17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының