Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 Қаулысы
(2011.27.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.27.04. № 448 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің
тізбесі
1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
6. «Электрондық үкімет» веб-порталы.
7. «Электрондық үкімет» шлюзі.
8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы.
10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы.
11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі.
13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі.
14. «КZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі.
15. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі.
16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі.
17. «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі.
18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі.
19. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі.
21. Мемлекеттік органдардын бірыңгай көлік ортасы.
22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы».
24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.