Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 637 Қаулысы
(2015.23.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 208-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі сауда ережесінде:
46 және 173-тармақтардың екінші абзацтарындағы «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;
172-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;»;
мынадай мазмұндағы 184-1-тармақпен толықтырылсын:
«184-1. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |