127. Ерлі-зайыптылар мемлекеттік бажды сот шешіміне сәйкес төлеуге тиіс. Егер сот мемлекеттік бажды төлеу міндетін ерлі-зайыптылардың екеуіне жүктесе, онда некені бұзуды тіркеу жұбайлардың кез-келгенінің арызы бойынша жүргізіледі, бірақ некені бұзу туралы куәлік тек оған тиесілі бажды төлеген жұбайға беріледі. Екінші жұбайға некені бұзу туралы куәлік ол мемлекеттік бажды төлеп, түбіршегін көрсеткеннен кейін беріледі.
Жұбайлардың бірі сотпен белгіленген мемлекеттік баж сомасын төлеген немесе бұл соманы төлеуден босатылған жағдайда некені бұзуды тіркеу басқа жұбайдың мемлекеттік бажды төлемегеніне қарамастан жүргізіледі.
128. АХАЖ органы некені бұзу туралы арызды алған соң, арызданушының жеке басын куәландыратын құжатты, арызбен қоса тапсырылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және осы арызды тіркейді.
Егер некені бұзу туралы арыз әскери қызметшінің қызметін өтеу орны бойынша АХАЖ органына берілетін болса, онда әскери қызметшінің тұратын орны тиісті әскери бөлім немесе мекеме орналасқан пункт болып табылады.
129. Некенi бұзуды тiркеу бiр ғана АХАЖ органында жүргiзiлуi тиiс. Әрбiр некенi бұзуға бiр акт жазуы жазылады. Акт жазуы арызданушының құжаттарына толық сәйкестiкте жазылады. 12-бағанада (он сегiз жасқа дейiнгi балалардың жалпы саны) сот шешiмiнiң (сот шешiмiнен үзiндi) негiзiнде толтырылады.
130. Арызданушының құжаттарында аталған жерде тұрақты тұрған уақыты туралы мәлiметтер болмаған кезде, бұл мәлiметтер арызданушының айтуы бойынша жазып алынады. Бiлiмi, жұмыс орны және қызметi туралы деректер арызданушының айтуымен көрсетiледi.
131. Некенi бұзуға байланысты шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тектерiнiң өзгертiлгендiгi туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне хабарланады.
132. Некенi бұзуға байланысты әскерге мiндеттi немесе шақырылушы адамның тегi өзгертiлген кезде АХАЖ органы «Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы «Заңға сәйкес бұл туралы әскерге мiндеттi немесе шақырылушы әскери есепте тұратын аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әскери комиссариатқа жетi күндiк мерзiмде хабарлауы тиiс.
133. Ажырасуды тiркеу кезiнде жұбайға оның қалауы бойынша (әрекетке қабiлетi жоқ жұбайға қатысты - қамқоршының қалауы бойынша) тiркеу кезiнде некеге дейiнгi тегi берiледi.
134. Некенiң бұзылуын тiркеген АХАЖ органы, некенi қию туралы акт жазбасы орналасқан жердегi АХАЖ органына ажырасу туралы хабарлама жолдауы тиiс.
Осындай хабарлама алған соң, АХАЖ органы некенi қию туралы акт жазуының «Белгiлер үшiн» деген бағанасында некенi бұзу қашан және қай АХАЖ органында тiркелгендiгiн, ажырасу туралы акт жазуының нөмiрiн көрсетiп, некенiң бұзылғандығы туралы белгi соғады. Сонымен бiр мезгiлде жазудың бiрiншi бетiнiң жоғарғы жағында «Неке бұзылды» деп көрсетілуi тиiс.
Осындай белгi соғылғаннан кейiн АХАЖ органы некені қию туралы акт жазуының екiншi данасы жатқан АХАЖ мұрағатына некенiң бұзылуы туралы хабарлама жолдайды. Ол АХАЖ органы сияқты осындай тәртiппен жазбаның екiншi данасына белгi соғады.
135. Егер АХАЖ органы некенi бұзуды тiркесе, бұл туралы неке туралы акт жазуының белгiсi болса, онда АХАЖ органы некенi қию туралы куәлiктi қайтадан беруге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, мәселен, бұрынғы жұбайларға некеге дейiнгi тектерiн растау үшiн арызданушының сұрауы бойынша АХАЖ органы аталған адамның некеде тұрғанын, содан соң оның бұзылғанын растайтын анықтама жолдайды. Анықтамада екi жұбайдың да тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, оларға неке қиылғаннан кейiн берiлген тек, некенiң тiркелген күнi, некенi тiркеген АХАЖ органы, некенi қию туралы акт жазуының нөмiрi, сондай-ақ неке бұзуды тiркеген күн, ажырасуды тiркеген АХАЖ органы, некенi бұзу туралы акт жазуының нөмiрi және жұбайлардың некенi бұзғаннан кейiнгi тегi көрсетiлуi тиiс.
136. Некенi бұзу туралы сот шешiмiн жоғары тұрған сот өзгерткен жағдайда, егер ол АХАЖ органында тiркелiп қойған болса, некенi бұзу туралы акт жазуы сот шешiмiмен жойылуы мүмкiн. Акт жазуының күшi жойылғандығы туралы «Белгiлер үшiн» деген бағанада шешiмдi қашан және қай соттың шығарғандығы көрсетіліп, белгi соғылады.
Сонымен бiрге акт жазуының бiрiншi бетiнiң жоғарғы жағында «Жазудың күшi жойылды» деп көрсетіліп, жазу қиғашынан сызылып тасталады.
Басқа жағдайлардағы сот шешiмi бойынша акт жазуларының күшiн жою осындай тәртiпте жүргiзiледi.
Некенi бұзу туралы акт жазуының күшi жойылғандығы туралы жазудың екiншi данасына осындай тәртiпте белгi соғуға тиiстi АХАЖ мұрағатына хабарланады.
Некенi қию туралы акт жазуының бiрiншi данасына да екiншi данасына да некенi бұзу туралы акт жазуы күшiн жойған жағдайда ажырасу туралы акт жазуының күшi жойылғандығы туралы («Белгiлер үшiн» деген бағанада) және жазуының бiрiншi бетiнiң жоғарғы жағына белгi соғылады.
137. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен некелерiн және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының өз араларындағы некелердi бұзу сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасалған ажырасуларды тану Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 204-бабымен реттеледi.
6-Бөлім. Бала асырап алуды тіркеу
15-тарау. Жалпы ережелер
138. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 77, 190, 191-баптарына сәйкес бала (қыз) асырап алу бала (қыз) асырап алу туралы соттың шешiмi шығарылған жердегi АХАЖ органдарында мiндеттi түрде тiркеуге жатады.
Бала (қыз) асырап алу туралы заңды күшiне енген шешiмдi сот үш күндiк мерзiмде шешiм шығарылған жердегi АХАЖ органына жiбередi. Бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасының мазмұнын сот шешiмi анықтайды, онда сондай-ақ асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы акт жазбасына нақты қандай өзгерістер енгiзiлгенi көрсетiледi.
139. Бала (қыз) асырап алуды тiркеу бала (қыз) асырап алушылардың немесе солардың бiрiнiң арызы бойынша, ал мұндай арыз болмаған жағдайда бала (қыз) асырап алу туралы соттан алынған шешiмнiң көшiрмесiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн алғаннан кейiн (соттың жолдама хатымен қоса немесе онсыз) АХАЖ органы соттың күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесiн алған сәттен бастап үш күндiк мерзiмнен кешiктiрмей бала (қыз) асырап алуды тiркейдi.
Жазбаның 19-бағанасында «Тiркеу соттың шешiмi бойынша жүргiзiлдi» деген белгi соғылады, ал егер бала (қыз) асырап алу туралы шешiм жолдама хатпен бiрге келiп түссе, онда сондай-ақ осы хаттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.
Егер акт жазбасы (5 қосымшаға сәйкес) сот шешiмiнiң негiзiнде жасалса, онда бала асырап алуды тiркеу туралы арыз келiп түскен кезде ол жетiспей жатқан мәлiметтермен толықтырылады, ал бала асырап алушыға бала асырап алу туралы куәлік (13 қосымшаға сәйкес) және қажет болған жағдайда баланың тууы туралы жаңа куәлiк берiледi.
140. Бала (қыз) асырап алуды тiркеу туралы арыздар жазбаша нысанда жазылуы тиiс.
Бала (қыз) асырап алуды тiркеу кезiнде арыз берушiлер лауазымды адамның қолымен және сот мөрiмен куәландырылған бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн, сондай-ақ асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы куәлiгiн ұсынуы тиiс. Егер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмi алынып қойған болса, оны арызданушыдан талап етудiң қажетi жоқ.
141. Асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы акт жазбасы жоғалған жағдайда, бала (қыз) асырап алуды тiркеу осы Ереженiң 9-бөлiмiндегі тәртiпте қайта қалпына келтiрiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Жоғалған жазуды қайта қалпына келтiру туралы арызды АХАЖ органына бала (қыз) асырап алған адамдар, ата-ана (егер сот шешiмi бойынша оның балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерi сақталатын болса), қорғаншылық және қамқоршылық органы, он алты жасқа толған асырап алынған баланың (қыздың) өзi, сондай-ақ баланы тәрбиелеп жатқан адамдар мен мекемелер бере алады.
142. АХАЖ органы бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғаннан кейiн өткен мерзiмге, асырап алынған баланың (қыздың) тiркеу сәтіндегі жасына қарамастан бала асырап алуды тiркеуге мiндеттi.
Бала (қыз) асырап алушылар тұратын орнын өзгерткен немесе басқа елдi мекенде тұрып, ол жерден бала (қыз) асырап алу шешiмi шығарылғаннан кейiн оны АХАЖ органында тiркеместен шығып кеткен жағдайларда, бала асырап алуды тiркеу баланы (қызды) асырап алушылардың тұратын жеріндегі АХАЖ органы арқылы жүргiзiледi. Бұл жағдайда бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмi және жазба түсiру үшiн қажеттi бала (қыз) асырап алушылар туралы мәлiметтер бала (қыз) асырап алу туралы шешiм шығарылған жердегi АХАЖ органына қайта жiберiледi.
АХАЖ органы бала (қыз) асырап алуды тiркеу үшiн материалдарды алғаннан кейiн, бала (қыз) асырап алу туралы жазба түсiрiп, табыс ету үшiн бала (қыз) асырап алушылардың тұратын жеріндегі АХАЖ органына бала асырап алу туралы куәлiк жiбередi.
Акт жазбасының 22-бағанасында «Тiркеу ____________АХАЖ
(АХАЖ органы атауы) бөлiмiне келiп түскен материалдар бойынша жүргiзiлдi» деген белгi соғылады.
143. Бала (қыз) асырап алуды тiркеу кезiнде бекітілген нысан бойынша екi дана етіліп бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы жасалады.
Бала (қыз) асырап алу туралы куәлiктi баланы (қызды) асырап алушылардың қалауы бойынша АХАЖ органы бередi. Егер олар куәлiктi алудан бас тартса, онда 21-бағанаға тиiстi белгi соғылады.
144. Бала (қыз) асырап алу туралы акт жазуы былайша жасалуы тиiс:
1-6-бағаналарында асырап алынған бала (қыз) туралы мәлiметтер «Бала (қыз) асырап алғанға дейiн» деген бөлiмде баланың тууы туралы куәлігі бойынша, ал «Бала (қыз) асырап алғаннан кейін» деген бөлiмде соттың бала (қыз) асырап алу туралы шешiмiмен толық сәйкестiкте көрсетiледi;
әкесi мен анасы туралы мәлiметтер (7-11-бағаналар) баланың тууы туралы куәлiгi бойынша жазылады, егер баланың анасы бала (қыз) асырап алғанға дейiн бала (қыз) асырап алушымен некеге тұрып, оның тегiн қабылдаса, онда 7-бағанада ананың некеге дейiнгi тегi, ал 22-бағанада некенiң тiркелген орны және күнi, акт жазбасының нөмiрi, сондай-ақ анасының некеден кейiнгi тегi көрсетiледi;
бала (қыз) асырап алушылар туралы мәлiметтер (12-17-бағаналар) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiнiң, бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар негiзiнде жазылады; бала (қыз) асырап алу туралы шешiмде бала (қыз) асырап алушылардың ұлты мен жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетiлмеген жағдайларда, 15-бағана толтырылмайды. Кейiннен бұл бағананы азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және күшiн жою тәртібін белгiлейтiн осы Ережеде көзделген тәртiп бойынша жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде АХАЖ органы толтыра алады.
Бала (қыз) асырап алушылар 20-бағанада, әрқайсысы өз бөлiмiнде қолдарын қояды.
145. Егер асырап алу туралы соттың шешiмiнде көрсетiлген асырап алынған бала (қыз) туралы мәліметтер тууы туралы куәлiкте бар осындай мәлiметтерге сәйкес келмесе немесе асырап алушылардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардағы мәлiметтер соттың асырап алу туралы шешiміндегі жазылған жазбамен сәйкес келмесе асырап алуды тiркеу кейiнге қалдырылады.
Асырап алушыларға шешiмдегi осы мәлiметтердi анықтап алу үшiн тиiстi сотқа арыздану ұсынылады.
146. Тек ер адам (әйел адам) бала (қыз) асырап алушы болып табылатын болса, осыған сәйкес акт жазбасының бiр ғана бетi (12-17-бағаналар) толтырылып, екiншi бетi толтырылмастан ашық қалдырылады.
147. 18-бағанада («Бала (қыз) асырап алушылар баланың ата-анасы болып жазыла ма»?) сот шешiмiне сәйкес «Иә» немесе «Жоқ» деп көрсетiледi.
148. Бала (қыз) асырап алу туралы жазбаның негiзiнде АХАЖ органы сол күні баланың тууы Туралы актінің жазбасына қажетті өзгертулерді енгізу үшiн, ал асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы актi жазбасының екiншi данасына осындай өзгерістердi енгізу үшiн аумақтық әдiлет органдарындағы АХАЖ мұрағатына хабарлама жiберiледi. Хабарламада туу туралы акт жазбасына қандай нақтылы өзгертулер (соттың бала (қыз) асырап алу туралы шешiмiне сәйкес) енгiзiлуге тиiстi екені туралы анық көрсетiледi.
Бала (қыз) асырап алушыларға асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы жаңа куәлiгi заңға сәйкес берiледi, ал бұрынғы куәлiк заңмен белгiленген тәртіпте жойылады.
149. Егер туу туралы акт жазбасы басқа жерде болса, осы жазбаның бiрiншi данасы жатқан жеріндегі АХАЖ органына бала (қыз) асырап алуды тiркеуге байланысты оған өзгертулер енгізу қажеттілігi және бала (қыз) асырап алушыға туу туралы жаңа куәлiк жiберiлуi керектiгi туралы хабарлама жiберiледi.
Хабарламаны алғаннан кейiн АХАЖ органы, туу туралы акт жазбасына барлық қажеттi өзгертулердi енгiзiп, бала (қыз) асырап алушыға табыс ету үшiн тууы туралы жаңа куәлiк жiберуi тиiс.
Сонымен қатар, осы АХАЖ органы туу туралы акт жазбасының екiншi данасына өзгертулер енгізу үшiн аумақтық әдiлет органындағы АХАЖ мұрағатына хабарлама жолдайды.
150. Бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасына сәйкес баланың тууы туралы акт жазбасына өзгерту енгiзiлген кезде (яғни, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен туған жерi, ата-анасы туралы мәлiметтер өзгертiлген кезде) мұндай өзгертуге негiздеме үшiн 24-бағанада бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы көрсетiледi (бала (қыз) асырап алуды тiркеген АХАЖ органының, акт жазбасының нөмiрi мен күнi).
Өзгертуге жататын мәлiметтер ұқыптап сызылып тасталады да жоғарғы жағынан жаңа мәлiметтер жазылады. Бұл қажет болған жағдайда сызылып тасталған сөздердi оқуға болатындай етiп жасалады.
151. Асырап алу туралы шешiммен асырап алынған баланың (қыздың) туған жерi өзгертiлген жағдайда асырап алу туралы шешiмде көрсетiлген туған жерi бойынша АХАЖ органында баланың тууы туралы жаңа акт жазбасы жасалады.
Бұл жағдайда бала (қыз) асырап алуды тiркеген АХАЖ органы сот шешiмiне сәйкес туу туралы жаңа акт жазбасын жасауға тиiс АХАЖ органына хабарлама жолдайды. Бұл жазба ағымдағы жылда қайта қалпына келтiрiлген туу туралы актiлердi тiркеу кiтабында жасалады, ал 15-бағанада оны жасауға негiздеме үшiн бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі (соттың атауы мен шешiмiнiң күнi), сондай-ақ бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы (бала (қыз) асырап алуды тiркеген АХАЖ органы, акт жазбасының нөмiрi және күнi) көрсетiледi.
24-бағанада жаңадан жазылған туу туралы акт жазбасында, жазылған туу туралы бастапқы акт жазбасының орны, жазбаның нөмiрi мен уақыты көрсетiледi.
Асырап алынған баланың (қыздың) тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ оның ата-анасы туралы деректер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiне сәйкес жазып алынады.
Туу туралы жаңа акт жазбасы жасалған жағдайда, арызданушыға оның өтiнiшi бойынша асырап алған баланың (қыздың) тууы туралы куәлiгi берiледi.
152. Асырап алынған балаға (қызға) тууы туралы жаңа акт жазбасы жасалғаннан кейiн АХАЖ органы бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасының бiрiншi данасы жатқан АХАЖ органына да, туу туралы актiнiң бастапқы жазбасының тұрған орны бойынша АХАЖ органына да хабарлама жолдауы тиiс.
Мұндай хабарламаны алған соң, АХАЖ органы жоғарыда аталған акт жазуларына қажеттi өзгертулердi енгiзедi, ал «Белгiлер үшiн» деген бағаналарда тууы туралы жасалған жаңа акт жазбасының орнын, оның нөмiрi мен күнiн көрсетуі тиiс. Бұдан басқа, туу туралы бастапқы акт жазбасының «Белгiлер үшiн» деген бағанасында бала (қыз) асырап алу туралы шешiм шығарған соттың атауы және шешiмнiң күнi көрсетiледi.
Осы жазбалардың екiншi даналары жатқан аумақтық әдiлет органындағы АХАЖ мұрағатына туу туралы жаңа акт жазбасын жасаған АХАЖ органы оларға да дәл осындай өзгертулер енгізу үшiн хабарлама жолдайды.
153. Бала (қыз) асырап алу туралы шешiммен асырап алынған баланың (қыздың) туған күнiн өзгерткен кезде АХАЖ органы тууы туралы актiлер жазуында туған күнiн өзгерте отырып, тууы туралы актiнi тiркеу күнiн де өзгертедi - бiрақ ол алты айдан аспауы керек.
Бала (қыз) боп алынушының туған күнiн өзгертуге бала (қыз) боп алынушы үш жасқа толғанға дейiн жол берiледi.
24-бағанада тууы туралы күндi өзгерту үшiн негiздеме болып бала (қыз) асырап алу туралы соттың шешiмi (соттың атауы мен соттың шешiмiнiң күнi) мен бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы (бала (қыз) асырап алу тiркелген АХАЖ органы акт жазбасының нөмiрi мен күнi) көрсетiледi.
154. Бала (қыз) асырап алу туралы бұрын шығарылған шешімге толықтыру ретiнде сот жаңа шешiм шығарған жағдайда соған байланысты заңға сәйкес бала (қыз) асырап алушылар асырап алынған баланың (қыздың) ата-аналары ретiнде жазылуға тиiстi не баланың тегi, аты және әкесiнiң аты, оның туған күнi мен жерi өзгертiледi, АХАЖ органының асырап алған баланың (қыздың) тууы туралы актiлердiң бұрынғы жазбасына өзгертулер енгізуден бас тартуға құқығы жоқ.
