4. Мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.»;
6) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«372-376,» деген цифрлардан кейін «380 (екінші бөлігінде), 380-2,» деген сөздермен толықтырылсын;
«394 (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«396 (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (төртінші бөлiгінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 543-бапта:
бірінші бөлікте:
«379,» деген цифрлардан кейін «380 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«396 (бірiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
2) тармақшада:
«377,» деген цифрлардан кейін «380 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«396 (бірiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «396 (бірiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшада:
«осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «377, 380 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«396 (бірiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 550-баптың бірінші бөлігіндегі «396 (бірiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «396 (бірiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 551-1-бапта:
баптың тақырыбындағы және мәтіні бойынша «, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктегі «380, 357-2 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «357-2 (бірінші бөлігінде)-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацта:
«374-1,» деген цифрлардан кейін «380 (екінші бөлігі), 380-2,» деген сөздермен толықтырылсын;
«394 (екінші бөлігі)» деген сөздер «394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«396 (екінші бөлігі)» деген сөздер «396 (төртінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
елу үшінші абзацтағы «356, 396 (екінші бөлігі) баптар» деген сөздер «356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 730-баптың 2) тармақшасындағы «394 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі) баптарында» деген сөздер «380 (екінші бөлігі), 380-2 (екінші бөлігі), 394 (төртінші бөлігі), 396 (төртінші бөлігі)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 15-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 26-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берiлмейдi» деген сөздер «не шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.»;
4) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «мекен-жайы» деген сөздер «мекенжайы және тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац «(егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса),» деген сөздерден кейін «оның тұрақты тұратын жерінің мекенжайы және тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 31-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.
Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады;»;
7) тармақшадағы «көшірмелері қажет.» деген сөздер «көшірмелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі қажет.»;
6) 147-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 541-баптың 24) тармақшасындағы «талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.» деген сөздер «талап қойған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша өтініш берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»;
2) 553-баптың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтiнiштерiн пысықтағаны және Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқау жiбергенi үшiн;».
5. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.»;
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы әртүрлі шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында туған баласының азаматтығы ата-анасының жазбаша нысанда білдірген, нотариат куәландырған келісімі бойынша айқындалады.»;
3) 16-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бірiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;»;
4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына тұратын мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын:
1) тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар;
2) өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкін.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.»;
5) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтiнiш білдірген адам:
1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы аумағының бірлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;
4) ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
6) халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
7) басқа мемлекеттiң азаматы болса;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса;
9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының экономикасы және (немесе) заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаса;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабының 1), 2) және 5) тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.
Осы баптың бірiншi бөлiгi 7) тармақшасының ережелерi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi бөлігінде аталған және ішкі істер органдарына шетелдiк азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактiсi туралы ақпарат, олардың шетелдiк паспорттары шет мемлекетке жiберiледi.
18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.»;
6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру шарттары
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғандығы тіркелген адамдарды қоспағанда, бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған, тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және шет мемлекеттің азаматы болмаған адамдар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіре алады.»;
7) 21-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «болса, айырылады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.»;
8) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Қорғаншылық белгіленген баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын он төрт жасқа толмаған бала қорғаншысының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер оның ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықса және бұл орайда ата-ана болу құқықтарынан айрылса;
2) басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ата-анасының екеуі де қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, ата-анасы азаматы болған мемлекеттегі ағайын-туыстары асырап алудан бас тартса не бала олардың асырап алуын қаламаса Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады;
3) ата-анасының біреуі қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, баланың азаматтығы екінші ата-анасының қалауымен анықталады.»;
9) 28-баптағы «асырап алған» деген сөздер «оны асырап алған немесе оған қамқоршылық белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
Iшкi iстер органдары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жiбередi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуын тiркейдi;
4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін бекітеді.»;
11) 31-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын айқындайды.»;
12) 32-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алуды тіркеу мәселелері жөніндегі өтініштер ішкі істер органдарына беріледі»;
13) 37-баптың бірінші бөлігінің бесінші абзацындағы «тіркелген күннен бастап ие болады.» деген сөздер «тіркелген күні;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні ие болады».
6. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат):
1) 22-бапта:
бірінші бөліктегі «белгіленбесе,» деген сөздер «белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің а) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлікте:
«және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
«уәкілетті» деген сөз «бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығарып жiберу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттік берiлген мемлекеттік органдары немесе сот қабылдайды. Шетелдік осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасалына отырып, өз бетiмен кетуi арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жiберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясы бойынша ұсталуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл орайда, шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұстауға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ресми түрде беру үшін Қазақстан Республикасының шекара қызметі органдарына береді.».
7. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
21-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу үшiн ұстауға;».
8. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
2-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;».
9. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат):
8-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы «қызметкерлеріне берілуі мүмкін.» деген сөздер «қызметкерлеріне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға;
1-баптың 9-тармағының бесінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша қоныс аударушы ішкі көшіп-қонушыларға да берілуі мүмкін»;
екінші бөліктегі «5)» деген цифр «7)» деген цифрмен ауыстырылсын.
10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат):
1) 7-баптың 5-1) тармақшасы «квота шегінде» деген сөздерден кейін «шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «жұмыс берушiлер» деген сөздер алып тасталсын, «берген» деген сөз «берілген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «оны тартуға» деген сөздер «шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «білімдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «білімдi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жаңа төртінші абзацпен толықтырылсын:
«индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
2-1-тармақтағы «шетелдік жұмыс күшін тартуға» деген сөздер «жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «тартуға» деген сөзден кейін «және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 21-баптың 2-тармағы «рұқсат алған» деген сөздерден кейін «немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсаттар алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат):