473. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
51-тарау. Концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптаудан өткізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 474-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
474. Осымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау бойынша бюджеттік бағдарламаның қаражаттарын бөлу тәртібі анықталады.
Концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптаманы, концессиялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын конкурстық құжаттама сараптамасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер сараптамасын, концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның ішінде шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекет тапсырмасын алуға концессионердің ұсыныстарына сараптама, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы, мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы, республикалық бюджет қаражаттарының есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы, концессиялық жобаларды, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асырудың мониторингі мен бағалауды қаржыландыруды, бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама мен бағалауды қаржыландыру деп түсіну қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 475-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
3) сараптамаларды қаржыландыру сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 476-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 477-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 478-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
478. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 479-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
484. Өтемақы берілгені туралы шешім қабылдау белгіленген қаржылық шекаралар мен басымдықтарды ескере отырып орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 485-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
485. Концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша құқықтары мен міндеттемелерінің жиынтығы.
486. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
487. Атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 488-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өтемақы беруді көздейтін концессиялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны ұсынады.
Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өтемақы беруді көздейтін концессиялық жобаларды тиісті бюджеттік комиссияның отырысына енгізеді.
489. Өтемақының және қаралып жатқан концессиялық жобаны мемлекеттік қолдаудың қолданылатын басқа да түрлерінің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (құрылып жатқан) объектінің құнынан аспауы тиіс.
490. Өтемақы беру кезінде концессионер концессиялық жобаны іске асыруға ұсынылған құнына қатысты кемінде жиырма пайыз көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығарады.
491. Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемін, орналастыру талаптарын концессия шартында тараптардың келісімімен анықталады.
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
494. Өтемақыны төлеу концессия шартында белгіленген мерзімде және олар анықтаған көлемде жүргізіледі.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастырады.
497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
498. Өтінімдер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
499. Концессионердің өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі
510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің және нысаналы трансферттің келесі аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен Үкіметтің шотына түседі.
517. Шетелдiк валютадағы түсiмдер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарға ҚР ҰБ есептеледi.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейiн осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесiн сақтайды.
518. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негiзiнде есепке алу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердi есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық кiрiстердiң сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерiнiң құрамында көрсетiледi.
519. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 101-қосымшасына сәйкес ай сайын есептiден кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне ҚР Ұлттың қорына түсімдер және ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударымдар туралы есептi «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есептi» 2-26-нысан бойынша ұсынады.
520. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн өзге түсiмдер мен кiрiстердi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударады.
55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
521. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексiнде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған мақсаттарға берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджетке берілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы iшiнде тиiстi кезеңге арналған түсiмдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң төлемдері бойынша түсiмдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ай сайын бөлiнген Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң бекітілген көлемiн ҚР ҰБ қаперіне жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабар бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 522-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
522. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансфертте және нысаны трансфертте қажеттiлiк көлемiн ай сайын болжамдайды.
Алдағы айға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттегі республикалық бюджет қажеттiлiгiнiң көлемін болжамдау республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі болжамының ақпаратын ескере отырып анықт
523. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң ақша қажеттiлiгiнiң қажет көлемiн аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жiберiлетiн өтiнiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт бөлуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы өкiлеттiк берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен трансфертті бөлуге өтінім» 2-37 нысаны бойынша әрбiр айдың 25-күнiне бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды. ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өтiнiмi негiзiнде кепiлдiк берiлген трансферттiң өтiнiм жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша бақылау шотына аударады.
Өтiнiмдi орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегi қаражатын есепке алу үшiн Үкiмет шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердiң бөлiгiн қайта айырбастауды жүргiзедi.
524. Республикалық бюджеттiң болжамның негiзiнде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткiлiктi болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбiр айдың 25-i күнiне ҚР ҰБ-ға хат жiбередi, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң ақшасын аудару талап етiлмейтiндiгiн хабарлайды.
525. Келесi айларда тиiстi түзетумен белгiлi бiр айда кепiлдiк берiлген трансферттiң көлемiн түзетудi (азайтуды не арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлуi мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 526-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
526. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт сомасының есебiнен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалмаған шарттардың тiзбесiн; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы, өткен қаржы жылы iс-шараларды толық орындамау себептерiн көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және инвестициялық жобалар бөлiгiнде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебiнен iске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiгiнде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тiзбесiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 527-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
527. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органнан алынған ақпараттың негiзiнде бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген мiндеттемелерi бар республикалық бюджеттік даму бағдарламалардың тiзбесiн;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi түзету жолымен төленбеген мiндеттемелер бөлiгiнде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 528-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
528. Республикалық бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепілдендірілген тарнсферттер сомасы есебінен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысының тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарын тағайындаулар арасындағы жобасын әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
529. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 526-528-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 6-тарауында анықталған тәртiппен түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
530. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ҚР ҰБ-ның қаперіне жеткізеді.
531.Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған мақсаттарға берілетін нысаналы трансферттерді аударуды Қазақстан Республикасы Ұкіметінің теңгелік шотында ақшаның қорлануына қарай тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша жиынтық жоспарда бекітілгеннен артық емес көлемде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде ҚР ҰБ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер бөлуге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысы немесе оған уәкілетті адам қол қойған осы Ереженің 102-қосымшсына сәйкес 2-37 нысан бойынша бюджетті жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ жіберіледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган нысаналы трансферттер бөлуге арналған өтінімі негізінде ҚР ҰБ мәлімделген нысаналы трансферттер сомасын республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотына оны алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде аударады.
Үкіметтің шотында нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді орындауға қажет ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын теңгеде есептеу үшін