56) 150-баптың 1-тармағында:
2 - 11 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi - отыз бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
«электр жабдықтары, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдықтар өндiрiсiнiң;
жарық берушi аспаптар үшiн шыны компоненттер өндiрiсiнiң;
тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң;
ағаш массасы және целлюлозалар, қағаз бен картон өндiрiсiнiң;
жихаз жасаудың;
автокөлiк құралдары, трейлерлер мен жартылай тiркемелер жасаудың;
темір жол локомотивтерiн және қозғалмалы құрам жасаудың;
әуе және ғарыш ұшу аппараттарын жасаудың;
негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттар өндiрiсiнiң;»;
12 абзац 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
екiншi бөлiктегi «(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң)» деген сөздер «, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
57) 154-баптың 1-тармағында:
«аударуды» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ салық есептілігiн табыс етудi» деген сөздермен толықтырылсын;
«25-тарауында» деген сөздер «19 және 25-тарауларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 155-баптың 3-тармағында:
2 - 4 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
3) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшiншi және төртiншi абзацтарындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 - 6 абзацтарша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
мынадай мазмұндағы 27 ) тармақшамен толықтырылсын:
«27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.»;
59) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
59) 156-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табысының бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;»;
9) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мыналардың:
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;
I, II, III топтардағы мүгедектердiң;
мүгедек баланың;
«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң;
«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына - оның ата-анасының бiрiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;»;
14) тармақша алып тасталсын;
18) тармақшаның бiрiншi абзацындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтарындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «көзделген» деген сөзден кейiн «мүгедек баланы,» деген сөздермен толықтырылсын;
60) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
60) 157-баптағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
61) 161-баптың 3-тармағының төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын төлеу құрылымдық бөлiмшелер орналасқан жер бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.»;
62) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
62) 162-баптың 1-тармағында:
«резиденттерi жеке тұлғалардан» деген сөздер «азаматтары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларацияны» деген сөздер алып тасталсын;
63) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
63) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшеріндегі, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бiр жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбiр айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;»;
6-тармақтың 1) тармақшасындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
64) 170-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зейнетақы төлемдерi түріндегі, төлем көзiнен салық салынатын табыс осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, салық салынуға жататын, осы бапта көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған зейнетақы төлемдерi түріндегі табыс ретiнде айқындалады. Бұл ретте, осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдердi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры ғана жүргiзедi.»;
екiншi бөлiктiң 1) тармақшасында:
бiрiншi сөйлем «кәсiби жарналар,» деген сөздер «кәсiби жарналар және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екiншi сөйлеміндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
65) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
65) 175-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы екiншi абзацының екiншi сөйлеміндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
66) 177-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2 және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар мүлiктiк табыс болып табылмайды.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.»;
67) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
67) 180-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткізу кезiнде мүлiктi өткізу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткізу кезiнде мүлiктi өткізу құны мен салық төлеушi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.»;
7-тармақтағы «4» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
68) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
68) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«184-бап. Басқа табыстар
1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;
3) үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
4) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.»;
69) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
69) 188-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.»;
2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктеріндегі «алынған» деген сөздер «түсетiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
70) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
70) 189-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болмаса, ол осы тармақтың мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн резидент емес ретiнде қарастырылады.»;
71) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
71) 190-баптың 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шетелдiктiң немесе шет мемлекеттегi азаматтығы жоқ адамның резиденттiгiн растайтын, осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн құжатты;»;
72) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
72) 191-бапта:
2-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырған;»;
2) тармақшаның екiншi сөйлеміндегі «3) тармақшасын» деген сөздер «3) тармақшасында көрсетiлген қызметтi» деген сөздермен ауыстырылсын;
73) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
73) 192-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «Республикасында» деген сөз «Республикасының аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп процентiн Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;»;
29) тармақшадағы «Республикасындағы» деген сөздер «Республикасының аумағындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
74) 193-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.»;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «болып табылатын» деген сөздер «деп танылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;»;
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;»;
7) тармақша «қоспағанда,» деген сөзден кейiн «егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
75) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
75) 194-баптың 2) тармақшасы «192-бабының» деген сөздерден кейiн «1-тармағының» деген сөздермен толықтырылсын;
76) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
76) 197-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару
1. Осы бап мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
3) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
4) егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
Бұл ретте құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) заңды тұлға иеленетiн, акциялары (қатысу үлестерi) осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құнына өткiзiлетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының арақатынасы ретiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерiн өткізу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:
акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесiнiң;
акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.
Активтердiң баланстық құны акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептілігiнiң;
акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептілігi болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептілігiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.
Тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушының) акцияларын (қатысу үлестерiн) иеленетiн заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткiзген кезде осы баптың осы тармағының және 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелерiн қолданады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу күнгi заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлкiнiң үлесiн айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.»;
77) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
77) 198-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстiң 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 - 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.»;
78) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
78) 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi бiреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бiрi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:
1) уәкiлеттi органды - тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;
2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын - таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.