiртiндеп азайтады.»;
79) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
79) 201-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «Резидент» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резидент» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;»;
80) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
80) 203-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі «табыс ететiн жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтiк салық бойынша» деген сөздер «бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
81) 208-баптың 7-тармағы екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы «құны;» деген сөз «құны ашып көрсетiлуге тиiс.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
82) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
82) 212-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер резидент емес табыстарды түпкiлiктi алушы болып табылса және халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезiнде немесе резидент еместiң табысын шегерiмге жатқызу кезiнде салық агентiнiң тиiстi халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетiлген салық ставкасын дербес қолдануға құқығы бар.
Халықаралық шартты салық салудан босату немесе төмендетiлген салық ставкасын пайдалану бөлiгiнде қолдануға резидент емес салық агентiне осы Кодекстiң 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiктi растайтын құжатты табыс еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжатты резидент емес салық агентiне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бiрiншi болып басталатын мынадай күндердiң бiрiнен:
1) резидент емеске табыс төлеу жүргiзiлген немесе резидент еместiң төленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанынан;
2) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспарлы салық тексеруiн жүргiзудiң басталуынан;
3) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспардан тыс салық тексеруi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi. Жоспардан тыс салық тексеруiнiң аяқталған күнi нұсқамаға сәйкес айқындалады.
2. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтерiне, сыйақыларына және роялтиiне халықаралық шарт ережелерiне сәйкес табыс салығының төмендетiлген ставкасын қолдану мақсатында табыстарды пайдалану және оларға билiк ету тәсiлдерiн дербес анықтауға құқығы бар тұлғаны табыстарды түпкiлiктi (iс жүзiнде) алушы (иеленушi) деп түсiну керек.
Бұл ретте табысты иелену құқықтары жоқ, мұндай табысқа қатысты делдал, оның iшiнде агент, номиналды ұстаушы болып табылатын тұлға табысты түпкiлiктi (iс жүзiнде) алушы (иеленушi) бола алмайды.
Егер шартқа (келісімшартқа) сәйкес сыйақы төлеу делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалған:
1) шартта (келісімшартта) сыйақыны делдал арқылы түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) болып табылатын әрбiр тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерiн (жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, сыйақы сомалары көрсетiлген;
2) сыйақыны түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) Қазақстан Республикасы онымен халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылған;
3) салық агентiне осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес сыйақыны түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) болып табылатын тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат ұсынылған кезде салық агентiнiң осындай табысты түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) резидентi болып табылатын мемлекетпен тиiстi халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетiлген ставкасын қолдануға да құқығы бар.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжат салық агентiне бiрiншi болып басталатын мынадай күндердiң бiрiнен:
1) резидент еместiң делдалға табыс төлемiн жүргiзген немесе резидент еместiң делдалға төлемеген табыстары шегерiмге жатқызылған күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанынан;
2) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспарлы салық тексеруiн жүргiзудiң басталуынан;
3) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспардан тыс салық тексеруi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi. Жоспардан тыс салық тексеруiнiң аяқталған күнi нұсқамаға сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацы «тiзiлiмiнен» деген сөзден кейiн «(акционерлердiң тiзiлiмiнен немесе резидент емес тiркелген мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан)» деген сөздермен толықтырылсын;
83) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
83) 217-бапта:
7-тармақтың екiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтiнiште көрсетiлген деректердiң дұрыстығы;»;
16-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацта:
«келiспеген» деген сөзден кейiн «немесе салық органының шешiмi болмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
«жағдайда» деген сөз «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «шешiм болмаған жағдайда» деген сөздер «салық органының шешiмi жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
84) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерiн көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi не сауда тiзiлiмiнен (акционерлердiң тiзiлiмiнен немесе резидент емес тiркелген мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзiндi көшiрмелер;»;
85) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
85) 223-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi «органы» деген сөзден кейiн «берген және» деген сөздермен толықтырылсын;
86) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
86) 225-баптың 3-тармағы екiншi бөлiгi 3) тармақшасының екiншi абзацындағы «құжаттардың) нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.» деген сөздер «құжаттардың);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.»;
87) 231-бапта:
2 - 5 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
«кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6 абзац 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнiне қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
88) 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ресiмдеу» деген сөз «жазып беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
89) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
89) 238-бап мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, оған қоса олардың жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiн өткiзген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi есептi салық кезеңiнде мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өткiзiлген бөлiгiне келетiн құны негiзiнде айқындалады.
17. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда мүлiктi қаржы лизингiне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшерi осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.»;
90) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
90) 244-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«теңiз көлiгiнде - коносамент немесе теңiз жүкқұжаты;»;
91) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
91) 248-бапта:
20) тармақшаның үшiншi абзацындағы «операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «операциялары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
92) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
92) 249-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
93) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
93) 256-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «ұсынған» деген сөздер «жазып берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «ұсынылған» деген сөз «жазып берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiнiң» деген сөздер «өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң, оған қоса олардың жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшаның үшiншi абзацындағы «авиациялық» деген сөз «әуе» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «осы баптың 4-тармағында» деген сөздер «осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшiн сатып алынған, бiрақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiлер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшiн пайдаланылған салық кезеңiнде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткiзген жағдайда бұрын осы Кодекстiң 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрiнде өткізуге арналған осы объектiнiң құрылысы процесiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткізу жүзеге асырылған салық кезеңiнде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабы 7-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстiң 263-бабының 20-тармағында көрсетiлген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушiнiң осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген өткізу бойынша айналымды жасаған күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызады.»;
94) 257 және 260-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
2 - 8 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
«257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы
1. Қосылған құн салығы, егер:
1) осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
2) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуiне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.»;
9 - 20 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
«260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі
1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған құн салығы, осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдiспен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
3. Осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдар салық салудан босатылатын объектiлер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын айналымдардың және осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдiсiн қолдануға мiндеттi.
4. Қосылған құн салығын төлеушiде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес салық салудан босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн қолдануға құқылы.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық кезеңiнде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдiстерiн бiр мезгiлде пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлер айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындаған кезде есепке жатқызудың бөлек әдiсi қолданылатын айналымдарды ескермейдi.
Бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн қолданған кезде айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау үшiн салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың жалпы сомасы ескерiледi.
6. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.»;
95) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
95) 262-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Есепке жатқызудың бөлек әдiсiн пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлердiң бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы бөлiгiнде барабарлық әдiстi қолдануға құқығы бар.»;
96) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
96) 263-бапта:
2-тармақтағы «ресiмдеуге» деген сөз «жазып беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «толтырылған» деген сөз «жазып берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi «Салық кодексiнiң 78-бабы сақталмаған» деген белгiсi бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып бередi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын өткізу кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.»;
15-тармақтың 2) тармақшасының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
18-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «ұсынған» деген сөздер «жазып берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Тапсырма шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушыға шот-фактураны жазып берудi сенім бiлдiрушi (осы Кодекстiң 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенім бiлдiрiлген адам) осы бөлiмде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмаушылық болған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактура жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, сыйақы сомасы қосылмаған босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс;
мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.»;
97) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
97) 264-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «берген» деген сөз «жазып берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «данада жасайды» деген сөздер «дана етiп жазып бередi» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы «жасалған» деген сөз «жазып берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
98) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
98) 265-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен қосымша шот-фактураны мынадай:
1) осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерi түзетiлген;
2) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес болған:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны осы Кодекстiң 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;
шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған жағдайларда жазып бередi.
2. Қосымша шот-фактурада:
1) қосымша шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және оның жазып берiлген күнi;
2) қосымша шот-фактура жазып берiлетiн шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және жазып берiлген күнi;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендiру нөмiрi;
4) қосылған құн салығының ставкасы;
5) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;