37. Баланың әкесiмен некеде тұрмайтын анасы қайтыс болғанда баланы толық мемлекеттiң есебiнен ұстауға және тәрбиелеуге берсе, яғни баланы әйелдер босанатын үйден алып кетуден бас тартса не оның тұратын жерi белгiсiз болса, ал әке болу анықталмаса, баланың тууын тiркеу баланы туу кезiнде анасы жатқан медициналық мекеме әкiмшiлiгiнiң арызы бойынша не балалар мекемесi әкiмшiлiгiнiң немесе бала үш күн аралығында соның қамқоршылығында болған адамның арызы бойынша жүргiзiледi. Анасы туралы мәлiметтер туу туралы медициналық анықтамаға сәйкес, бала мен әкесiнiң тегi - анасының тегi бойынша, бала мен әкесiнiң аттары әкелерiнiң аттарымен, сондай-ақ ата-анасының ұлты - арыз берушiнiң айтуы бойынша көрсетiледi. Мұндай жағдайда баланың әкесiнiң аты әкесiнiң өз атына сәйкес келуге тиiс (баланың ата-анасы туралы басқа мәлiметтер жазылмайды).
38. Егер кейiннен сот әкесi (анасы) туралы мәлiметтердi туу туралы актінің жазуынан алып тастау туралы шешім шығарса, АХАЖ органы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде туу туралы актінің жазуы бойынша өзгерістер енгiзедi - әкесi (анасы) туралы мәлiметтер сызылып тасталады да «Белгiлерге арналған» 24-бағанада: ____________ __ ________жылғы»___» 199___ №____ шешiмiнiң негiзiнде әкесi (соттың атауы) (анасы) туралы мәлiметтер алынып тасталды» деп көрсетiледi. Бұл жағдайда анасының арызы бойынша туу туралы актiнiң жазуына әкесi анасының тегi бойынша жазылуы мүмкiн. Баланың әкесiнiң өз аты әкесiнің аты мен тегі анасының айтуы бойынша жазылады. Әкесi туралы басқа мәлiметтер енгiзiлмейдi.
Туу туралы актiнiң жазуына енгiзiлген барлық өзгерістер лауазымды адамның мөрiмен және қолымен куәландырылады.
39. Ата-аналық құқықтардан айыру туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде туу туралы актiнiң жазуында «Белгiлерге арналған» 24-бағанада: «Ата-анасы(әкесi,анасы) ____________"__»199__ жылғы №__ шешiмiнiң (соттың атауы) негiзiнде ата-аналық құқықтан айырылды» деп көрсетiледi.
Жазылған жазу лауазымды адамның мөрiмен және қолымен куәландырылады (ата-анасы туралы мәлiметтер актілік жазудан алынып тасталмайды). Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-анаға тууы туралы куәлiктер қайтадан берiлмейдi. Олар баланың қамқоршысына (қорғаншысына) берiлуi мүмкiн.
Соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде ата-аналық құқықтарын қалпына келтiру кезiнде туу туралы актiнiң жазбасына:»_____________199___ жылғы»___»№____ шешiмiнiң негiзiнде (соттың атауы) ата-ананың (әкесiнiң, анасының) ата-аналық құқықтары қалпына келтiрiлдi» деген белгi жасалады.
Жазылған жазу лауазымды адамның мөрiмен және қолымен куәландырылады.
3-Бөлім. Әке болуды анықтауды тіркеу
3-Тарау. Жалпы ережелер
40. Әке болуды анықтауды тiркеу АХАЖ органдарында жүргiзiледi.
Баланың өзара некеде тұратын ата-анадан тууы ата-анасының некесi туралы жазумен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын анықтау АХАЖ органына баланың әкесi мен анасының бiрлесе арыз беру жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекет қабiлетi жоқ деп танылған, оның тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған немесе анасы ата-аналық құқықтан айырылған жағдайларда - қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімiмен баланың әкесінің арызы бойынша ал келісім болмаған кезде - соттың шешiмi бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 47-бабына сәйкес бала некеде тұрмайтын ата-анадан туған жағдайда, ата-анасының бiрлесiп берген арызы болмаған кезде, әке болуды анықтау баланың ата-анасының бiреуiнiң немесе қамқоршысының (қорғаншысының), сондай-ақ бала кәмелетке толғаннан кейiн оның өзiнiң арызы бойынша сот тәртібімен белгiленедi.
41. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 178-бабына сәйкес әке болуды анықтауды тiркеу туралы арыз берушiлердiң таңдауы бойынша баланың ата-анасының бiрiнiң тұрған жерi бойынша АХАЖ органына, ал әке болу сот шешiмiмен анықталған жағдайда - әке болуды анықтау туралы сот шешiмi шығарылған жерге берiледi.
Кәмелетке толған адамға қатысты әке болуды анықтауды тiркеу туралы арызға тек оның келісімiмен ғана, ал егер ол әрекет қабiлетi жоқ болып танылса - оның қамқоршысының немесе қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімiмен жол берiледi. Мұндай жағдайларда ата-анасының арызына кәмелетке толған адамның (оның қамқоршысының) әке болуды анықтауға жазбаша түрдегi келісімi мiндеттi түрде қоса берiледi. Мұндай келісім осы адамның (оның қамқоршысының) жеке арызында немесе ата-анасының бiрлесiп берген арызына (әкесiнiң арызына) оның қол қоюы (қамқоршысының қол қоюы) арқылы бiлдiрiлуi мүмкiн. Мұнымен қатар кәмелетке толған адам (оның қамқоршысы) әкесiнiң тегiн алуды қалайтындығын немесе анасының тегiнде қалғысы келетiндiгiн көрсетедi. Бұл туралы әке болуды анықтау туралы акт жазуының 21-бағанасында тиiстi белгi қойылады.
42. Әке болуды анықтауды тiркеу туралы арыз Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысандағы бланкiде әзiрленуге тиiс. Мұндай бланкi болмаған жағдайда еркiн түрде жазылған арыздың мәтiнiнде бланкiде көзделген барлық мәлiметтер болуға тиiс. Арыздың Бланкiсіндегі барлық сұраққа толық және дәл жауап берiлуге тиiс. Арыздар АХАЖ органы қызметкерiнiң көзiнше толтырылады және қол қойылады, ол осы Ереженің 24-тармақшасының бiрiншi абзацында келтiрiлген арыз берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттармен ондағы мәлiметтердi салыстырады.
Арыздар түскен күнi арыздарды есепке алудың арнайы журналында тiркелуi тиiс.
43. Әке болуды анықтауды тiркеу баланың әкесiнiң некеде тұрған-тұрмағанына қарамастан жүргiзiледi, сондықтан жұбайдың әке болуды анықтауды тiркеуге келісімi талап етiлмейдi.
44. Егер баланың тууы туралы акт жазбасында баланың әкесi ретiнде белгiлi бiр адам көрсетiлсе, АХАЖ органының әке болуды анықтау туралы арызды қабылдауға құқығы жоқ. Бұл жағдайда әке болуды анықтау туралы арыз түскен кезде АХАЖ органы баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы бұрын енгiзiлген мәлiметтердiң негiздемесiн тексеруге тиiс.
Мұндай тексеру:
1) егер әкесi анықталатын баланың анасы тiркелген некеде тұрса;
2) егер баланың анасы тiркелген некеде тұрмаса, ал тууы туралы куәлiкте баланың әкесiнiң тегi анасының тегiмен сәйкес келмесе, мұндай тексерулер мiндеттi түрде жүргiзiледi.
Егер тууы туралы жазба басқа АХАЖ органында болса, АХАЖ органы оның көшiрмесiн көрсетiлген мәлiметтердi анықтау және арызға қосып тiгу үшiн бiр айдың iшiнде алдыруға тиiс. Бұл жағдайда арыз әдеттегi тәртiппен түскен күнi журналда тiркеледi, ал әке болуды анықтау арыз берушiлердiң (арыз берушiнiң) қатысуымен тууы туралы актілік жазудың көшiрмесiн алғаннан кейiн кiдiртiлместен жүргiзiледi. Туу туралы актілік жазудың көшiрмесiнiң сұратылғаны туралы арыз берушiлерге (арыз берушiге) хабарланады және оның нақты алыну мүмкiндiгi ескерiле отырып әке болуды анықтауды тiркеу күнi белгiленедi.
Баланың тууы туралы актілік жазбада арыз берушi әйелдiң күйеуi немесе басқа адам көрсетiлген жағдайда (Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 49-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) баланың тууы туралы актілік жазудан әке болу туралы мәлiметтердi алып тастау туралы мәселенi сот шешкенге дейiн әке болуды анықтауды тiркеуден бас тартылуы тиiс.
45. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот тәртібімен әрекет қабiлеттілігi жоқ деп танылған адамның арызы бойынша, сондай-ақ осы әрекет қабiлеттілігi жоқ адамның қамқоршысының арызы бойынша әке болуды анықтауға жол берiлмейдi.
46. Баланың тууы туралы акт жазба жоғалып кетсе, онда әке болуды анықтау ол белгiленген тәртiппен қалпына келтiрiлгеннен кейiн тiркелуi мүмкiн.
47. Тууды және әке болуды анықтауды бiр мезгiлде тiркеу кезiнде мiндеттi түрде туу туралы және әке болуды анықтау туралы актiлер жасалады. Бұл ретте тууы туралы акт жазуларындағы баланың тегi анасының тегi бойынша көрсетiледi, ал оның әкесiнiң аты және әкесi туралы мәлiметтер - ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бiрлесiп берген арызына (әкесiнiң арызына) сәйкес көрсетiледi. Егер ата-аналары (әкесi) балаға өзiнiң тегiн берудi қаласа, ол әке болуды анықтау туралы акт негiзiнде түзетiледi.
48. Ата-аналардың бiрлесiп берген арызы бойынша әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде баланың тегi ата-аналардың келісімi бойынша, ал келісім болмаған жағдайда - сот тәртібімен анықталады.
Баланың қандай тектi иеленетiнi жөнiнде әке болуды анықтау туралы арызда көрсетiлуi тиiс.
Сот шешiмi негiзiнде әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде балаға шешiмде көрсетiлген тек берiледi, мұндай жазу жоқ болған жағдайда - арыз берушiнiң көрсетуi бойынша берiледi. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ол сот тәртібімен шешiледi.
Баланың әкесiнiң аты әкесiнiң аты бойынша өзгередi, оның iшiнде егер кәмелетке жасы толған балалардың тарапынан қарсылық болмаған жағдайда да олардың тегi осылай өзгередi.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 49-бабының 3-тармағына сәйкес баланың тууы туралы бұрынғы акт жазуында көрсетiлген баланың әкесiнiң аты (анасының көрсетуi бойынша) баланың әкесi ретiнде танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайларда, АХАЖ органының әке болуды анықтауды тiркеуден және балаға әкесiнiң атын әкесiнiң аты бойынша беруден бас тартуға құқы жоқ және бұл мәселе жөнiнде ата-аналардан түсiнiктеме талап етуге тиiс емес.
49. Әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде әке болуды анықтау жөніндегі акт жазуы бекітілген нысан бойынша екi данада жасалады (4 қосымшаға сәйкес).
Әке болуды анықтау туралы куәлiктi АХАЖ органы (12 қосымшаға сәйкес) ата-аналардың қалауы бойынша және олардың арызы бойынша әрқайсысына жеке бередi.
50. Әке болуды анықтау жөніндегі акт жазуында анасы туралы мәлiметтер акт жазуының немесе баланың тууы туралы куәлiгiнiң негiзiнде, оның iшiнде анасы әке болуды анықтауды тiркеуге дейiн некеге отырған және жұбайының тегiн қабылдаған жағдайда да көрсетiледi. Мұндай жағдайда 21-бағанада некенi тiркеу орны, акт жазбасының нөмiрi мен күнi, сондай-ақ анасының оның некеге тұруына байланысты берiлген тегi көрсетiледi.
Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бiрлесiп берген арызында, егер анасы неке қиюдан кейiн жұбайының тегiн қабылдаса, оның тегi жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес көрсетiледi, ал тырнақшаның iшiнде: «анасының некеге дейiнгi тегi» деп жазылады.
51. Егер баланың ата-аналары әке болуды анықтауға дейiн немесе одан кейiн некеге тұрса және некеге тұру кезiнде анасы жұбайының тегiн қабылдаған жағдайда, баланың тууы туралы акт жазуында баланың тегiн түзету қорытынды жасалмастан жүргiзiледi. Некенi қию туралы актiдегi жазу өзгерту енгізуге негiз болып табылады.
52. Егер баланың ата-аналары некеге ол туғаннан кейiн тұрса, әке болуды анықтауды тiркемей тұрып, баланың тууы туралы акт жазуына әкесi туралы мәлiметтердi енгізуге жол берiлмейдi.
53. Әке болуды анықтау туралы акт жазуы негiзiнде АХАЖ органы сол күнi әкесi туралы мәлiметтi және осыған байланысты өзгерістердi баланың тууы туралы акт жазуына енгiзедi және тууы туралы жаңа куәлiк бередi. Бұрынғы куәлiк белгiленген тәртiп бойынша жойылады.
Егер баланың тууы туралы акт жазуы басқа жерде болса, онда он күндiк мерзiмнiң iшiнде жазудың бiрiншi данасының жазбасы тұрған жердегi АХАЖ органына әке болуды анықтауды тiркеуге байланысты жазуға қажеттi өзгерістер енгізу және тууы туралы жаңа куәлiктi жiберу туралы хабарлама жiберiледi.
Алынған хабарламаның негiзiнде АХАЖ органы тууы туралы акт жазбасына қажеттi өзгертулер енгiзедi және тууы туралы жаңа куәлiк жiбередi. Сонымен бiрге ол тиiстi аумақтық әдiлет органындағы АХАЖ мұрағатына тууы туралы акт жазбасының екiншi данасына дәл осындай өзгерістер енгізу үшiн хабарлама жiбередi.
54. Әке болуды анықтауды тiркеуге байланысты әскерге мiндеттiнiң немесе шақырылушының тегі немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда АХАЖ органы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес бұл туралы жетi күндiк мерзiмде әскери мiндеттi немесе шақырылушы әскери есепте тұратын аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әскери комиссариатқа хабарлауы тиiс.
55. Кәмелетке жасы толмаған балаларға қатысты әке болуды анықтауды тiркеу туралы баланың анасының тұрғылықты жерi бойынша еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына хабарланады.
56. Әке болуды анықтау туралы сот шешiмi бұзылған жағдайда АХАЖ органы әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшiн жояды.
Әке болуды анықтау туралы бұрын шығарылған сот шешiмiн бұзу жөніндегі сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн, сондай-ақ әке болуды анықтау жөніндегі акт жазбасының күшiн жою туралы жазбаны жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн алған жағдайда АХАЖ органы жазбаның сыртқы бетiнiң жоғарғы жағына: «Жазбаның күшi жойылған» деп көрсетедi және 21-бағанада қашан және қай соттың шешiм шығарғандығы туралы көрсетiп, белгi соғады.
Акт жазбасының күшi жойылғандығы туралы аумақтық әдiлет органындағы тиiстi АХАЖ мұрағатына хабарланады, ол осы тәртiппен жазбаның екiншi данасының күшiн жояды.
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшi жойылғаны туралы тууы туралы акт жазбасы тұрған жердегi АХАЖ органына хабарланады, ол акт жазбасындағы бастапқы өзгерістердi (егер әке болуды анықтауға байланысты баланың тегi өзгерсе, сондай-ақ оның әкесiнiң аты мен әкесi туралы мәлiметтер өзгередi), қайта қалпына келтiрiп, тиiстi белгi соғуға тиiс. Соғылған белгi бойынша туу туралы акт жазбасының екiншi данасы тұрған аумақтық әдiлет органының АХАЖ мұрағатына хабарланады.
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшi жойылған кезде АХАЖ органы баланың анасына тиiстi жәрдемақы алуға еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына ұсыну үшiн анықтама бередi.
Аталған жағдайларда бұрын баланың әкесi болып жазылған адамға баланың тууы туралы куәлiк қайтадан берiлмейдi.
