4) биржалық тауарға немесе биржалық тауарды жеткізуге арналған келісім-шартқа қатысты құқықтар мен мiндеттердi болашақта табыстау құқықтарын беруге (опциялық мәмiлелер);
5) биржалық сауда ережелерiнде белгiленген биржалық тауарға немесе келісім-шартқа байланысты мәмiлелердi жасай алады.
133. Брокерлiк ұйымдар, брокерлер, дилерлер және бiр жолғы келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.
134. Биржалық сауда:
1) клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиент есебiнен биржалық мәмiлелер жасасу (брокерлiк қызмет);
2) кейiн биржада қайта сату мақсатымен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiлелер жасасу (дилерлiк қызмет);
3) өз атынан және өз есебінен бiр жолғы келушілермен биржалық мәмiлелер жасасу жолымен жүзеге асырылады.
135. Биржа биржалық сауда қатысушысының талабы бойынша жария көпшiлiк сауда-саттықтары арқылы сатылатын нақты тауарлар сапасының нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкестiгiне сараптама ұйымдастырады.
136. Биржаның:
1) биржалық сауда ережелерiн және басқа да ережелердi;
2) биржа және оның бөлiмшелерi көрсететiн қызметтер үшiн өзiнiң мүшелерiнен және биржалық саудаға басқа да қатысушылардан биржаның пайдасына алынатын төлемдердiң ставкаларын;
3) биржаның жарғысын, биржалық сауда ережелерін және биржа белгілейтін басқа да ережелерді бұзғаны үшін алынатын, биржалық шарттың талаптарында көзделген экономикалық санкциялардың мөлшерлерін өз бетiмен белгілейді.
137. Биржаға:
1) биржалық тауарға арналған бағаның деңгейлерi мен шектерiн;
2) биржалық мәмілелерге делдалдық жасағаны үшiн биржалық сауда-саттыққа қатысушылар алатын сыйақы көлемiн белгiлеуге тыйым салынады.
138. Қызметтер үшiн тарифтер мен биржалық сауда-саттықтарға қатысушылардан алынатын комиссиялық алымдардың прейскуранты кез келген биржалық саудаға қатысушыға танысу үшiн қол жетімді орындарда орналасады.
6. Тауарлардың жекелеген түрлерiн сатуға қойылатын талаптар
§ 1. Азық-түлiк тауарларын сатуға қойылатын
Талаптар
139. Тауарлар олар сауда залына немесе өзге де сату орнына берiлместен бұрын ыдыстан, орама және байлама материалдардан, металл тiстемелерден босатылады. Тауардың ластанған бетi немесе бөлiктерi алынып тасталады. Сатушы сондай-ақ тауарлардың сапасына (сыртқы белгiлерi бойынша), тауарлардың осы Ереженiң 13 және 140-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттамасы мен ақпаратының болуына тексеру жүргiзедi.
140. Этикеткаларда, жапсырмаларда, қосымша парақтарында және орама материалдары мен бұйымдардың стикерлерінде, тамақ өнiмдерiнiң түрлерi ескеріле отырып, осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерiнде:
1) өнімнің тағамдық құндылығы (құнарлылығы, ақ уыздардың, майлардың көмiртектерiнiң, витаминдердiң, макро және микроэлементтердің құрамы);
2) арналуы және қолданылу шарттары (оның iшiнде балаларға арналған, диеталық және емдiк-алдын алу тағам өнiмдерi мен биологиялық белсендi қоспалар);
3) дайын тағамдарды дайындау тәсiлдерi мен шарттары (тамақ өнiмдерiнiң концентраттары мен жартылай фабрикаттары үшiн);
4) сақтау шарттары мен мерзiмдерi (олардың сақтау шарттарына талаптар қойылатын тағам өнiмдерiне қатысты) және жарамдылық мерзiмдерi;
5) тағам өнiмдерiнiң дайындалған күнi мен оралған күнi;
6) тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды қоса алғанда, құрамы және қолданылатын генетикалық түрлендiрiлген көздерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
141. Өлшемелi тауарларды сатар алдында сатушы қаттаған және ораған жағдайда қатталатын тез бүлiнетiн тауарлардың көлемi сауданың бiр күнi iшiнде олардың сатылатын көлемiнен аспайды.
Қатталған тауарда оның атауы, салмағы, килограмм үшiн бағасы, салмақ бағасы, қатталған күнi, жарамдылық мерзiмi көрсетiледi.
142. Өлшемелi азық-түлiк тауарлары сатып алушыға орама үшiн қосымша ақы алынбастан оралған түрде берiледі.
Орама үшiн стандарттардың мiндеттi талаптарына сәйкес материалдар пайдаланылады.
143. Өлшенiп сатылатын азық-түлiк тауарларының бағасы таза салмақ бойынша айқындалады.
144. Азық-түлiк тауарларының саудасы орындарында азық-түлiк емес жанама тауарлардың сатылуы және азық-түлiк тауарларының сапасы мен қауiпсiздiгiн және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың және стандарттардың мiндеттi талаптарында белгiленген оларды сату жағдайларын нашарлатуға әкеп соқтырмайтын қоғамдық тамақтандыру қызметiнiң көрсетiлуi және тауар көршiлiгi қағидаты ескерiлуi мүмкiн.
145. Сауда объектiлерiне сату үшiн түскен жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзат мемлекеттік ветеринарлық қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларында зертханалық талдауға ұшырайды.
§ 2. Нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдердi
сатуға қойылатын талаптар
146. Нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдердi сатумен айналысатын сауда қызметiнiң субъектiлерi өз қызметiнде осы Ереженi, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, осы тауарлар саудасы бойынша әрбiр сауда объектiлерiнде болатын нормативтiк-техникалық құжаттарды басшылыққа алады.
147. Нан-тоқаш өнiмдерiн барлық меншiк нысанындағы сауда желiлерiнде сату мамандандырылған және фирмалық нан-тоқаш және кондитерлiк дүкендерде, азық-түлiк дүкендерiнiң нан-тоқаш бөлiмдерiнде жүргiзiледi.
148. Нан-тоқаш және кондитерлiк өнімдердiң әрбiр партиясы өнiмнiң пештен шыққан уақыты көрсетiле отырып, тауарлық-көліктік жүк құжатымен, сондай-ақ сәйкестiк сертификатымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
149. Өзiне өзi қызмет көрсететiн дүкендер сатып алушылардың нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдердi таңдауы үшiн нан және нан-тоқаш өнiмдерi орналасқан жабдықтың әр қума метрiнде екi данадан кем емес есепте металл қысқыштармен, қасықшалармен, күрекшелермен жабдықталады.
150. Сатып алушылардың тiлегi бойынша 0,4 кг және одан көп салмақтағы даналап сатылатын нан-тоқаш өнiмдерiн (орамадағы бұйымдардан басқа) 2-4 тең бөлiктерi кесуге рұқсат етiледi.
151. Нан-тоқаш өнiмдерiн кесуге үгiндiлердi азайту, тез және тең кесу үшiн жүзi үнемі және жақсы қайралатын нан кескiш тұтқалы немесе қол пышақтары қолданылады.
152. Сапасыз нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдер сатылған жағдайда нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдер саудасы жөніндегі объектiнiң қызметкерлерi сатып алушының талабы бойынша оларды сапалысына алмастырады.
§ 3. Тоқыма, трикотаж, тiгін және үлбiр
тауарлары мен аяқ киімдердi сатуға қойылатын талаптар
153. Тоқыма тауарлары (мата және мата емес материалдар мен олардан жасалатын бұйымдар), трикотаж бұйымдары, тiгiн тауарлары (киім, iш киім, бас киімдер), үлбiрден жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер сауда залына берiлерден бұрын сату алдындағы дайындықтан өтедi, ол:
1) тауарды орамынан шығаруды, сорттауды және қарауды;
2) тауар сапасын (сыртқы белгiлерi бойынша) және осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген қажетті ақпараттың болуын тексеруді;
3) қажет болған жағдайда бұйымдарды тазалауды және үтіктеу мен оларды ұсақ жөндеуді қамтиды.
154. Сату үшiн ұсынылатын тауарлар түрлерi, модельдерi, мөлшерлерi, ұзындығы бойынша топтастырылады және сауда залына қойылады. Сауда ерекшелiктерi ескеріле отырып, сауда залында сатып алушыға өзіне қажеттi тауарды таңдау және сатып алу мүмкiндiгiн беретiн сатуға ұсынылатын тауарлардың үлгiлерi қойылуы мүмкiн.
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған трикотаж, тігін, үлбiр тауарлары мен аяқ киімдер сауда залында жеке орналасады.
Маталар түрлері және олар жасалған талшықтар бойынша, үлбiр тауарлары - үлбiрдiң түрлерi бойынша топтастырылады.
Матаның әрбiр үлгiсi олар жасалған талшықтардың пайыздық құрамы туралы ақпаратпен, ал үлбiрден жасалған бұйымдар - үлбiрдiң түрi туралы ақпаратпен де қамтамасыз етiледi.
155. Тауарларда өзiнiң атауы, артикулы, бағасы, мөлшерi (киім, iшкиім және басқа да тiгiн бұйымдары, аяқ киім, бас киім үшiн) және ұзындығы (киім мен iш киім үшін) көрсетiлген ілме жапсырмалар болады.
156. Сатушы сатып алушыға тiгiн, сырт трикотаж бұйымдарын, бас киімдердi, үлбiр тауарлары мен аяқ киімдердi киiп көру үшiн жағдай жасайды. Осы мақсат үшiн сауда залдарын айналары бар киіп көру кабиналарымен жабдықтау, банкеткалармен немесе орындықтармен, сондай-ақ тұғырлармен жарақтау қажет.
157. Жүн маталарды, мақталы және басқа да ауыр маталарды сатып алушыға сату кезiнде өлшеу сөреде (үстелде) бүктемелерсiз бос күйде жатқан матаның үстiне стандартты қатты метрдi қою жолымен жүргiзiледi. Жұқа және жеңiл маталар матаны қатты стандартты метрге тартпай бос жанастыру арқылы сөреге тастап отыру жолымен өлшенедi.
Жүн маталар мен трикотаж жаймаларынан басқа маталардың барлық түрлерін өлшеу матаны бiр жағына металдан жасалған таңбалы өлшеу лентасы орнатылған сөреге (үстелге) жаю жолымен де жүргiзiлуi мүмкiн.
Сатып алынған затқа мата тіліктерiн қосуға, сондай-ақ егер фабрикалық әрленуi бұзылса және таңба терiс жағынан қойылса, фабрикалық iлме жапсырмалары мен таңбалары (хаздық етектерi) бар мата тіліктерiн сатуға тыйым салынады.
158. Сатушы маталарды, киімдердi, үлбір тауарлары мен аяқ киімдердi босату кезiнде сатып алушының көзінше тауардың сапасын (сырттай қарау жолымен) өлшену дәлдiгiн (санын), сатып алынған заттың құнын есептеудiң дұрыстығын тексередi.
159. Маталар, киімдер, үлбiр тауарлары мен аяқ киімдер орама үшiн қосымша төлем алынбастан, сатып алушыға оралған күйде берiледi.
§ 4. Тұрмыстық мақсаттағы техникалық
жағынан күрделi тауарларды сатуға қойылатын талаптар
160. Тұрмыстық радиоэлектрондық аппаратура, байланыс құралдары, есептеу және көбейту техникасы, фото және киноаппаратура, сағаттар, музыкалық тауарлар, тұрмыстық электр приборлары, машиналар мен аспаптар, сондай-ақ тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделi басқа да тауарлар сауда залына немесе сатып алынған затты беретiн орынға берiлгенге дейiн сату алдындағы дайындықтан өтедi, ол:
1) тауарды орамынан шығаруды, зауыттық майын, шаңды, қиқымдарды алуды;
2) тауарды қарауды, атап айтқанда: бұйымның жиынтығын, сапасын, осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген қажеттi ақпараттың болуын тексерудi;
3) қажет болған жағдайда бұйымды жинауды және оны жөндеудi қамтиды.
161. Сатып алушының талабы бойынша сатушы оны тауардың құрылысымен және жұмысымен таныстырады, жиналған, техникалық жағынан жарамды күйiнде көрсетеді. Қосу үшiн арнайы жабдықты талап етпейтін тауарлар жұмыс iстейтiн күйінде көрсетіледі.
162. Сатушы немесе онымен жасасқан шарт бойынша сатушының функцияларын орындайтын ұйым стандарттардың немесе тауарға қоса берiлетiн техникалық құжаттаманың (техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) талаптарына сәйкес сатып алушы өз бетімен жинауға және (немесе) қосуға рұқсат етілмейтін техникалық жағынан күрделі тауарды сатып алушының үйінде жинауды және (немесе) орнатуды (қосуды) жүзеге асырады.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгiзiлген болса, онда көрсетiлген жұмыстарды сатушы немесе тиісті ұйым тегін орындайды.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгiзiлмеген болса, сатушы тауарды сату кезінде көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымдар туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді.
§ 5. Парфюмерлiк-косметикалық тауарларды
сатуға қойылатын талаптар
163. Парфюмерлiк-косметикалық тауарлар сауда залына берiлмес бұрын орамынан босатылады және қаралады, тауардың әрбiр бiрлiгiнiң сапасы (сыртқы белгiлері бойынша) және онда осы Ереженiң 13 және 164-тармақтарында көрсетілген қажетті ақпараттың болуы тексерiледi.
164. Парфюмерлiк-косметикалық тауарлар туралы ақпарат осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген мәліметтерден басқа, нақты тауардың ерекшеліктері ескеріле отырып, оның мақсаты, бұйымының құрамына кіретін ингредиенттері, жұмыс iстеуi мен тигiзетін әсері, қолдану үшін шектеулерi (қарсы көрсеткiштерi) қолдану тәсілдері мен шарттары туралы мәліметтердi қамтиды.
165. Сатып алушыға тауардың қасиеттерiмен (иiсi, түсi, көлемi және т.б.) және ерекше сипаттамаларымен танысу мүмкiндiгi беріледі.
166. Тауарларды целлофан орағышы немесе фирмалық лентасы бар орамамен беру кезiнде сатып алушыға целлофанды немесе фирмалық лентаны алу жолымен орама iшiн тексеру мүмкiндiгi берiледi. Тауардың аэрозольдi орамасын сатуды жүзеге асыратын адам ораманың жұмыс iстеуiн сатып алушының көзінше тексередi.
§ 6. Жеңiл автомобильдердi, мототехникаларды,
тiркемелердi және нөмiрлi агрегаттарды сатуға
қойылатын талаптар
167. Жеңiл автомобильдер, мотоциклдер және мототехниканың басқа да түрлері, тіркемелер мен олардың нөмірлі агрегаттары түрлері мен көлемдерiн өнiмдi дайындаушылар айқындайтын сату алдындағы дайындықтан өтеді. Сатушы тауардың сервистік кiтапшасына немесе оны алмастыратын өзге де құжатқа осындай дайындықтың өткізілгені туралы белгі қояды.
168. Сатуға ұсынылатын тауарды көрсету кезiнде сатып алушының оған еркiн қол жеткізуi қамтамасыз етiледi.
169. Тауарды сатып алушыға беру кезiнде дайындаушы белгiлеген керек-жарақтар жиынтығы мен құжаттар, оның iшiнде сервистiк кiтапша немесе оны алмастыратын өзге де құжат, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен оларды мемлекеттік тiркеу үшiн көлiк құралына меншiк құқығын куәландыратын құжат бiр мезгiлде берiледi.
170. Сатушы тауарды беру кезiнде сатып алушының көзiнше, тауарды сату алдындағы дайындық бойынша орындалған жұмыстардың сапасын, сондай-ақ оның жиынтығын тексередi.
§ 7. Қымбат бағалы металдардан және қымбат
бағалы тастардан жасалған бұйымдарды сатуға
қойылатын талаптар
171. Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған зергерлiк бұйымдарды, корпусы қымбат бағалы металдардан жасалған сағаттарды сату күзет элементтерiмен немесе арнайы күзетпен жарақталған сауда объектiлерi арқылы жүзеге асырылады.
172. Қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдар сауда залына берiлгенге дейiн:
1) бұйымды қарауды және ақауын тексерудi;
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 637 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;
3) пломбалар мен жапсырмалардың сақталуын;
4) мөлшерлер бойынша сұрыптауды қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтедi.
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 637 қаулысымен 173-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
173. Қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы металдар мен тастардан жасалатын зергерлiк бұйымдар сатылатын сауда қызметi объектiлерi дәлдiктiң тиiстi түрiндегі және сыныбындағы таразы құралдарымен жарақталады.
Қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлiк бұйымдарды сату кезiнде техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi органның уақытылы тексерiлгендiгi туралы куәлiгi бар таразылар мен салмақ басқыштар пайдаланылады.
Алтын мен платинаны өлшеу 0,01 г, күмiс 0,1 г дейiнгi дәлдiкпен жүргiзiледi. Қымбат бағалы тастар 0,01 карат, жартылай қымбат бағалылар 0,01 г дейiнгi, жасандылары 0,1 г дейiнгi дәлдiкпен өлшенедi.
Зергерлiк және алтын бұйымдар 0,01 г, күмiс бұйымдар 0,1 г дейiнгi дәлдiкпен өлшенедi.
