613-бап. Заттай дәлелдемелер
614-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
615-бап. Құжаттар
616-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету
617-бап. Дәлелдемелердi бағалау
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану
618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
619-бап. Жеткізу
620-бап. Әкiмшiлiк ұстау
621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртібі
622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
623-бап. Мерзiмдi есептеу
624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны мен тәртібі
625-бап. Алып келу
625-1-бап. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеу
626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы заттарды тексеру
627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
627-1-бап. Тексеру
627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi
628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және мас күйiн куәландыру
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беру
37-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
38-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан бас тарту
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртібі
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы
652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыны хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
39-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енбеген қаулыларды қайта қарау
655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы
656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру тәртібі
657-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру мерзiмi
658-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны
659-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
660-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
661-бап. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның жеке-дара қарауы
662-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу
663-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау
664-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі шешiм
665-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
666-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi
667-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
668-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы
669-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сай келмеуi
670-бап. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
671-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарымды жария ету
40-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше тәртібі
673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар
674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарға наразылық келтiру
675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
41-тарау. Ақтау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу
677-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау
678-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар
679-бап. Өтеуге жататын зиян
680-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану
681-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
682-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
683-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
684-бап. Заңды тұлғалардың зиянын өтеу
685-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртібімен қалпына келтiру
42-тарау. Артықшылықтары және әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышы бар адамдардың iстерi бойынша iс жүргiзу ерекшелiктерi
686-бап. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының әкiмшiлiк жауаптылығы
687-бап. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы
688-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының немесе мүшелерiнiң әкiмшiлiк жауаптылығы
689-бап. Судьяның әкiмшiлiк жауаптылығы
690-бап. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының әкiмшiлiк жауаптылығы
691-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты не Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы
692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық қорғанышы бар адамдар
693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және алып келу
694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық қорғанышы
5-бөлiм. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы
43-тарау. Негiзгi ережелер
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттілігi
698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу
701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру және созу
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
703-бап. Салық салу саласында әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiруi
704-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнiнде iс жүргiзудiң аяқталуы
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
44-тарау. Әкiмшiлiк жазаның жекелеген түрлерiн орындау тәртібі
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау
708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жiберудiң тәртібі
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бір қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
723-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
724-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
725-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
726-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау жөніндегі шығындар
727-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау
728-бап. Әкiмшiлiк қамауға алуды өтеуден жалтарудың зардаптары
729-бап. Қаулының мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде орындалуы
730-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны жүзеге асыратын органдар
731-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
733-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде орындау тәртібі»;
2) 56-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөліктің ережелері шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын шығарып жіберу жағдайында қолданылмайды.»;
3) 377, 378 және 380-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«377-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеусiз тұруы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінciз не жарамсыз ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлiгімен күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұруы, сондай-ақ паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жоғалғаны туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпеуі, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
378-бап. Тұрғын жай иесінің немесе қарамағында ғимараттары және (немесе) үй-жайлары бар басқа да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi
1. Тұрғын жайлардың, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың иелері болып табылатын, қарамағында тұрғын жайлары, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлары бар меншік иесінің немесе басқа да адамдардың жұмыс берушіде нақты тұрмайтын, жұмыс істемейтін және білім беру ұйымдарында оқымайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушіге, білім беру ұйымына тиесілі тұрғын жайларда, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларда тіркелген жеке тұлғаларды жұмыс берушінің, білім беру ұйымының тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, -
лауазымды адамдарға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«380-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 380-2-баппен толықтырылсын:
«380-2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзу
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы,-
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған нақ сол іс-әрекеттер,-
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.»;
5) 394, 395 және 396-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тiркелу мерзімдерін не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуінен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрінген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын бұзуы
1. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнінде шаралар қабылдамауы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын дара кәсіпкердің, лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына заңсыз келуден, оның аумағында заңсыз жүріп-тұрудан, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтарудан, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен көрінген, Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу қағидаларын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын жай беру, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен мәмілелер жасасуы, -
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы, -
лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.