Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және нысандарын реттейдi.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап жаңа редакцияда
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала тұрғын үй заемы - шарттық соманы алғанға дейін негізгі борышты өтеу талаптарынсыз, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегінде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның бөлек шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебінен өтеледі;
2) аралық тұрғын үй заемы - жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері жинақталған жағдайда, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыға беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның жеке шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебінен өтеледі;
3) бағалау көрсеткіші - шарттық сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкі әрбір шарт бойынша айқындайтын есептеу шамасы;
4) жинақталған ақша сомасы - салымшының өз салымдарынан, оларға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептеген сыйақылардан және мемлекеттің сыйлықақыларынан тұратын іс жүзінде жинақтаған ақшасы;
5) жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері - тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған ақша;
6) жинақтау мерзімі - салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтайтын уақыт кезеңі;
7) заем бойынша сыйақы ставкасы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка;
8) комиссиялық алым - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасу бойынша көрсеткен қызметі үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне салымшы төлейтін ақша;
9) мемлекеттің сыйлықақысы - республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша салымның жинақталған сомасына есептелетін ақша және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы;
10) салым бойынша сыйақы ставкасы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойынша салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін проценттік ставка;
11) тарифтік бағдарлама - салым бойынша сыйақы ставкаларын және өзге де жинақтау мен кредит беру талаптарын, сондай-ақ банктің комиссиялық алымдарының мөлшерін айқындайтын тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаты;
12) тұрғын үй заемы - осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы, банк заемын беру туралы шарттардың талаптарына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салымшыға берілетін нысаналы заем;
13) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы - салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында салым бойынша сыйақы ставкасы мен мемлекеттің сыйлықақысы есептелген тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде жинақтаған ақшасы;
14) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі - осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымшылардың ақшасын тартуға, оған есептелген мемлекеттің сыйлықақыларына және оларға тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың тұйықталған жүйесі;
15) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт - осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арасындағы және (немесе) салымшы, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі және үшінші тұлғалар арасындағы, оның ішінде банктің агенті (агенттері) арқылы жасалатын шарт;
16) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым (депозит) - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде ашылған шотына салымшы немесе үшінші тұлғалар салатын ақша;
17) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы (салымшы) -
тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқан жеке тұлға;
18) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы - салым бойынша сыйақы ставкасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін ақша;
19) шарттық сома - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қажетті, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі
1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің салымшылары және республикалық бюджеттен мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз ететiн мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнің субъектiлерi болып табылады.
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiне ғана салынып, жинақталады.
3. Салымшы әрбір тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша бiрнеше шоттар ашуға құқылы. Бұл ретте, мемлекеттiң сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша бір тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі бiр шотқа ғана есептеледі.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Шарттық соманың ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
4. Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болмауға тиiс.
5. Салым бойынша сыйақы ставкасы мен заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасу кезiнде белгіленедi және шарт қолданылатын бүкiл мерзiмде тұрақты болып қалады.
Салымшы өз бастамасымен бір тарифтiк бағдарламадан басқа тарифтiк бағдарламаға өткен кезде салым бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт қолданылатын бүкiл мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі анықтаған талаптармен өзгертiлуi мүмкін.
Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен аспауға тиіс.
6. Мемлекеттiң сыйлықақылары және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақылары осы Заңға сәйкес салымның негiзгі сомасын ұлғайтуға бағытталады.
7. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің шотына түскен мемлекеттiң сыйлықақылары салымшылардың - Қазақстан Республикасы азаматтары шоттарының есебiне жатқызылады.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
8. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын салымшылар Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады, бұл орайда жақсарту деп:
1) тұрғын үй салу (жер учаскесiн сатып алуды қоса алғанда), сатып алу, соның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен алу;
2) тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);
3) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі iс-шараларға байланысты туындаған міндеттемелерді өтеу;
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
4) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна енгізу түсініледі.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 9 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
9. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептеген сыйақыны алуға құқылы. Бұл ретте салымшы тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгіленген талаптарға сәйкес салымды бес жылдан астам жинаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқылы.
2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің жқмыс істеуін құқықтық реттеу
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің құқықтық мәртебесi
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Заңның 5-бабында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банк.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуға міндетті.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ресми мәртебесi жоқ заңды тұлға "тұрғын үй құрылысы жинақ банкi" деп атала алмайды және (немесе) осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыра алмайды.
3. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiн құру, олардың жұмыс iстеу және қызметiн тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің түрлері
1. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның лицензиясына сәйкес мыналар:
1) тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу;
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінiң негізгi түрлері болып табылады.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтің негізгі түрінен басқа Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігi болып табылатын және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясына сәйкес операциялардың басқа түрлерiн жүзеге асыруға құқылы, оларға:
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
1) кассалық операциялар - қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оны қабылдау және беру;
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді( бұр. ред. қара)
2) аударым операциялары - жеке тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі тапсырмаларын орындау;
3) 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4) жеке меншiк бағалы қағаздарды эмиссиялау (акцияларды қоспағанда);
5) сейфтік операциялар - сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда клиенттердiң құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен бағалы заттарын сақтау жөнінде көрсетілетiн қызметтер;
6) шетелдiк валютаны айырбастау операцияларын ұйымдастыру жатады.
Сондай-ақ тұрғын ұй құрылысы жинақ банктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес дилерлік қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар
Тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта мыналар болуға тиіс:
1) шарттың мәнi;
2) шарттық сома;
3) жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері;
4) салым бойынша сыйақы ставкасының және заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлерi;
5) комиссиялық алымның мөлшері;
6) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
7) тараптардың міндеттемелердi орындау мерзiмi;
8) тұрғын үй заемын берудің шарттары;
9) шартты өзгертудің талаптары мен бұзу тәртібі;
10) тараптардың жауапкершiлiгi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шарттар.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді( бұр. ред. қара)
1. Салымшылар алдында оларға шарттық соманы немесе жинақталған ақша сомасын беру жөніндегі мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы нарығында заем қаражаттарын тартуға құқылы.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi жеке қаражаттарын және өзге тартылған қаражаттарын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жөнiндегі қызметті жүзеге асыру, тартылған қаражаттарды қайтару жөнiндегі мiндеттемелердi орындау үшін, сондай-ақ тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру үшiн пайдаланады.
Бұл ретте алдын ала тұрғын үй заемдарын беру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы пайдаланыла алмайды.";
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің жұмсалмай жатқан ақшаны орналастыруы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-бап. Ақшаны бөлу
1. Тұрғын ұй құрылысы жинақ банктері тартқан ақша бiрiншi кезекте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы жасалған шарттардың негізінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнiң салымшылар арасында ақшаны бөлуiне сәйкес шарттық соманы төлеуге жұмсалады.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді( бұр. ред. қара)
2. Салымшыға шарттық соманы төлеу тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт күшіне енгеннен кейін кемінде үш жыл өткен соң мынадай жағдайларда:
1) жинақталған ақша сомасы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерге сәйкес болғанда;
2) 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен алып тасталды( бұр. ред. қара)
3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін тәртіппен бағалау көрсеткiшінің ең төменгi мәнiне қол жеткiзілгенде жүргiзіледi. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтаудың ұзақтығы және талаптардың сақталуы ескеріледi;
4) салымшы тұрғын үй заемын қажеттi қамтамасыз етудi ұсынғанда;
5) заем алушы тұрғын үй заемын өтеу қабілеттiгін растағанда жүргізіледi.
3. Бағалау көрсеткішiн айқындаудың тәртібін қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді( бұр. ред. қара)
4. Жинақтау мерзiмi өткенде және салымшы жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда ол салымды, оған есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысын, сондай-ақ салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде мемлекеттiң сыйлықақысын алуға не мемлекеттiң сыйлықақысы есептеле отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде жинақтауды жалғастыруға құқылы.
Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй заемын алуға өтініш берілген кезге дейін есептеледі.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді( бұр. ред. қара)
5. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi банк заемының бөлек шарттарында ескерiлген талаптармен салымшыларға аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беруге құқылы.
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Алдын ала тұрғын үй заемдарын беру мақсатында жеңілдікті сыйақы ставкасы бойынша ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер пайдаланылуы мүмкін. Ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен алдын ала тұрғын үй заемдары азаматтардың мынадай санаттарына:
1) балалары бар жас отбасыларға;
2) мемлекеттік қызметшілерге;
3) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне;
4) мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
5) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттердің есебінен осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген азаматтар санаттарына берілетін алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы ставкасы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне берілген осындай бюджеттік кредиттер ставкасының арасындағы айырмашылық жылдық үш проценттен артық болмауы керек.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді( бұр. ред. қара)
9-бап. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүліктiң, оның iшiнде сатып алынатын тұрғын үйдiң кепiлдiгiмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкi кредиттiк саясатына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi айқындаған міндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң басқа тәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi.
2. Егер жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болса, тек қана жылжымайтын мүлiк немесе банктегі салым (депозит) тұрғын үй заемы бойынша қамтамасыз ету болып табылады.
3-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесін мемлекеттік қолдау
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары
1. Мемлекет салымшыларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толмаған азаматтарының салымдары немесе олардың атына арнап басқа адамдар салған салымдар да мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылады.
3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма процентiн құрайды. Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым сомасы және сол бойынша есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы кiредi.
4. Мемлекеттiң сыйлықақысы жыл сайын есептiк кезеңнен кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкінiң есептелген сыйақысы ескерiле отырып, жылдың қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымның қалдығына беріледi.
Ағымдағы жылдағы мемлекеттің сыйлықақысы алдындағы жылдары ынталандырылған салым сомасына есептелмейдi.
Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
Егер мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда жинақталған ақшаның ынталандырылмаған сомасы келесi жылы мемлекеттiң сыйлықақысын есептеу кезiнде ескеріледi.
5. Мемлекеттiң сыйлықақысын төлеу үшiн қажет ақша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жыл сайын көзделеді.
6. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен шарттарын бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеуді шектеу
1. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда:
1) 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2) салымшы тұрғын үй заемын нысаналы түрде пайдаланбағанда;
3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшыға мемлекеттің сыйлықақысын төлеудi осы Заңды және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып жүзеге асырғанда бюджетке қайтарылуға тиiс.
Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ банкі талаптарды бұза отырып төлеген мемлекет сыйлықақысының сомасы (соманың бiр бөлiгі) қайтарылуға тиiс;
4) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде салымдарды жинақтау мерзімі бес жылдан кем болған кезде тараптар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда;
5) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға бергенде;
6) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган бір салымшыға бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша екі және одан да көп шоттар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысы төленгенiн анықтағанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте алдындағы жылдарда есептелген мемлекеттің сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдардың бiрі бойынша есептелген сыйлықақыларды қоспағанда, бюджетке қайтарылуға тиiс.