Сатып алушының талабы бойынша оның көзiнше қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған жапсырмасыз сатып алынған салмағы 1 кг дейiнгi бұйымдарды өлшеу салмақты айқындаудың 0,01 г аспайтын дәлсiздiгi бар таразыларда және 1 кг-нан 10 кг-ға дейінгілер айқындаудың 0,1 г аспайтын дәлсіздiгі бар таразыларда жүргiзiледi.
174. Алтыннан жасалған бұйымдарды сатудың осы Ережеде көзделген тәртібі платина мен палладийден жасалған бұйымдарға толығымен қолданылады.
175. Қазақстан Республикасында өндiрiлген әрi оның аумағына әкелiнген зергерлік бұйымдарды, үстелдi жабдықтау, үй-жайды әсемдеу заттарын және қымбат бағалы металдардан (алтын, күміс, платина, палладий және олардың қорытпалары) жасалған басқа да бұйымдарды, қымбат бағалы тастары және iнжу бар бұйымдарды, сондай-ақ жартылай қымбат бағалы, жасанды және синтетикалық тастардан жасалған қосымшалары бар қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сату бұл бұйымдарда дайындаушылардың таңба-бедерлерi болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қырланған қымбат бағалы табиғи тастарды және iнжудi сату тек әрбiр тасқа немесе сатылатын тастардың жиынына сертификат болған жағдайда жүзеге асырылады.
176. Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ қырланған қымбат бағалы табиғи тастарды сату кезiнде жеке орама пайдаланылады.
177. Бұйымның маркалануының дұрыстығын, оның iшiнде салмағын тексеру мақсатында жапсырманы алу талап етiлетiн жағдайда, кейiннен дүкеннің жапсырма-көшiрмесiнде актiнiң нөмiрi көрсетiле отырып, акт жасалады. Дайындаушының жапсырмасы сақталады және бұйымға көшiрмемен бiрге iлiнедi.
§ 8. Аудио, аудиожазба өнiмдерiн және
электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға
арналған бағдарламаларды сатуға қойылатын талаптар
178. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының даналарын, фонограммаларды, электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды сату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар сақтала отырып, аталған өнiмдi сататын сатушылар мен туындылар құқығын иеленушiлердiң арасындағы келiсімнің негiзiнде жүргізіледі.
179. Сатушы аудиожазба туындыларына қатысты осы Ереженiң 13-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпаратты ұсынады:
1) фильмнiң, фильм түсiрiлген студияның атауы және оның шығарылған жылы;
2) негiзгi фильмдік графикалық деректер (жанры, аннотациясы, сценарий авторы, режиссерi, композиторы, басты рөлдi орындаушылар және т.б. туралы мәліметтер);
3) фильмнiң ұзақтығы (минутпен);
4) көрермендер аудиториясының жастық шектелiмi жөніндегі ұсынымдар;
5) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесі туралы мәлiметтер.
180. Сатушы фонограмма данасына қатысты осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) материалдық тасығышта жазылған әрбір музыкалық туындының атауы;
2) музыкалық туындының ұзақтығы (минутпен);
3) музыканың және музыкалық туынды сөзiнiң авторлары туралы мәлiметтер;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесi туралы мәлiметтер.
181. Сатушы электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаларға қатысты осы Ереженiң 13-тармағында көрсетілген мәлiметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаның атауы;
2) жүйелiк талаптар;
3) аннотация, жанр;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесi туралы мәлiметтер;
5) "қораптық нұсқаны", бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензияны сатып алу жолымен сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалану.
182. Эротикалық мазмұны бар тауарды тек арнайы дүкендерде сатуға рұқсат етіледі.
183. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының, фонограммалардың, электрондық есептеу машиналарына, деректер қорына арналған бағдарламалардың даналарын сатуға орамада және (немесе) жапсырмада шығыс деректерi: өнiм даналарын дайындаушының (импорттаушының) атауы мен орналасқан жері, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленуші туралы мәлiметтер болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
184. Көрермен аудиториясының жастық шектелімі бар өнім өнiмнiң орамасында көрсетiлген жасқа жеткен адамдарға ғана көрсетiледi және сатылады.
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 637 қаулысымен 184-1-тармақпен толықтырылды
184-1. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.
7. Осы Ереженiң сақталуын бақылау
185. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегінде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
186. Сауда қызметiнiң субъектiсi уәкiлеттi органдардың лауазымды адамдарына тексеру жүргiзуге жәрдем көрсетеді және жүргiзiлген тексеру барысында анықталған кемшiлiктер мен жолсыздықтарды жою шараларын қабылдайды.
187. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.
188. Сауда қызметiнiң субъектiлерi осы Ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапты болады.