2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіге сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы» деген сөздер «Алматы қаласының ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актілерге сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 110-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Республикалық маңызы бар қаланың», «республикалық маңызы бар қаланың», деген сөздер тиісінше «Республикалық маңызы бар қалалардың», «республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 113-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдарында» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 122-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы ғимараттарының құрылысы және жұмыс істеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, оларды жайластыру және күтіп-ұстау үшін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
45) 123-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 124-бапта:
тақырыптағы «және оны резервте қалдыру» деген сөздер алып тасталсын;
мәтіндегі «және жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн резервте қалдыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 135-баптағы «су ресурстарын басқарудың уәкiлеттi органымен» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 145-баптың 1-тармағындағы «жер ресурстарын пайдалану жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
49) 146-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктегі «Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық» деген сөздер «Орталық» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарының басшылары» деген сөздер «Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өзге де лауазымды адамдары жер пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.»;
50) 148-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
«өтеу туралы iстер бойынша» деген сөздер «өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күшiн жою мәселелерi бойынша» деген сөздер «күшін жою туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындау туралы iстер бойынша» деген сөздер «орындау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сотқа жүгінуге» деген сөздер «сотқа талап-арыз дайындауға және беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 149-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аумақтың жер-шаруашылық орналастыру, бүлiнген жердi жаңғырту мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзiрлеудi, келісуді, бекітуді және беруді;»;
52) 150-баптың 3-тармағындағы, 156-баптың 3-тармағындағы және 161-баптың 1-тармағындағы «жер ресурстарын басқару жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
53) 164-1-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесiн заңсыз иеленушiнiң жеке басын (деректерiн) анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, аумағында осындай жер учаскесі анықталған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке қою үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтініш жібереді.
Иесі жоқ жылжымайтын зат есепке қойылған күннен бастап бір жыл өткен соң аумағында жер учаскесі анықталған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органы осы затты мемлекет меншігіне түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.»;
54) 21-тараудың тақырыбындағы «және өтпелі» деген сөздер алып тасталсын;
55) 170-бап алып тасталсын.
2. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады;».
3. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 7-баптың 6-1) тармақшасы «уәкілетті органның» деген сөздердің алдынан және 8-баптың 4) тармақшасы «республикалық маңызы бар» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы ғимараттарының құрылысы және жұмыс істеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, оларды жайластыру және күтіп-ұстау үшін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 20-ы
№ 464-ІV ҚРЗ