Тек бала (қыз) асырап алу туралы шешiм шығарған сот қана осындай қосымша шешiм шығаруға құқылы.
Бұл ереже бала (қыз) асырап алу туралы қосымша шешiм шығарылғаннан кейiн тiркелген жағдайда да қолданылады.
155. Егер бала (қыз) асырап алу туралы шешiмде асырап алынған баланың (қыздың) тегiн, атын), әкесiнiң атын, туған жерi мен күнiн өзгертуі туралы не ата-аналары туралы деректер айтылмаса АХАЖ органы тек бала (қыз) асырап алу туралы акт жасауға және бала (қыз) асырап алушыға бала (қыз) асырап алу туралы куәлiк беруге тиiс. Сонымен қатар асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы акт жазбасында бала (қыз) асырап алуды тiркеу туралы белгi соғылады.
156. Бұл жағдайда, бала (қыз) асырап алу туралы шешiмде бала (қыз) асырап алушылар туу туралы актiлердi тiркеу кiтабында асырап алынған баланың (қыздың) ата-аналары ретiнде жазылуға тиiс екендiгi айтылмаса, АХАЖ органы асырап алынған баланың (қыздың) тууы туралы куәлiгiн қайта беру кезiнде анық нақты ата-аналарын көрсетедi. Бұл ретте баланың тегiнiң бала (қыз) асырап алушының тегiне және баланың әкесiнiң атының да бала (қыз) асырап алушының атына өзгертiлуiнiң мән-маңызы болмайды.
157. Егер асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретiнде сот шешiмi бойынша бала (қыз) асырап алушылар жазылса, алайда асырап алынған баланың (қыздың) тегi мен оның әкесiнiң аты өзгертiлмесе, онда баланың тууы туралы куәлiктi қайта беру кезiнде (баланың тегi мен ата-аналарының тектерiнiң алшақтығына және оның әкесiнiң атының асырап алынған атымен сәйкес келмеуiне қарамастан) ата-аналары ретiнде бала (қыз) асырап алушылар көрсетiледi.
158. Бала (қыз) асырап алушы тек әйел (еркек) болып табылған жағдайда және Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының бала (қыз) асырап алу туралы 89-бабына сәйкес баланың әкесiнде (анасында) осы балаға қатысты құқықтар мен мiндеттердiң сақталатыны көрсетiлсе тууы туралы, акт жазбасындағы әкесi (анасы) туралы тууы туралы деректер өзгертуге жатпайды.
Егер баланың әкесiнде оның құқықтары мен мiндеттерi сақталмаса не тууы туралы акт жазбасында әкесi туралы мәлiмет болмаса, онда асырап алушы әйелдiң жазбаша арызында әкесi туралы мәлiметтердi АХАЖ органы заңдарда көрсетiлген тәртiппен көрсетуi мүмкiн.
Баланың тууы туралы акт жазбасында әкесi туралы деректер көзделген тәртiппен жазылған жағдайда, соттың шешiмiне сәйкес баланың анасы болып жазылатын бала (қыз) асырап алушы әйелдiң арызы бойынша АХАЖ органы бұл деректердi соттың шешiмiне сәйкес баланың әкесi болып жазылатын бала (қыз) асырап алушының жазбаша арызы бойынша өзгерте алады. Әкесiнiң тегi бала (қыз) асырап алушы әйелдiң тегi бойынша, ал баланың аты, әкесiнiң аты мен ұлты оның көрсетуi бойынша жазылады. Осыған байланысты баланың әкесiнiң аты да өзгередi.
Баланың (қыздың) анасында оның құқықтары мен мiндеттерi сақталмаса, немесе анасы туралы деректер баланың (қыздың) тууы туралы жазба актiсiнде Ережеде көзделген тәртiппен (табылған бала) енгiзiлген болса, АХАЖ органы бұл деректердi соттың шешiмiне сәйкес баланың әкесi болып жазылатын бала (қыз) асырап алушының жазбаша өтiнiшi бойынша өзгерте алады. Мұндай жағдайларда анасының тегi бала (қыз) асырап алушының тегi бойынша, ал аты, әкесiнiң аты мен ұлты - оның көрсетуi бойынша жазылады. Өзгертулер қорытынды жасалынбай енгiзiледi. АХАЖ органы баланың анасы болып жазылатын жалғызiлiктi әйелдiң бала (қыз) асырап алуын тiркеу кезiнде оған тиістi жәрдемақы алуға әлеуметтiк қамтамасыз ету органына ұсынуы үшiн анықтама бередi.
159. Бала (қыз) асырап алуды тiркеуге байланысты әскерге шақырылушының тегi, аты, әкесiнің аты, сондай-ақ туған жерi мен күнi өзгертiлген кезде Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік туралы» Заңына сәйкес бұл туралы АХАЖ органы әскерге шақырылушы есепте тұратын аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа жетi күндiк мерзiмде хабарлауға тиiс.
160. Бала (қыз) асырап алуды жарамсыз деп тану, сондай-ақ бала асырап алуды бұзу тек сот тәртібімен жүзеге асырылады.
161. Бала (қыз) асырап алудың күшi жоқ деп тану туралы соттың шешiмi АХАЖ органына келiп түскен жағдайда бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасы оны қиғашынан сызу жолымен жойылады.
Сонымен бір мезгілде жазбаның бет жағында жоғарыдан «Жазба жойылды» деп көрсетіледі.
21-бағанада. «Бала (қыз) асырап алу соттың 199___ жылғы шешімiмен күшi жойылған деп танылды» деп көрсетiледi.
Бұл жазба АХАЖ органының лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.
162. Бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасын жою туралы хабарлама баланың тууы туралы акт жазбасының бiрiнші данасы тұрған жердегi АХАЖ органына жiберiледi, ол сол мерзiмде баланың тууы туралы, сондай-ақ баланың өзi (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жерi мен күнi) туралы бұрынғы бар деректердi қалпына келтiредi, егер олар бала асырап алуға байланысты өзгертiлген болса, онда 24-бағанада белгi соғылады.
Одан басқа бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасын жою жөніндегі хабарлама бала (қыз) асырап алу және баланың тууы туралы актілер жазбасының екiнші даналарының тұрған жерi бойынша АХАЖ мұрағатына жолданады, ол бала (қыз) асырап алу туралы актiлер жазбасының екiншi данасын жояды, сонымен бірге нақ сондай өзгертулер енгізеді және тууы туралы актілер жазбаның екінші данасына белгі соғады.
163. Егер бала (қыз) асырап алу туралы шешiмге сәйкес асырап алынған баланың (қыздың) туған жерi өзгертіліп, осыған байланысты баланың тууы туралы жаңа акт жазбасы жасалынған болса, бала (қыз) асырап алу туралы актi жазбасын жойған АХАЖ органы бұл жазуды қажеттiгi туралы хабарламаны жаңадан әзiрленген тууы туралы актiлер жазбасының алғашқы данасы тұрған жердегi АХАЖ органына жібередi.
Ол жойылғаннан кейiн осы АХАЖ органы тууы туралы алғашында жазылған жазбаға қажеттi өзгертулер енгізу және ондағы бұрынғы деректердi қалпына келтiру туралы хабарлама, сондай-ақ тууы туралы қайта жазылған акт жазбасының тұрған жерi бойынша аумақтық әдiлет органының АХАЖ мұрағатына осы актiлер жазбасын жою туралы хабарлама жiбередi.
164. Сот бала (қыз) асырап алуды бұзған кезде сот шешiмiнiң көшірмесi түскен күннен бастап АХАЖ органы бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасының 22-бағанасында»_____ соттың ____ жылғы»___»№____ шешiмiмен бала (қыз) асырап алудың күшi жойылды» деген белгi соғылады.
Бұл жазба АХАЖ органының лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.
Акт жазбасының бет жағында жоғарыдан «Бала (қыз) асырап алу жойылды» деп көрсетіледі.
165. Бала (қыз) асырап алудан бас тарту туралы баланың тууы туралы акт жазбасының алғашқы данасының тұрған жерi бойынша АХАЖ органына хабарлама жiберіледi. Мұнда баланың тууы туралы акт жазбасында баланың тууы туралы, сондай-ақ баланың өзі туралы бұрыннан бар деректер, егер олар бала (қыз) асырап алуға байланысты өзгертiлген болса, қалпына келтiрiлуге тиіс.
Бала (қыз) асырап алуға байланысты, берілген атының, әкесінің атының, тегiнiң балада сақталатыны сот шешiмiнде көрсетілген жағдайда, бұл деректер өзгертуге жатпайды, бұл жөнінде 24-бағанада белгi қойылады.
Бұған қоса бала (қыз) асырап алуды бұзу туралы бала асырап алу және тууы туралы актiлер жазбаларының екінші даналарының тұрған жерi бойынша аумақтық әділет органының АХАЖ мұрағатына хабарланады.
Нақ сол мерзімде АХАЖ мұрағатындағы акт жазбасының екінші даналарына қажеттi белгiлер соғылуға тиiс.
166. Егер бала (қыз) асырап алу туралы шешімге сәйкес асырап алынған баланың (қыздың) туған жерi өзгертілiп, осыған байланысты баланың тууы туралы жаңа акт жазбасы жазылған болса, бұл туралы хабарламаны асырап алуды бұзу туралы хабарлама келiп түскен АХАЖ органы тууы туралы жаңадан жазылған акт жазбасының бiрiншi данасы тұрған жердегi АХАЖ органына жiбередi.
Осындай хабарламаны алып, АХАЖ органы бала (қыз) асырап алуды бұзу туралы белгi соғады. Сол мерзiмде бала (қыз) асырап алуды бұзу туралы жоғарыда көрсетiлген тәртiппен бала (қыз) асырап алуды бұзу жөнiнде белгi түсiру үшiн тууы туралы осы акт жазбасының екінші даналарының тұрған жерi бойынша АХАЖ мұрағатына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ережелер бойынша баланың ата-аналары туралы бастапқы акт жазбасының орналасқан жерi бойынша АХАЖ органына хабарланады.
167. Егер бала (қыз) асырап алуды бұзу туралы соттың шешімi АХАЖ органына асырап алынған бала (қыз) кәмелетке толғаннан кейін келіп түссе, АХАЖ органы барлық қажеттi белгiлерді түсiруге мiндеттi.
168. Соттың бала (қыз) асырап алуды бұзуы кезiнде бұрынғы бала (қыз) асырап алушыны баланы ұстауға кететін қаражатты төлеп тұруға міндеттеуге құқылы екеніне байланысты қажетті жағдайларда ата-аналардың біріне, қамқоршыға (қорғаншыға), бала орналастырылған балалар мекемесіне бала (қыз) асырап алу туралы қайта куәлiк берiлуi мүмкiн, онда бала (қыз) асырап алудың бұзылғаны туралы белгi болуға тиіс. Бұл белгi АХАЖ органы лауазымды адамының қолымен және мөрiмен расталады.
169. Сот (Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 92-94-баптарына сәйкес) бала (қыз) асырап алудың күші жойылған деп таныған кезде және осыған байланысты, егер олар көзделген тәртiппен көрсетiлген болса, баланың әкесi туралы бастапқы деректерді қалпына келтіру қажет деп табылған жағдайларда АХАЖ органы қайтадан баланың анасына тиiстi жәрдемақы алу үшiн әлеуметтік қамтамасыз ету бөлiмiне ұсынуға арналған анықтама береді. Егер соттың шешімінде бұрынғы бала (қыз) асырап алушының баланы ұстауға қаражатты төлеп тұруға мiндеттi екенi көрсетiлмесе, бала (қыз) асырап алудан бас тарту кезiнде де осындай анықтамалар беріледi.