427. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңсыз қабылдаған актілеріне, сондай-ақ, өздерінің лауазымы адамдарының заңсыз іс-әрекеттеріне әкімшілік басқару саласында оларға өздерін ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
428. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғалары келтірген зиянды өтегеннен кейін, мұндай тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу бойынша шегеру тәртібімен заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
429. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервтерiнен қамтамасыз етiледi.
Соттардың шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар төлемдердi жүргiзедi, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдердi барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
430. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз қабылданған актілері үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
431. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасына заңнамада белгіленген тәртіпте сот актілері мен атқару құжаттарының көшiрмелерiн қоса берілуі тиіс.
432. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оны жабуға арналған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің резервi республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына, тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оларды кредиттеу үшін көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
433. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және бұрын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
4) бөлінетін кредит сомасы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органның берешегінің лимитінен аспауға әкеп соқтырмауы тиіс.
434. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
435. Облыс, республикалық маңызы бар қал, астан әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
436. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервi ағымдағы қаржы жылында аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты бередi.
437. Бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ облыс әкімінің осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдар берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
438. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
439. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылы ол болжамданған жағдайда жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын облыс әкімдігінің қарауына бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган енгiзедi.
440. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде беруi тиiс.
441. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
442. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алушы елдiң Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмектi алғаны туралы тиiстi ақпаратты бередi.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісті жергiлiктi атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
444. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының резервтерiнен бөлiнетiн ақшаның бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жауап бередi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдары резервтерiнiң бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 50-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
446. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін анықтайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, ТЭН әзірлеу немесе түзету шеңберінде ТЭН қажетті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - БИЖ) ТЭН сараптамаларын қаржыландыру және өткізу бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН қаржыландыруды және оны сараптаудан өткізуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген БИЖ тізбесінің негізінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ ТЭН-ге қажетті сараптама жүргізуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Егер жергілікті БИЖ-ды қаржыландыру жергілікті бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылады.
Егер БИЖ-ды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
Егер БИЖ-ды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген концессиялық жоба тізбесінің негізінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ ТЭН-ге қажетті сараптама жүргізуді, концессиялық жобаларды консультативті сүйемелдеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде бірлесіп қаржыландыру шартымен анықтау Бюджет кодексінің 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді беруді;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру Тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
448. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер береді.
449. БИЖ-дың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
450. БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыруға өтінім ТЭН әзірлеу жоспарланатын ағымдағы жылы қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағын;
2) БИЖ ТЭН әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу құнына негізделетін ақпарат;
3) БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуге техникалық тапсырма;
4) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптама.
451. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарайды және олар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне экономикалық қорытынды жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға инвестициялық ұсыныстарды және олар бойынша экономикалық оң қорытынды жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жобаларды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде инвестициялық ұсыныстарды қарайды және одан әрі жобаны қаржыландыру үшін экономикалық қорытындыны ескере отырып, тиісті бюджеттік комиссияның қарауына олар бойынша қорытынды енгізеді.
452. Бюджеттік комиссия іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ тізбесін қалыптастырады, ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
453. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
454. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган дайындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
454-1. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
456. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға өтінім мыналар коса беріле отырып, концессиялық ұсыныстарды қамтуы тиіс:
1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
2) концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
3) концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізу құнының есептемелері.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
458. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның концессиялық ұсыныстарының сараптамасын алған кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға жібереді.
459. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді және қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.
460. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылатын концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
461. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әр жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
462. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе, дайындығын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
463. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
464. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауын;
2) тәуелсіз сарапшыны іріктеу жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысын;
3) қызмет түрлері және олардың мәлімделген құнын.
Сондай-ақ өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтерді ұсыну жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
қызметтерді тарту мақсаты мен міндеті;
қызмет ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
қызмет ұсыну мерзімдері;
қызмет ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) қызметтерді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өтінімдер негізінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің әр түрі бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір концессиялық жоба бойынша қызметтерді қаржыландырудың түрлері мен көлемдері бойынша ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
466. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландырудың түрлері мен көлемдерін айқындайды.
467. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөзі үрдісінде консультациялық қызметтерді көрсетуді қамтитын тәуелсіз эксперттер көрсететін қызметтер.
468. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе дайындайды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
469. Егер тиісті бюджет комиссиясының Тізбені қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тізбе бекітілген айдан кейінгі екінші айдың 1 күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде, бөлінген бюджет бағдарламасы қаражатының қалған сомасына бюджеттік және концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН-ді әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыру мәселесін енгізеді.
Қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бөлінетін бюджеттік бағдарламалары қаражаттарының қалған сомасына Тізбеге толықтыруларды бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған қаулысының негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
472. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуге және түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуге, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптама өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жоба пысықтауға қайтарылған жағдайда өнім берушіге отыз күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтау туралы талапты қамтуы тиіс.