4-Тарау. Баланың әкесі мен анасының бірлесіп берген арызының
негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
57. Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бiрлесiп жазған арызы олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына берiледi. Бiрлесiп арыз беру қиын болған жағдайда АХАЖ органына баланың әкесi мен анасы арызды бөлек беруi мүмкiн.
58. Егер ата-аналардың біреуі әке болуды анықтауды тіркеу үшiн дәлелдi себеппен АХАЖ органына өзi келе алмаса, оның арызға қойған қолы осы Ереженiң 22-тарауында белгiленген тәртiппен куәландырылуы тиiс. Мұндай жағдайларда әке болуды анықтау жөніндегі акт жазбасының «Белгiлер үшiн» деп аталатын 21-бағанасында қолды кiмнiң, қашан куәландырғаны көрсетiледi.
59. Бала туғаннан кейiн әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арыз беруi мүмкiн болмаған немесе қиын болған жағдайда (ата-аналардың бiреуiнiң қатты науқастануы, ұзақ iссапарда немесе экспедицияда болуы, басқа жерге тұрақты түру үшiн көшiп кетуi және тағы басқа), анасы екiқабат кезiнде медициналық анықтамамен растала отырып, әлi тумаған балаға қатысты тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына бiрлесiп (немесе бөлек) алдын ала арыз беруге жол берiледi. Мұндай арыз оларды есепке алу журналында тiркеледi және жалпы негiздерде сақталады. Бала туғаннан кейiн әке болуды анықтауды тiркеу үшiн ата-аналардан жаңадан арыз беру талап етiлмейдi; бұл жағдайда әке болуды анықтауды тiркеудi АХАЖ органы, егер алдын ала берiлген арызды ата-аналар не олардың бiреуi керi қайтарып алмаса тууды тiркеумен бiр мезгiлде жүргiзедi. Керi қайтарып алынған арыз АХАЖ органында қалдырылады, оған АХАЖ органы «Арыз жарамсыз деп есептелiндi» деген белгi соғады. Бұл осы арызды керi қайтарып алған ата-ананың (ата-аналардың) қолымен не осы Ереженiң 22-тармағында бекітілген тәртiппен оның (олардың) қолы куәландырылып, жазбаша арызбен расталады.
Егер баланың анасының немесе әкесiнiң тұрған жерiн өзгертуiне байланысты тууды тiркеу және әке болуды анықтауды тiркеу басқа АХАЖ органында жүргiзiлсе, онда алдын ала берiлген арызды сақтаушы АХАЖ органы сұрау салу бойынша оны тиiстi жерiне жолдайды.
60. Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арызына баланың тууы туралы куәлiгi қоса берiлуге тиiс. Егер әке болуды анықтауды тiркеу тууды тiркеумен бiр мезгiлде жүргiзiлсе, тууы туралы куәлiк ұсынылмайды.
61. Осы Ереженiң 60 және 61-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда АХАЖ органы әке болуды анықтауды арыз берген күнi екi ата-ананың қатысуымен жүргiзедi.
5-Тарау. Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
62. Бала әкесiнiң арызы негiзiнде әке болуды анықтау:
1) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған;
2) анасының жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемiстiгi салдарынан әрекет қабiлеттiлігi жоқ деп танылған;
3) анасы ата-аналық құқықтан айырылған;
4) баланың анасының тұрғылықты орнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.
63. Әке болуды анықтауды тiркеу қорғаншы және қамқоршы органның келісімiмен өзiн баланың әкесiмiн деп танитын адамның жазбаша арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Егер балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындалса, онда арызда оның тегi, аты, әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi көрсетiледi.
6-Тарау. Сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
64. Әке болуды анықтауды тiркеу соттың әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу және әке болуды тану фактiсiн анықтау туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
65. Заңды күшiне енген сот шешiмi және баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi арызға қоса берiледi.
66. Әке болуды анықтау туралы шешiм шығарған сот осы шешiм заңды күшіне енгеннен кейін оның көшiрмесiн арыз берушінің тұрғылықты орны бойынша тiкелей АХАЖ органына жiберген жағдайда, сот шешiмiнiң көшiрмесiн алған АХАЖ органы талап-арыз бойынша сот әке болуды анықтаған адамның қатысуымен әке болуды анықтау туралы жазбаны одан әрi дайындау үшiн шешiмдi соттың есепке алу журналында тiркеуге міндеттi.
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасын жазу кезiнде әкесi туралы деректер сот шешiмiне сәйкес көрсетiледi.
Сот шешiмiнде әкесiнiң ұлты туралы деректер жоқ болған жағдайда әке болуды анықтау туралы акт жазуының 13 «Ұлты» бағанасы баланың тууы туралы акт жазуындағы 15-бағанаға сәйкес толтырылып, бұл туралы 21-бағанада әке болуды анықтау туралы белгi соғылады. Әкесiнiң тұрақты тұрғылықты жерi, қайда және кiм болып жұмыс iстейтiндiгi арыз берушiнiң айтуымен жазылуы мүмкiн.
7-Тарау. Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау,
Қазақстан Республикасынан тыс жерде анықталған әке
болуды мойындау
67. Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау ата-аналары мен баланың ұлтына және олардың тұрғылықты орнына қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша АХАЖ органдарында әке болуды анықтауға жол берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын баланың ата-аналары, ең болмағанда олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, Қазақстан Республикасының консулдық және елшiлiк мекемелерiне әке болуды анықтау туралы арызбен жүгiнуге құқылы.
4-Бөлім. Некені тіркеу
8-Тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 қаулысымен 68-тармақ толықтырылды
68. Некенi тiркеуге ниет бiлдiрушi адамдар немесе арыз берушiнiң бiреуi өздерiнiң тұрғылықты жерiнде не ата-аналарының тұрғылықты жеріндегі АХАЖ органына арыз бередi.
Ата-аналарының немесе олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына некеге тұруға арыз берген жағдайда осы жерге тiркелгендiгi туралы құжаттар ұсынылуы тиiс.
Некеге тұру жөніндегі арызда, сондай-ақ акт жазуының «Белгiлер үшiн» бағанасында: ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмiрi, кiм және қашан бергендiгi, сондай-ақ оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелуi жөніндегі мәлiметтер көрсетiледi.
69. Некеге тұру жөніндегі арыз белгiленген үлгiдегi бланкiде жазылуға тиiс. Мұндай бланкi болмаған жағдайда еркiн нысандағы арыз мәтiнiнде бланкiде көрсетiлген барлық мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
Арыз бланкiсiнде көрсетiлген барлық сұрақтарға толық және дәл жауаптар қайтарылуы тиiс.
70. Арызды қабылдау кезiнде АХАЖ органы неке қиюға ниет бiлдiрушi адамдарды некенi тiркеу тәртібімен және шарттарымен таныстыруға, оларға болашақтағы жұбайлар және ата-аналар ретіндегі мiндеттерi мен құқықтары туралы түсiндiруге, екеуiнiң өзара келісімi бойынша дәрiгерлiк тексеруден, сондай-ақ некеге тұрушылардың неке кезіндегі және некенiң бұзылуы жағдайындағы мүлiктiк құқықтары мен жұбайлық мiндеттерiн анықтайтын некелiк шарт жасасу құқығы туралы хабардар екендiгiне көз жеткiзуге тиiс.
Некеге тұрушылар некеге тұруға кедергi келтiретiн мән-жайларды жасырып қалудың жауапкершiлiгi туралы мiндеттi түрде ескертiледi.
Некелесушiлердiң ортақ балалары болса, АХАЖ органдары оларға сондай-ақ әке болуды анықтау туралы түсiнiктеме беруі тиiс.
Некеге тұрушы адамдар мыналарды ұсынуға тиiс:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;
2) некеге тұруға кедергiлердiң жоқтығы туралы қолхат;
3) денсаулықтары туралы өзара хабарлығы туралы қолхат;
4) балалары бар екендiгi туралы мәлiметтер.
Бұрын тiркелген некеде тұрған адамдар (сонымен бiрге шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) АХАЖ органына бұрынғы некенiң тоқтатылғандығын растайтын құжаттар: некенiң бұзылуы туралы куәлiктi, жұбайының қайтыс болғандығы жөнiнде куәлiктi не некенi жарамсыз деп тану туралы Қазақстан Республикасының елшiлiктерiнде және консулдық мекемелерiнде немесе Сыртқы iстер министрлігінiң консулдық қызмет көрсету Департаментiнде заңдастырылған сот шешiмiн ұсынуға тиiс.
Анықтамада шетел азаматының тегi, аты, әкесiнiң аты толық көрсетiледi (егер шетел азаматының паспортында әкесiнiң аты көрсетiлмесе, ол некелесуге арналған құжаттарда да көрсетiлмейдi).
Анықтама мәтiнінің мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жасалған аудармасы нотариалды куәландырылуға тиiс. Аударманы бұл адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң (азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын елiнiң) консулдығы (елшiлiгi) немесе осы мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлігі де куәландыруы мүмкiн.
Некенiң тоқтатылғанын айғақтайтын шетел сотының шешiмi не басқа құжат Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жердегi консулдық мекеме, шетел азаматы болып табылатын мемлекеттердiң (азаматтығы жоқ адамдар тұрақты тұратын елдiң) консулдығы (елшiлiгi) не осы мемлекеттiң Iшкi iстер министрлігі куәландырған не нотариат арқылы куәландырылған мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі аудармасымен бiрге ұсынылуға тиiс.
71. Бiр атадан және бiр анадан тараған туыстар арасында (ата-аналары және балалары, атасы, әжесi және немерелерi), толыққанды және толық емес (ортақ әкесi немесе анасы бар) ағалы-iнiлiлер және апалы-сiңлiлер, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушылар мен бала (қыз) асырап алынушылар арасындағы некеге тыйым салынады.
Сонымен қатар, сот ең болмаса бiреуiн жүйке ауруының немесе ақыл-есi кемiстiгi салдарынан әрекет қабілеттiгi жоқ деп таныған адамдар арасындағы некеге жол берiлмейдi.
72. Егер некеге тұру жөніндегі арыз әскери қызметшiлердiң қызмет атқару орны бойынша берiлсе, онда әскери немесе мекеме орналасқан мекен әскери қызметшiнiң тұрғылықты орны болып есептеледi.
73. Егер қандай да бiр себептермен АХАЖ органына арыз беру кезiнде некеге тұрушылардың екеуiнiң қатысуы мүмкiн болмаса немесе өте қиын болса (бiр-бiрiнен алыста тұруы, ауыр науқасты болуы, әскери қызмет атқару және тағы басқа), некеге тұратын екеуінiң қолы қойылған арызды бiреуiнiң тапсыруына болады. Бұл жағдайда қатынаспайтын адамның қолы бiрлескен арыз беру кезiнде нотариалды куәландырылуы тиiс. Бұған қоса, қойылған қолды АХАЖ бөлiмiнiң бастығы немесе тiркеудi жүргiзетiн селолық әкiмшiлiктiң лауазымды адамы куәландыра алады; шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының қолын - Қазақстан Республикасы консулдығының лауазымды адамы; әскери қызметшiлердiң қолдарын - тиiстi әскери бөлiмнiң командирi; Қазақстан Республикасының жалауымен жүзiп жүрген теңiз кемелерiнде немесе iшкi сулардағы кемелердегi Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын - сол кемелердiң капитандары; барлау, арктикалық және басқа осы секiлдi экспедицияларда жүрген азаматтардың қолдарын - сол экспедициялардың бастықтары; тұрақты емдеу-сауықтыру мекемелерiнде емделушi азаматтардың қолдарын - сол мекемелердiң әкiмшiлiгi куәландырады.
Куәландырылған арыз оның иесiне қайтарылады, ол оны неке тiркелген жердегi АХАЖ органына беру үшiн некелесушi екiншi адамға жiбередi.
74. Некеге тұрғысы келетiн адамдардың келісімi бойынша АХАЖ органы некенi тiркеудiң уақытын (күнiн және сағатын) тағайындайды, ол туралы арызда, сондай-ақ арыздарды есепке алу журналында және «Неке отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгiленгенiндей, арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм сақтала отырып белгi соғылады.