Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш иесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы негізінде жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі -уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру болып табылады.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы кепіл беруші мен кепіл ұстаушыға беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарын тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) жазбаша өтініші түскен сәттен бастап 7 (жеті) күн ішінде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін алым ставкасы - қолданыстағы алым төлеу күніндегі бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтар үй-жайларында стендтерде орнатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін тұтынушы (тұтынушының уәкілетті өкілі) мыналарды ұсынуға тиіс:
1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал тұлғаның өкілі - оның өкілеттіктерін растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты;
3) төленгендігі туралы банктің белгісімен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алғаны үшін алым енгізгені туралы құжатты.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп кітабында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етуді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жасалуын және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін:
- жоғалтқанның орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын әзірлеуді;
- орындалған құжаттар тізілімін қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірін және қабылдау күнін;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын;
құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуімен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес айқындалады.
Уәкілетті орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекен-жайы | Телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй | 23-32-58 | қабылдау бөлмесі 40-21-91 |
2 | «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй | 55-73-13 | қабылдау бөлмесі 55-73-07 |
3 | «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй | 27-33-93 | қабылдау бөлмесі 27-33-91 |
4 | «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй | 45-15-19 | қабылдау бөлмесі 45-15-34 |
5 | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй | 53-79-73 | қабылдау бөлмесі 53-79-99 |
6 | «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй | 50-91-96 | қабылдау бөлмесі 51-10-44 |
7 | «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй | 45-56-48 | қабылдау бөлмесі 45-58-22 |
8 | «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | 56-51-34 | қабылдау бөлмесі 56-56-63 |
9 | «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй | 50-62-87 | қабылдау бөлмесі 50-63-45 |
10 | «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй | 23-07-34 | қабылдау бөлмесі 23-03-84 |
11 | «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй | 50-45-26 | қабылдау бөлмесі 50-76-11 |
12 | «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй | 32-19-86 | қабылдау бөлмесі 32-03-24 |
13 | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй | 33-38-38 | қабылдау бөлмесі 33-96-30 |
14 | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 54-12-72 | қабылдау бөлмесі 53-50-53 |
15 | «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-58 | қабылдау бөлмесі 378-46-50 |
16 | «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй | 37-99-12 | қабылдау бөлмесі 37-65-58 |
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алу үшін кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |